Ауыл-аймақтың инфрақұрылымы ретке келуде

image.png

Сауран ауданындағы Шорнақ елді мекені жыл сайын абаттанып, инфрақұрылымы жақсарып келеді.  Бұған дейін Шорнақ елді мекені мен Ескі Сауран елді мекені арасындағы автомобиль жолын жасаса, елі Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық магистралына шықпай-ақ тура жолмен тез қатынай алар еді. Қазіргі кезде Шорнақ пен Ескі Сауран арасындағы автокөлік жолын жасаудың жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр екен. Ол жасалғаннан кейін мемлекеттік сараптамалық тексеруден өткізіліп, қаржыландырылатын болады.

Жібек жолы ауылдық округінің құрамына кіретін Сауран ауылы мен Ескі Сауран елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде. Ауылдарды табиғи газбен қамту мәселесі бойынша, қазіргі таңда бірқатар ауылдардың жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Оранғай, Жүйнек, Қарашық, Шорнақ, Иассы ауылдық округтеріне 20 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлдіру жұмыстары жүргізілуде. Жібек жолы ауылдық округіне қарасты елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етуге 2024-2025 жылдары жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленетін болады.

Ескі Сауран елді мекеніндегі Т.Ерімбетов көшесін орташа жөндеу  жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 39 376,0 мың теңге тұрады. Сауран елді мекені А.Оразбаев көшесіне жарық шамдарын орнатылуда.  Жоба құны – 19 978,0 мың теңге. Бұл жобалардың барлығы кезең-кезеңімен орындалатын болады.

Ал Ескі Иқан ауылында  Кеңес Одағы кезінде 428 миллион теңге бөлініп, бес жүз метрдей тереңдіктен тұщы су шығарылып, бес алты жылдан кейін кермектеніп кеткен. Қазіргі кезде ауылдағы 160 отбасының жиырмасы ғана амалсыздан осы су кешенінің кермек суын талғажау етіп отыр. 140 үй кермек судан бас тартып, өздеріне құдық қазып алған. Осы мәселені шешу үшін аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев мектептегі су мұнарасы мен ауыл шеткіндегі жер астынан шығып жатқан таза суды ауыл тұрғындарына тез арада жеткізуді Жібек Жолы ауылдық округінің әкіміне тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер