Сауран ауданы Жаңа Иқан , Ескі Иқан , Шаға және Үшқайық ауылдық округтерінде “Ауыл аманаты" бағдарламасының VI бағыты тұрғындардың өз кәсібін ашу бағытын жұмысшы тобымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы Д.Абдраманов Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы С.Шакиров, ауыл әкімі және ауыл тұрғындары қатысты.
VI бағыты бойынша кәсіп ашуға ниет білдірген тұрғындарға 2,5 пайызбен 5 жылға 1 жылдық демалысымен 8 625 000 теңге қаржылай несие берілетіндігін, азаматтар тауар өндіру, өңдеу және қайта өңдеуге бағытталған кәсіпорын ашу және дамыту, қызмет көрсету саласында жеке кәсібін дамыту бағыттарын таңдай алатындығы айтылды.
Сонымен қатар тұрғындардың барлық сұрақтары қанағаттандырылып, іске асыру схемалары, шарттары, негізгі басымдықтары, керек құжаттарды жинақтау, өткізу тәртібі туралы тұрғындарға кең көлемде ақпараттар берілді.
Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтердегі кәсіпкерлермен өткен бұл кездесу атқарушы билік пен бизнес арасындағы есеп беру түрінде емес, қаржылай қолдау алу процесі егжей-тегжейлі талқыланған, жүйелі проблемалық мәселелер ортаға салынған кездесу түрінде өткенін атап өткен жөн.