«Sauran plast» полиэтилен құбырын шығарады

image.png

Таяуда Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Рүстем Ибадуллаев басшылық жасайтын полиэтилен құбыр шығаратын цехты аралады.Түркістан облысы әкімінің тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өӊдеу мәселесін шешу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында  Шорнақ ауылдық округінде «Sauran plast» өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан шикізат шығаруды қолға алынған. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін арнайы 3 гектар жер бөлінген болатын. 

Өндіріс орнының басшысы Рүстем Ибадуллаев аудан аумағындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, өңдеп, осы шикізаттан пластикалық құбыр шығарады.  Өндірістің жоба құны 675,0 миллион теңгені құрайды. 

Аудан әкімдігі тарапынан барлық ауылдық округ әкімдеріне ауылдарда жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды осында өткізуге тапсырма берілген.  Кәсіпорын қазіргі таңда алты адамды жұмыспен қамтыған. Өндіріс орны 10-160 диаметр аралығындағы полиэтилен құбырын шығарады. Жылдық қуаттылығы 5522,9 м3 құрайды. 

Сонымен қатар, аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы Кендебай Баймағанбетов басқаратын «Кендебай» шаруа қожалығындағы жылыжайдың жұмысымен танысты. 2017 жылы басталған шаруа қожалығы жер көлемін ұлғайтып, 1,2 гектарға жеткізген. Бүгінде жылыжайда баклажан, болгар бұрышы, қызанақ самсап тұр. Саудалануға дайын. Жұмысын диқаншылықпен бастаған шаруа қожалығының төрағасы Кендебай Баймағанбетовтың айтуынша жылыжай – берекелі табыс көзі екенін, оған ерінбей қарап, баптаса мол өнім алатынын жеткізді. Қайыры мен еңбегі мол диқаншылықпен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер