Оранғайда бәрі ойдағыдай

image.png

Ауыл — Қазақ елінің жүрегі. Қазақтың қасиетті құт мекені, қайнар көзі, алтын бесігі. Өркениетті ел болып, даму жолын қаладан тапқанымызбен, ауылдың алар орны ерекше. Ауылдардың дамуына жағдай жасау — мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. 

Иә, ауыл дегенде тынымсыз тіршілікпен айналысқан бейнеткеш жан көз алдыңа елестейді емес пе? Ауыл тұрғындарында құр алақан жату деген түсінік жоқ. Есебі мен ебін тауып кәсіп көкжиегін кеңейтуді қалайды. 

Сауран ауданы Оранғай ауылында игі бастамалар көбейіп, ауыл іші көркейіп,экономикасы өрлеп келеді. Әсіресе оранғайлықтардың тұрмысын жақсартып, ауыл экономикасын дамытуға үлес қосып, салықтық базаны нығайтуда өнеркәсіп саласы серпінді жетіліп келеді. Әзірге ауыл шаруашылығынан кейінгі екінші орында тұр. Жақында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы да тез аяққа тұрып кетпек.

Оранғай ауылдық округінің әкімі Сыздық Пирметовтің айтуынша, бүгінгі таңда ауылға тіркелген өнеркәсіп орындары онға жақындап қалды. Қазіргі кезде ауылдастарын жұмыспен қамтып, Оранғай ауылдық округі бойынша жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындары қатарында «Тас жол» ЖШС асфальт шығарады. «Майшай су» ЖШС қиыршық тас өндіреді. Бетон шығарады. «Кас-Ай»- ЖШС бетон және қиыршық тас өндіреді. «Фахри строй бетон» дайын бетон мен құрылысқа қажетті газоблок шығарады. «Досан Ата» дайын бетон өнімдерін шығарады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 16742,0 гектар болса, оның 1872,0 гектары суармалы жер. Жайылым жерлер – 13406,0 гектар. Бау бақшаға арналған 991,02 гектар жер толық игерілімде. Қазіргі таңда оранғайлықтар ауыл шаруашылығы жерлерін суландыруда тамшылатып, жаңбырлатып суғару технологиясына толық көшкен. Қарқынды бау шаруашылығымен айналысу мәселесі де жоғары деңгейде. Шаруалардың бірқатары бір маусымда екі-үш рет бау-бақша өнімін өндіруге машықтанып алған.

Мәселен, Шамырза Мажитов он гектар алқапта қарқынды бау өсіреді. Қазіргі таңда 22 мың 720 алма көшеттерін 15 миллион 904 мың теңгеге отырғызды. Гүлнара Жалилова болса он гектар жерге 22 мың 720 дана алма көшеттерін 15 миллин 904 мың теңгеге сатып алып еккен.

«Байкенже» шаруа қожалығының иесі Нұрлан Байкенжеев пен «Аруана» шаруа қожалығының төрағасы Әділхан Қасымбеков мал тұқымын асылдандыруды қолға алды. «Дилмурат» шаруа қожалығының төрағасы Сапидолла Асетов 30 бас асыл тұқымды қошқар сатып алып, шаруасын дөңгелетіп отыр. сондай-ақ ауылдық округ шаруалары жылыжай шаруашылығына да ден қойып, жұрттышылықты ерте бастан көкөніспен, кейбірі қысы-жазы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Атап айтсақ, Шакиржан Исаев, Мухамедамин Ахметов, Маргуба Сайтходжаева, Кемелбай Баймаганбетов, Рустам Дадашов, Абиддин Пахриддинов, Кендебай Баймагамбетов 0,97 гектарды игеріп шаруаларын шалқытып жатқан жайы бар. Гүлнара Жалилова мен Шамырза Мажитов он гектар алқаптан алып, тамшылатып суғару технологиясын қолдану арқылы аз шығынмен мол өнім алуда.

Оранғай ауылындағы «Яссы құс» шаруа қожалығы соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған құс шаруашылығын дамытуды қолға алған. Негізінен, тауық еті мен жұмыртқа өндіру көзделген. Бүгінгі таңда шаруа қожалығы өндірген жұмыртқа мен тауық еті жергілікті нарықта жоғары сұранысқа ие болып отыр. Шаруа қожалықта қазір 80 мыңға жуық тауық бағылады. «Ломан лс классик» тауығы мен «бройлер» балапандарын өсіруді қолға алған кәсіпорын заманауи құрылғылармен жабдықталған. Айта кетерлігі, тауықтардың күтімі айрықша. Жем-су ретінде күніне 4 рет отандық өнімдерден әзірленген құрамажемдер беріледі. Құстар жабық режимде ұсталады. Ал балапан кезінен бастап бас-аяғы 40 күн ішінде 3 келіге дейін ет беретін «бройлер» тауығының өнімі алдағы уақытта өңірге өзге елден экспортталатын тауық еттерінің орнын алмастырмақ. Қазірдің өзінде шаруашылық 18 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Ауылда жеке негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 900 миллион теңгеге жоспарланып, биылғы бес айда 400 миллион теңгесі орындалды. Оранғай ауылында Балмұздақ сақтау қоймасы іске қосылды. Жоспарланған инвестициясы 2,5 миллиард теңге болып отыр.

Осындай кәсіпорындар көбеюіне байланысты ауыл округінің салықтық түсімдері де еселеп артқан. Қазіргі кезде жергілікті бюджеттің салық төлеу базасын құрайтын барлық субьектілерді қайта түгендеу жұмыстары жүргізіліп, салық төлеуіне жататын салық базаларының есебі алынды. Бүгінгі таңда 34 нысан, 101 жеке кәсіпкер, 182 шаруа қожалықтары тіркелді.

Ауыл округі бойынша салық түрлері бойынша тапсырманың орындалуы ойдағыдай. Салықтың барлық түрлері бойынша жоспар 13,856 мың теңге, яғни 108 пайызға толық орындалды. Әсіресе, биылғы бес айда мүлік салығы 120 пайызға орындалса, көлік салығының 222 пайызға дейін артқандығы байқалады. Бұл халықтың тұрмысы жақсарып, көліктің көбейгендігін көрсетеді.

Биылғы жылы Оранғай ауылындағы Тастақ көшеcіне бір трансформатор орнатылған. Бостандық елді мекені Құсшы ата көшесіне Кентау электр желілері тарапынан бір дана трансформатор орнатылып, бағаналар ауыстырылған.

Оранғай ауылдық округінің әкімі Сыздық Пирметовтің баяндауынша, үш жақты келісімдегі тапсырмалардың нәтижесі бойынша биылғы жыл басынан бері қыруар істер атқарылған. Негізгі капиталға салынған жеке инвестиция көлемі артқан. БНК Агро Құрама жем өндіру кәсіпорнының өзі  137 миллион теңге инвестиция салған. Оған алты жаңа техника сатып алыныпты. Сегіз миллион теңгеге жылыжай салынды. Қарқынды бау шаруашылығына 10 миллион теңге жұмсалған. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялар 60 миллион теңгені құрап отыр. Оған бөлінген жер көлемі 101 гектарға барды. Жылыжай шаруашылықтарын дамыту мақсатында бес гектар жерді әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Тамшылатып суғару әдісін енгізу бойынша 20 гектар жер бөлінбек болса, әзірге орындалғаны 3,82 гектар болып отыр. Мұнда таяу болашақта қарқынды бау шаруашылығын дамытуға барынша ден қойылуда. Оны 120 гектарға дейін жеткізу көзделіп, жүзеге асыру мақсаты қолға алынуда. Әзірге кәсіпкер Сұлтанбай Нарметов 3,7 гектар жерді игеруде.

Қазақтың діні де, тілі де, ділі де – ауылда. Бүгінгідей қоғамның рухани жаңғыруы кезеңінде ауыл жаңа келбетке, ал оның рухани өмірі уақыт шындығы мен талаптарына сай келетін жаңа мазмұнға ие болуы тиіс. Ал бұл міндеттерге сәйкес біз ауылды дамытуды мемлекеттің басым бағыты ретінде қарап, мемлекетті дамыту үшін ауылды көркейтуіміз керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер