Ауылға көңiл бөлу және оның жағдайын жақсарту – мемлекеттiк мәнi зор iс. Кез келген экономикалық реформаның түпкi мақсаты – халық¬тың әл-ауқатын арттыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа президенттік мерзіміндегі бірінші Жарлығы Қазақстан Республи¬ка¬сы¬ның ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы болды.
Президенттің тапсырмасына сай Сауран ауданындағы ауыл-аймақтың жағдайы жақсарып, экономикасы гүлденіп келеді.
Елдің әлеуметтік-тұрмыстық дамуы – биліктің басты назарында болуға тиіс. Бабайқорған ауылдық округінің әкімі Әбдімүтәліп Әбдрайымовтың баяндауынша, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспардағы бағдарламаға сай жүзеге асырылуда. Бұл мәселе аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың қатаң бақылауында тұр. Сауран ауданы әкімдігінің «Бабайқорған ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «2023-2025 жылдарға арналған ауыл округтердің бюджеттері туралы» Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №186 шешімін іске асыру мақсатында, Бабайқорған ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №70 шешімімен 2023 жылға 106 100 мың теңгемен нақтыланған.
Бабайқорған ауылдық округі бойынша 2022 жылы 12 айында мүлік және жер салығы 1060,2 мың теңгеге, көлік салығы 6603,2 мың теңгеге, бірыңғай жер салығы 99,3 мың теңгеге, жерді пайдаланғаны үшін төлем 108,1 мың теңгеге, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер 1728,8 мың теңгеге орындалған.
Бабайқорған ауыл округінің жалпы ауыл шаруашылық жері – 111707 гектар болса, ауыл шаруашылық жері 23306 гектарды құрайды. Оның ішінде суармалы жері 2504 гектарға жетеді. Диқандар ауыл маңындағы 171 гектарды бау-бақшаға айналдырған. Қазіргі таңда жайылымдық жердің көлемі 22282 гектарға жетеді. Мұның ішінде халықтың пайдаланып отырған аумағы да ауқымды. Биылғы жылы 2140 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егіліп, игерілді. 305 гектар жүгері, 380 гектар бақша, 485 гектар бидай себілді. 180 гектары жаздық бидай болса, 305 гектары күзде себілген. Қазіргі таңда 107 гектарға көкөніс егілсе, 813 гектарға мал азығы жоңышқа себілген. Диқандар ауыл маңындағы 50 гектарға картоп отырғызған. Осылайша, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 200 миллион теңгені құрады. Бабайқорғанда екі-үш қайтара өнім алу бағдарламасы бойынша, он жоба іске асырылды. Бабайқорған ауылдық округі бойынша 0,5 гектарға жылыжай тіркелген. Алдағы уақытта қарқынды бау шаруашылығын дамыту бойынша «Али нұр» шаруа қожалығы 20 гектарды игеріп отыр. «Айдос» шаруа қожалығы бойынша бес гектар жерге бау егілген. 2022 жылы 2130 гектар ауылшаруашылық жері толық игерілді. Көзделген барлық аумаққа егіс егіліп, жоспар 100 пайызға орындалған.
Ауылдық округі бойынша шағын және орта бизнес базалары көбейіп келеді. Қазіргі таңда сегіз жеке кәсіпкер тіркелген және 8 кәсіпкер жеке дүкендері арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Бабайқорған ауылдық округінде өткен жылы жүргізілген құрылыс жұмыстары көңілден шықты. Бабайқорған ауылдық округінде 7 көшеге «Энергия ВЕС» ЖШС арқылы 173120,0 теңгеге асфальт жол салынды. Тапсырыс беруші Кентау қалалық жол бөлімі.
Ауылдық округтегі 10 азық-түлік дүкендердің барлығы әйел азаматшалардың басқаруында. Ауылшаруашылық жұмыстарымен үш азаматша кәсібін ашып, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтып отыр.
Ауылдардың дамуына жағдай жасау — мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты облысымыздағы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту және ауылдардың инфрақұрылымын дамыту — басты міндетіміз.
Бабайқорған ауыл-дық округінің әкімі Әбдімүтәліп Әбдрайымов-тың баяндауынша, биылғы жылы Бабайқорған ауылдық округі Үлгілі елді мекеніндегі Б.Майлин көшесін орташа жөндеу жүргізілген. Құрылысты жүргізуге «Сарбаз-Қуат» компаниясы жеңімпаз атанып, 20 миллион 340,95 мың теңгенің келісім-шартымен құрылыс жұмыстарын жүргізген.
Қазыналы қарт Қаратаудың баурайындағы табиғаты әсем, жері көркем, суы мол, шөбі шүйгін Бабайқорғанның қазіргі жағдайы кісі қызығарлықтай, күннен күнге құлпыра түсуде. Бабайқорған ауылдық округі төрт елді-мекеннен құралған. Атап айтқанда Бабайқорған, Абай, Құмайлықас, Үлгілі елді мекендері. Бабайқорғанда 3421 адам, Абайда 1871, Құмайлықаста 826, Үлгіліде 802 адам тұрады. Барлығы 6920 адам осы төрт ауылда тіршілік етіп жатыр.