Ауыл көшелері жап-жарық

image.png

Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру үшін Үкімет Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен болатын. Тұжырымдама ауылдық аумақтардың географиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін аша түсуге бағытталған. Оның аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған. Негізгі мақсаттардың бірі – ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту. Атап айтқанда, жаңа мектептер мен медициналық нысандар салынып, сумен және электрмен үздіксіз жабдықталады, кең жолақты интернет және ғарыштық байланысы тартылады, ауыл жолдарының сапасы жақсарып, кітапхана, клуб, музей және кинотеатр, спорт ғимараттары сияқты мәдени нысандар салынады, халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады.

 Президенттің тапсырмасына сай Түркістан облысы Сауран ауданында бірқатар ілкімді істер атқарылуда. Әсіресе ауылдардың инфрақұрылымына баса мән берілуде. Айталық бүгінде тұрмыс тіршіліктің ажырамас бөлігіне айналған электр энергиясымен ауданды қамтамасыз ету бағытында түнгі жарық шамдар орнатылуда. Атап өтетін болсақ, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдық елді мекенінде орналасқан С.Шәкіров көшесінінде жарықтандыруды жұмыстары бастау алды. Ауыл округтің түнгі көрінісіне әр беріп, тұрғындарының талап-тілегін орындауға атсалысып жатқан «Жайлау-Агро» ЖШС мердігерлігімен жүзеге асуда.

Ал Майдантал ауылдық округінің орталығы, Ынталы елді мекенінде Қонаев және Рысқұлов көшелеріндегі майысқан жарық шардарды ретке келтіру үшін Майдантал ауылдық әкімдігі аппаратының қызметкерлері С.Нұрбеков және ақылы қоғам қызметкерлерімен бірлесе отырып жұмыс жасап, майысқан шамды қайта қалпына келтірді. Қонаев көшесімен Рысқұлов көшесінің тұрғындары қайта тұрғызылған жарық шамына және Майдантал ауылдық әкімшілік аппаратының қызметкерлеріне дән ризашылығын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер