Қоқыс полигондарының жағдайы талқыланды

image.png

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың төрағалығымен апталық мәжіліс өтті. Үш мәселе қаралған мәжілісте аудандағы қоқыс полигондары қызу талқыға түсті. ТҮКШ бөлімінің басшысы Самат Рысбековтың баяндауынша ауданға қарасты қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 10 полигон бар. Олар ауыл округ әкімдіктерінің теңгерімінде. Қазіргі таңда, барлық полигондардың рұқсаттама мерзімдерінің өтуіне байланысты, ағымдағы жылы бюджет есебінен қаржы қаралып құжаттарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Бабайқорған, Жүйнек, Майдантал, Жібек жолы, Жаңа Иқан,  Шаға ауыл округтеріндегі полигонға ағымдағы жылы қоршау мен қарауылханасының құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Қоқыс полигондарының жай жапсарын баяндаған соң бөлім басшысы бірнеше яғни, жаңадан анықталған полигон орындарына мемлекеттік акт алып заңдастыру, полигон аумағына дейінгі бей берекетсіз жатқан қоқыстарды полигон аумағына тасымалдау және тазалау жұмыстарын жүргізуді сынды ұсыныстарын ортаға салды. 

Сонымен қатар, әрбір ауылдық округ әкімдіктері қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға, сұрыптауға бекітілген тариф бойынша мердігер мекемелерді анықтап, 10 қазанға дейін келісім шарт түзу қажетігін ескертті. 

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов 9 айдың қорытындысы бойынша индикаторлардың күтілімді орындалуы туралы баяндады. 2021-2025 жылдарға арналған индикаторлардың декомпозициясы бойынша жалпы 56 индикатор жоспарланған болса, ағымдағы жылы 10 сала бойынша 54 индикаторға қол жеткізу жоспарға қойылған. Ағымдағы жылы іске асыру жоспарланған 54 индикаторлардың бүгінгі таңға 4-і (7,5 пайыз) толық орындалып, 47-і (87 пайыз) орындалу үстінде. Баяндаманы мұқият тыңдаған аудан басшысы орындалмау қаупі бар индекаторларды қатаң қадағалауға алатынын айтты. 

Сонымен қатар, Ильяс Мырзахметов аудан аумағында орналасқан су құдықтары туралы да баяндады. Ауыл округтерінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, қазіргі таңда аудан аумағында (11 ауыл округінде) 486 су құдықтары бар, оның ішінде 48 су құдығы иесіз. Жаңа Иқан ауыл округінде 39 дана, Жібек жолы ауыл округі теңгерімінде 113 тік дренажды, Бабайқорған ауыл округінде 3, Қарашық ауыл округінде жалпы 60, Иассы ауыл округінде жалпы 29,  Жүйнек ауыл округінде жалпы 37, Шаға ауыл округінде жалпы 22, Майдантал ауыл округінде жалпы 7, Оранғай ауыл округінде жалпы 9, Шорнақ ауыл округінде жалпы 74, Ескі Иқан ауыл округінде 93 дана су құдықтары бар. Осы ретте аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы иесіз деп танылған су ұңғымалары мен құдықтарды мемлекет меншігіне алу бойынша жұмыстарды жүйелендіру қажеттігін баса айтты. 

Апталық мәжіліс бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырма берумен қорытындыланды.

 -Жыл аяқталып келеді. Осы жылды табысты аяқтау үшін жұмысты ширату қажет. Жұмыстың санынан сапасы маңызды,-деді аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер