Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздегі автожолдың сапасына баса тоқталған еді. Аталған Жолдауда Мемлекет басшысы: «Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр.
Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек»,– деп нақты атап көрсеткен болатын.
Қазіргі таңда Сауран ауданы бойынша аудандық маңызы бар – 119,3 шақырым автомобиль жолы бар. Оның 68 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал, ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы – 625 шақырым. Оның ішінде жақсы және қанағаттанарлығы – 403 шақырым.
Таяуда Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Югдорстрой» ЖШС-і тарапынан Сауран ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-56 “Жамбыл облысының шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай-Р-31” автомобиль жолының 109-113,7 114,170-124,1 шақырым аралығына 2022-2023 жылдары орташа жөндеу жұмыстары іске асырылды.
Нысандағы жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК-ң Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан тұрақты бақылауында болды.
Бүгінгі таңда, нысандағы жұмыстар бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес толығымен атқарылып, қыркүйек айының соңында қабылдау актісімен пайдалануға берілді.
Айта кетейік, ауданда жол мәселесі ойдағыдай орындалып келеді. Жақында ғана Құсшы ата елді мекенінде кіреберіс автомобиль жолы күрделі жөндеуден өткен болатын. Ал «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Мәшһүр Жүсіп елді мекенінде орналасқан Достық-2 көшесінде 1150 метр жол, Достық-4 көшесіне 850 метр аяқ жол мен автожол салынып ел игілігіне берілген болатын.
Жалпы ауданда аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы тас және топырақ жолдар.
Елді мекендердің ішкі көшелері 731,1 шақырым. Оның ішінде: 308,3 шақырымы асфальтталған, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2022 жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге (Шорнақ) орташа жөндеу жұмыстары, жарықтандыру жүргізілген болатын. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 11,2 шақырым жол жөнделмек.
Айта кетейік, өткен жылға Сауран ауданында 36 шақырымды құрайтын автожолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ол үшін қазына қаржысынан – 2198,252 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде орташа жөндеу жұмыстары бойынша аудан орталығы Шорнақ елді-мекенінің 6 шақырымдық орталық көшесі Т.Сүлейменов және Шаяхметова көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сметалық құны – 888 607920 теңге. Алдағы уақытта орындалатын орташа жөндеу жұмыстары Шорнақ елді-мекенінде жаңа салынып жатқан мектепке апарар жолды орташа жөндеу жұмысы ұзындығы - 0,84 шақырым сметалық құны – 35,0 миллион теңге, Оранғайда спорт мектебіне апаратын жолды орташа жөндеу ұзындығы - 0,75 шақырым сметалық құны – 33,0 миллион теңге, Жүйнек елді-мекеніндегі Түркістан көшесіне аяқжол салу 1,9 шақырым, сметалық құны – 12,144 миллион теңге, Ескі Иқан ауыл округіндегі Шарап ата көшесін орташа жөндеу 1,0 шақырым, сметалық құны – 29,879 миллион теңге, Майдантал елді-мекенінен Егізқара ауылына апарар жолды ағымдағы жөндеу 10 шақырым, сметалық құны – 41,0 миллион теңге,
Серт елді-мекеніндегі Рахимов көшесін орташа жөндеу ұзындығы 5,3 шақырым, сметалық құны – 31,985 миллион теңге, Теке елді-мекеніндегі Абай көшесін орташа жөндеу ұзындығы 1,3 шақырым, сметалық құны – 21,656 миллион теңге, Жібек Жолы ауыл округіндегі Сауранбаев көшесін орташа жөндеу ұзындығы 1,0 шақырым, сметалық құны – 30,0 миллион теңге. Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша Құсшыата елді-мекенінен Әуежолға дейінгі жолды күрделі жөндеу жұмыстары 7,5 шақырым, сметалық құны - 1074979835 теңге.
Ауданға қарасты облыстық маңызы бар автожолдарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тарапынан 58 шақырымды құрайтын 3- нысанға 1538,449 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, «Самара-Шымкент» автожолынан Ынталы ауыл округі автожолын (КХ-95) 20 шақырым жолы (сметалық құны – 407,553 миллион теңге), «Самара-Шымкент» автожолынан Жүйнек автожолын (КХ-115) 13 шақырымы (сметалық құны – 299,246 миллион теңге) және Бірлік-Қарашық (КХ59) автожолының 25 шақырым (сметалық құны – 831,650 миллион теңге) жолдары орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қосымша КХ-58 Үшқайық-Шорнақ-Бабайқорған автожолының Шорнақ ауыл округінің ішінен өтетін 6 шақырым жолына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.