Бүгін “AMANAT” партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Ораңғай ауылдық округінде салынып жатқан 150 орындық мектеп құрылысына, мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг жұмыстарына аудандық партия филиалының төрағасы Асылбеков Сағынбек және Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Абдурашид Жүсіпов қатысты.
Халық қалаулылары партиялық бақылау жұмыстары барысында құрылыс нысанын аралап, онда қазіргі таңда жасалып жатқан жұмыстармен жіті танысты. Танысу барысында мектеп құрылысы қарқынды атқарылып жатқандығы анықталды. Құрылыс жұмыстарына жергілікті жердің тұрғындары тартылған екен. Су жүйесі, кәріз жүйесі толық тартылған . Әр этажда өзінің бөлек әжетханасы, спорт залында заманауи жуынатын бөлмелермен қамтылғандығы анықталды. Құрылыс жауапты мамандарға құрылыс материалдарының, жұмыстарының сапасына ерекше көңіл бөліп, құрылыс жұмыстарын мерзімінде тапсыру керектігі айтылды.