Тазалық табалдырықтан басталады

image.png

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік жұмыстары барысында көшелердегі күл-қоқыстар тазартылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді. 

Аудан әкімдігі тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек сенбілікке 284 адам, оның ішінде 97 мемлекеттік қызметкер қатысты. Екі техниканың көмегімен 2,3 тонна қоқыс шығарылды. 

Тазалық жұмыстарына тұрғындар мен жастар да белсенділік танытты. Ауданның тазалығы әрбір ауыл тұрғындарының жауапкершілігіне байланысты. Тазалық - табалдырықтан басталады» - деген ұлағатты сөзін жадымыздан шығармайық. Туған жерді аялап, айналамыздың тазалығын сақтай білу де мәдениеттілік. 

Алдағы уақытта да санитарлық тазалық жұмыстары жалғасын табатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жаңа пәтерлер пайдалануға беріледі
  • Сарыағаш индустриалдық аймағы: Шикізаттан дайын өнімге дейін
  • Түркістанда гүл өсіру өнеркәсіптік деңгейге көтерілмек
  • Түркістан облысында жаңа өндірістік жобалар қолға алынуда
  • Ауыз су: Ендігі міндет қызмет сапасын көтеру
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер