Сауран аграрлы аудан. Жері құнарлы, диқандары еңбекқор. Жер ананы емген диқандар үшін биылғы жыл несібесіз емес. Саурандық еңбекқор диқандар да бұйырған өнімін жинап, шығынын өтеп отыр. Аудандағы ауылшаруашылық саласында ілкімді тірлік бар. Ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаевтың берген мәліметіне сүйенсек, ауданға биыл осы саланың негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 11 млрд. 332 млн. теңгеге тапсырма беріліп, 8 айдың қорытындысымен 3 миллиард 973 миллион теңгеге орындалды. Жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артып отыр. Ағымдағы жылы 44 080 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 2057 гектарға артығымен орындалды.
44 080 га жердің 11 666 гектарына шаруалар мақта еккен. Соның бірі "Дінмұхамед" шаруа қожалығы. Астана мен Алматыдан келген блогерлер мақта алқабымен танысты. Шаруақожалық 418 га жерге мақта еккен. Санаулы күндерде мақтаның алғашқы терімі басталады. Шаруақожалық төрағасы Ділмұрат Қорғанбаевтың айтуынша гектарына 35-40 центнерден өнім аламыз деп отыр. Биыл мақтаның жағдайы орташа. Өнім көл көсір болмаса да диқанның маңдай терін ақтайды.
Биыл аудан бойынша 12 га жерге жылыжай өсіру жоспарланған. Жоспар 100 пайыз орындалған. Жылыжай өсіріп, табысқа кенеліп отырғандардың бірі "Мұрат" шаруа қожалығы. Үй іргелік жердегі жылыжайға қияр, қызанақ, тәтті болгар бұрышын еккен. Шаруақожалық Мұрат Сәрсенбанвтың айтуынша жылыжайдан гектарына 100 тонна, ал ашық топыраққа егілген капустадан 80 тонна, қызанақ пен тәтті бұрыштан гектарвна 40-50 тонна өнім алған. Агроблогерлер жылыжайдағы әрбір өніммен мұқият танысып, шаруашылық егесіне сұрақтарын қойып, сұқбаттасты.
Бүгін аудан орталығы Шорнақ ауылында ауыл шаруашылық өнімдерінен Агро фестиваль өтті. Оған ауданға қарасты 12 ауыл округтің шаруалары 60 тонна өнім әкелді. Ауыл тұрғындары өнімдерді арзан бағада сатып алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деген болатын. Бұл көптің көкейінде жүрген ой еді. Сондықтан жұртшылық та жылы қабылдады. Президент ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қойып, осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Шыны керек, бұл бастамадан күтеріміз көп және оған бәріміз атсалысуға тиіспіз.
Президент сондай-ақ Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Бұл шындық. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін ең алдымен оның дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді анықтауға тиіспіз. Оларды біртіндеп шешуді қолға алсақ, алға қойған мақсаттар да өздігінен орындала бастайды. Яғни ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі төмендейді.
Жер-Ананы қадірлеп, анамыздай аялап, қадіріне жете білуіміз керек. Өміріміздің мәні де, сәні де жерге тікелей байланыс¬ты. Сондықтан ұлтарақтай жердің өзіне дұрыс қарап, оны керекті қоректік заттармен қамтамасыз етіп, өңдеп, тиісті агротехникалық жұмыстарды өз дең¬гейінде атқарып, жер беретін өнімді барынша алуға қол жеткізуіміз керек. Жоғарыда айтқанымыздай, ол үшін жылдың басында жоспар құрып, соны негізгі бағдар етіп ұстау керек. Ал жылдың соңында аудан, ауыл басшылары жоспарланған жұмыстың қаншалықты сапалы я сапасыз аяқталғаны туралы есеп беруге міндетті. Баға да жерлердің түгел игеріліп, алған өнімінің санына, са¬пасына қарай анықталуға тиіс. Жергілікті билікке берілетін жылдық баға Жер-Ананы қалай пайдаланғанына тіке¬лей байланысты болса, міне, сол әділ әрі орынды болар еді. Мұндай қадам жергі¬лікті биліктің жауапкершілігін арттырар еді және өнімнің қажетті көлемде дайындалуына тікелей септігін тигізері анық.
Мемлекет басшысы «ауылды қайта жаң¬ғыртып, ауыл шаруашылығын дамы¬туға көңіл бөлуіміз керек» деп, Үкіметтің алдына нақты міндет қойды. Келешегі кемел, көңілге қонымды, қайтарымы зор, халықтың қарнын тойғызып, киімін бүтіндейтін, хал-ахуалын жақсартып, жақсылыққа жетелеп, тұрмысын түзетуге апаратын сара жол да осы негізі. Ауылда бес-он үй қалса да, сол елді мекеннің жағдайын жасап, халықты ауылға шақыра беруіміз керек. Қажетті инфрақұрылымдарды жедел тартып, халықтың мұқтажын мұқият зерттеп, зерделеп шұғыл түрде шешу – кезек күттірмейтін мәселе. Әрі-беріден кейін бұл біздің азаматтық парызымыз һәм қарызымыз екенін түсінуге тиіспіз.Түйіндей келе айтарымыз, қазақтың кіндігі ауылға байланған. Ендеше ауылға оралу, тамырдан ажырамау – елдік парызымыз!