Жарамсыз су құбырлары ауыстырылды

image.png

Су – тіршілік көзі. Қоғамдағы барлық тіршілік салалары үшін су ресурстарының маңыздылығын айтып жатудың өзі артық.  Сондықтан республика халқын сумен қамтамасыз ету, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау өмірлік маңызы бар мәселе екені бәрімізге белгілі. 

Еліміздің барлық елді мекенінде таза су қолжетімді болуға тиіс – бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Ел Президенті Қ.Тоқаев 5 жылдың ішінде қалалар мен ауылдарды 100 пайыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Халықты таза ауыз сумен қамтуға бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы Сауран ауданында да жіті бақылауда. 

Жақында Майдантал ауылдық округі орталығы, Ынталы елді мекенінің жоғарғы жақ бөлігіне халыққа ауыз су тартылу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда мердігер арнайы техникаларымен келіп, тиісті су құбырларын тарту жұмыстарын жасауда.

Сондай-ақ, Оранғай ауылдық округінде ауыз-су құбырларының жарамсыз болып қалған бөліктерін ауыстыру жұмыстары жасалды. Жұмыс барысында 100 метрге жуық жарамсыз болып қалған жерлерін арнайы жасақталған техниканың көмегімен "Сауран су" және "Сауран қызмет" КММ-сінің қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы су құбырларын жаңғырту бойынша 4-5 күннен астам жұмыстар атқарды. 

Әрине, су – бар берекенің бастауы. Бұл тұрғындар үшін жағымды жаңалық. Табиғи таза ауыз судың адам денсаулығына пайдасын айтпасақ та түсінерсіздер. Мал бағып, бақша ұстайтын ауыл адамы үшін бәрі ойдағыдай жүзеге асып жатса, бұдан асқан жақсы жаңалық болмас.

Айта кетсек, жоғарыда аталған жұмыстар аудандағы инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі ғана. Аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылымды жақсарту бұдан ары жалғасын таппақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер