Мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті

image.png

Бірлескен отырыста бір мәселе қаралды. Депутаттар Сауран ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебін тыңдады. Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров баяндады. 

2023 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 8 миллиард  999,0 миллион теңгені құрады, оның ішінде жергілікті кірістер жоспары 2 миллиард  390,4 миллион теңге көлемінде бекітілген. Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер ағымдағы  жылдың 8 айының қорытындысымен 1 миллиард  777,9 миллион  теңгені құрап, жоспар 116,5 пайызға немесе 251,3 миллион  теңгеге артығымен орындалды. Бюджеттің шығыстар бөлігінде есепті кезеңге жоспарланған 5 миллиард 805,3 миллион теңге 99,5 пайызға игерілген. Ал жалпы өңірлік өнім 2023 жылдың 7 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 30,7 миллиард  теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,5 пайызға артқан. 

Мұнан өзге ауылшаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс жұмыстарында да өткен жылмен салыстырғанда өнімді тірлік бар. Ауданға тартылған инвестиция көлемі де қомақты. Соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өскен. 7 айда инвестиция көлемі 15,7 миллиард  теңгені құраған. 2023 жылдың қаңтар-шілде айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 млрд. 491,1 миллион теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,3 пайызды құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 3 млрд. 651,6 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,0 пайызға жеткен. Биылғы жылы 7 айдың қорытындысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы арқылы, кәсіпкерлік субъектілерін 800,0 миллион  теңгеге жуық жеңілдетілген 6 пайыздық несиемен 11 жоба қаржыландырылды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2021 жылғы 2 073-тен бүгінгі таңға 6 901-ге жетті немесе 4 828-ге өсті. Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5пайызға артқан. Сонымен қатар, әлеуметтік, коммуналдық салаларда да өсім бар. 

Баяндамадан кейін депутаттар өз тараптарынан сұрақтарын қойып, тиісінше жауаптарын алды. Атқарылуы кешеуілдеген жұмыстар да қызу талқыға салынды. Ертең аудандық мәслихаттың кезекті VII сессиясы өтеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер