Иассыда 194 үй ауыз сумен қамтылады

image.png

Бүгінде сапалы ауыз су мәселесі әлемдік күрделі проблемалардың біріне айналып отыр. Ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігінде кеңінен көсіліп жатқан қазақ  жері де сапалы су көздеріне зәру. Бүгінде Қа¬зақстан ТМД мемлекеттерінің ішіндегі су қоры үлесі жағынан соңғы орынды иеленеді. Солай бола тұрса да, тәуелсіздік алған кезеңнен бері елімізде тұрғын¬дарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылып, шынайы халықтық мақсаттар қолға алынуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытудың Ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы ретте Сауран ауданында ауыз су проблемасына баса назар аударылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Айталық Иассы ауылдық  округінің тұрғындары биыл ауыз суға жаритын болды.  Жақында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев аталмыш ауыл  тұрғындарымен кездесткен болатын. Кездесу барысында ауылға жаңадан қоныстанған 194 үй ауыз сумен қамтылатындығы мәлім болды. Ол үшін Иассы ауыл округі Еңбекші Дихан елді мекенімен меморандум арқылы «Авангард-Ок» ЖШС-гі жобалау сметалық құжаттамасын әзірленген.

Кездесуде тұрғындар тарапынан ауыл көшелеріне бейне бақылау камералары қойылса деген өтініш айтылды. Сонымен қатар, жайылымдық жерді ұлғайтуды сұрады. Қазіргі таңда 7 тұлғаның 1022 гектар жерін ортақ жайылымға қайтаруға, ортақ жайылымды кеңейтуге мемлекет мұқтаждығына қаулы қабылданып жұмыстар жүргізіліп жатқанын сала мамандары хабарлады.

- Осы ауылдағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық біледі. Ауылды көркейту үшін жасалынатын жұмыстар тоқтамайды. Президентіміз Қ.Тоқаев та ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуды тапсырып отыр. Біз ол тапсырманы орындауға міндеттіміз. Әрине, тек заң шеңберінде. Ауызбіршілік болған кезде ғана тірлік алға басады. Билік пен бұқара халық арасындағы байланыстың ашықтықтығын нығайту мақсатында мен әр үш ай сайын сіздермен кездесіп, мұң-мұқтаждықтарыңызды тыңдауға дайынмын,- деді аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев.

Осы және өзге де мәселелер бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстар басшылық тарапынан назарға алынды. Тұрғындардың мәселелерінің ешбірі аяқсыз қалмайды. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Кездесуден кейін Ғалымжан Қарабайұлы округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Тұрғындардың мұң мұқтаждығын тыңдаған аудан басшысы тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер