Мәжілісте маңызды мәселелер қаралды

image.png

Сауран ауданының  әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың төрағалығымен апталық мәжіліс өтті. Қаралған  мәселе байыпты. Жыл соңы жақындап келеді. Қаржыны тиімді игеру қажет. Бәсеңсуге болмайды. Әр басшыға өз саласына қырағылықпен қарауды тапсырамын деп бастады мәжілісті аудан басшысы. 

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, құрылымдық бөлім¬дер басшылары, ауыл әкімдері қатысты. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов игерілмеген қаржыны ортаға салды. Баяндамадағы цифрларды сөйлетсек. Сауран ауданы бойынша 2023 жылдың 18 қыркүйектегі жағдайға кірістер бойынша жоспар 106,3 пайызға орындалып, 109 806,0 мың теңге артық түскен. 2023 жылғы 18 қыркүйектегі жағдайға шығыстар бойынша бюджет қаржысы 91,2 пайызға игерілген. 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бюджет қаржысы 100 пайызға игеріледі деп күтілуде. 

Келесі баяндаманы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Самат Рысбеков жасады. Ауданға қарасты 12 ауылдық округтерде атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы баяндады. Сала бойынша атқарылып жатқан ілкімді тірлік бар. Кемшілік те жоқ емес. Кешеуілдеген нысандардың құрылысын жетелдетуді қажет етеді. 

"️Сауран-су" мекемесінің басшысы Мұхит Примбетов коммуналдық кәсіпорынның экономикалық жағдайына тоқталды. Сонымен қатар, кәсіпорынға берешек мекемелерде аталып өтілді. 20 тамыз айынан бастап, қолма қол төлем қабылданбайды. 

- Біздің алдымызда үлкен талаптар тұр. Ол үшін жұмыстың ең маңызды мәселелерін анықтап, жүйелі жұмысты көрсете білу қажет, – аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы мәжілісті осылай деп қорытындылады. 

Тірлігі тұралап тұрған бірқатар бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне аудан әкімі сөгіс берді. Жыл соңы таяп келеді. Тоқмейілсінуге болмайды. Тапсырмалар жүктеліп, мәселені дер кезінде шешуге пәрмен берді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер