Түркістан облысындағы ең жас аудан Сауранның бүгінгі жетістіктері қандай? Бұл сұраққа аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев жауап берді. Аудан басшысы 2023 жылдың 8 айының қорытындысы және жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстары туралы баяндады.
Әуелі бюджет жайлы. 2023 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 8 миллиард 999,0 миллион теңгені құрағанынан хабардармыз. Оның ішінде жергілікті кірістер жоспары 2 миллиард 390,4 миллион теңге көлемінде бекітілді. Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер 2023 жылдың 9 айының қорытындысымен 1 миллиард 777,9 миллион теңгені құрап, жоспар 116,5%-ға немесе 251,3 миллион теңгеге артығымен орындалыпты. Бюджеттің шығыстар бөлігінде есепті кезеңге (9 айға) жоспарланған 5 млрд. 805,3 млн. теңге 99,5 пайызға игерілген.
Ал жалпы өңірлік өнім бойынша 2023 жылдың 7 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 30,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,5%-ға артқан (2021 жылдың 8 айында — 27,5 млрд. теңге). Оның ішінде салалар бойынша атап өтсек:
Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 22,9 млрд. теңгені құрап отыр (2021 жылдың 8 айында — 21,0 млрд. теңге), нақты көлем индексі — 99,3%.
Өнеркәсіп саласында кәсіпорындар 5,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 млрд. теңгеге артты (2021 жылдың 8 айында — 4,4 млрд. теңге). Нақты көлем индексі — 107,3%.
Құрылыс жұмыстары 1,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,5%-ға артқан (2021 жылдың 8 айында — 1,5 миллиард теңге).
Өткізілген тауарлар көлемі 737,1 миллион теңгені құрады, өсім — 103,1%. (2021 жылдың 8 айында — 570,0 млн. теңге).
Сауран ауданы ауыл шаруашылығына басымдық беретін аудан саналады. Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137 гектар егістік жер игерілсе, ағымдағы жылға 42 200 гектар егістік жерді игеру тапсырмасы берілген екен. Бүгінгі күнге нақты 43 530,8 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 1 393,4 гектарға артығымен орындалды немесе 103,1 пайызды құрады.
Есепті кезеңде аудандағы мал саны 751,1 мың бас, құс саны 160,0 мың басты құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызға артты.
2022 жылы Сауран ауданына ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 6 миллиард 300 миллион теңге тапсырма берілсе, жыл қорытындысымен 7 миллиард 141 миллион теңге инвестиция тартылып, 113,4 пайызға орындалды. Ал, 2023 жылға 11 миллиард 332 миллион теңге тапсырма беріліп, 7 айдың қорытындысымен 3 млрд. 960 миллион теңгеге орындалды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артып отыр.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта ірі шаруалар бойынша жалпы құны 4 миллиард 468 миллион теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда:
— Үшқайық ауылдық округінде «Иманқұл ата» шаруа қожалығының балық шаруашылығын дамыту жобасы, жалпы инвестиция құны — 608,0 миллион теңге;
— Оранғай ауылдық округінде «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы, жалпы инвестиция құны — 2,56 миллиард теңге;
— Ескі Иқан ауылдық округінде «AgroFoodTrade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта майын өндіру цехы жобасы, жалпы инвестиция құны — 500,0 миллион теңге;
— Оранғай ауылдық округінде «БНК АГРО KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысының жобасы, жалпы инвестиция құны — 400,0 миллион теңге;
— Жібек жолы ауылдық округінде «Тәуекел Агро» шаруа қожалығының жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасы, жалпы инвестиция құны — 400,0 миллион теңге.
Сонымен қатар бүгінгі күнге «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 134 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 231,2 миллион теңгені құрайтын 41 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 169,3 миллион теңгені құрайтын 32 жоба, Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 94,9 миллион теңгені құрайтын 15 жоба, Майдантал ауылдық округі бойынша 51,0 миллион теңгені құрайтын 10 жоба несие комитеті тарапынан мақұлданған.
Қазіргі таңда мақұлданған, құны 261,0 миллион теңгені құрайтын 50 жоба «Ырыс МҚҰ» тарапынан қаржыландырылып, 38,5 миллион теңгені құрайтын 7 жобаның кепіл шартын тіркеу сатысындағы жұмыстары жүргізілуде.
Қаржыландырылған азаматтар бүгінгі таңда өзге облыстан сауынды сиыр және ірі қара мал сатып алу жұмыстарын жүргізуде.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда.
Су шаруашылығы бойынша Бабайқорған ауылдық округінде екі жоба іске асуда. Атап айтқанда:
— Сасықбұлақ су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың қайта құру жұмыстарына (8,67 шақырым) және Ақтөбе су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда (12,1 шақырым). Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджетке ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округіндегі «Қосқорған» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Майдантал ауылдық округіндегі «Майдантал» су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Кәсіпкерлік және инвестиция хақында. Соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өсті. (2021 жылы — 12,4 миллирд теңге, 2022 жылы — 25,9 миллиард теңге). Биылғы 7 айда инвестиция көлемі 15,7 миллиард теңгені құрады (жылдық жоспар — 30,1 млрд. теңге).
2023 жылға 14,4 миллиард теңгеге 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған (508 жұмыс орны). Жыл басынан 5,3 миллиард теңгеге 37 жоба іске қосылып, 149 жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылады (359 жұмыс орны).
Өнеркәсіпке тоқталсақ. 2023 жылдың қаңтар-шілде айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 миллиард 491,1 миллион теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,3 пайызды құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 3 млрд. 651,6 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,0 пайызға жеткен.
Биылғы жылы 7 айдың қорытындысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы арқылы, кәсіпкерлік субъектілерін 800,0 миллион теңгеге жуық жеңілдетілген 6 пайыздық несиемен 11 жоба қаржыландырылды.
Бірыңғай индустрияландыру картасы және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс орындарын іске қосу және сүйемелдеу бойынша қажетті шараларды қабылдануда. Соның бір дәлелі — өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылға жүзеге асырылуы жоспарланған «Sauran Plast» ЖК, жоба құны — 675 миллион теңгеге 15 жұмыс орнымен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуден полиэтилен пакет және құбыр өндірісі жобасына сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында І-ші кезеңі іске асырылды.
Шағын және орта бизнес те қанат жайып келеді. Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 901 жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 4 828-ге өсті (2021 жылы — 2073).
Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5 пайызға артты.
Бөлшек сауда бойынша. Ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі — сауда-саттық қызметі. Есепті мерзімде аудан бойынша бөлшек сауда көрсеткіші 718,2 миллион теңгеге, яғни 103,1 пайызға орындалды.
Жер қойнауын пайдалану саласында да ілгерілеу бар. Аудан аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жалпы 13 келісімшарт және 20 лицензия тіркелген. Жалпы саны — 33. Оның ішінде басым көпшілігі Шорнақ ауылдық округінде орналасқан (15). 2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша жұмысшы топ өкілдері заңсыз жер пайдаланушыларды анықтау мақсатында 43 рет аралау жұмыстарын жүргізді және 3 рет жұмысшы топтың жиналысы өткізілді. 102 сымтетігіне 13 рет хабарлама беріліп, ішкі істер органдарына тіркелді. Сонымен қатар, 23 ауыр жүк көлігі айыптұраққа қойылып, жалпы соммасы 2,7 миллион теңге айыппұл салынды. Облыстық жер ресустарын басқару департаментіне 10 рет және экология департаментіне 10 рет тиісті шара қолдану үшін хаттар жолданды.
2023 жылдың 8-11 тамыз аралығында Сауран ауданы аумағында орналасқан 18 жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорынға маркшейдер мамандарымен бірлесе мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.
Коммуналдық сала. Ауыз су бойынша. Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Ауыз сумен қамту көрсеткіші – 84,7пайыз. Ағымдағы жылы Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылды. Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысына 2023 жылға қаржы бөлініп, құрылысы жүруде. Құны – 243 миллион теңге, нысан қазан айында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 43 абонент, 268 адам таза ауыз сумен қамтылады.
Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендерінде жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қыркүйек айына алу жоспарланған.
Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекенінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-мен 3 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде (Еңбекші Дихан, Ораңғай, Теке).
Ауыз су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша, С.Қожанов елді мекеніне жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Ауыз су жүйесімен қамтуға құрылыс жұмыстарын жүргізу экономикалық жағынан тиімсіз деп танылған 1 елді мекенге кешенді блок модуль орнату жоспарланған (Егізқара).
Сонымен қатар, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары 7 елді мекенде жүргізілуде (Серт, Ибата, Жүйнек, Қарашық, Құмтиін, Қосмезгіл, Қызылжол). Барлау жұмыстары қорытындысына сәйкес, аталған елді мекендерде жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысы жүргізілетін болады.
Электр желісімен қамтуға тоқталсақ, Сауран ауданындағы 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекен күн сәулесі батареясынан қуат алуда (Егізқара елді мекені). Қазіргі таңда, Шорнақ, Қосмезгіл, Еңбекші Дихан елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзіреніп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған (құны – 1,3 миллиард теңге).
Сонымен қатар, Ескі Иқан, Оранғай, Бабайқорған, Жүйнек елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.
Сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында 2023 жылы Шорнақ және Ескі Иқан ауылдық округтерінде 10 кВт — 6,4 шақырым электр желісі, Үшқайық, Шаға және Бабайқорған ауылдық округтеріне 0,4 кВт — 10,6 шақырым электр желісі ауыстырылады.
Меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-мен 14 елді мекенді сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде (А.Үсенов, Ескі Иқан, Бершінтөбе, Ынталы, Қаражон, Сауран, Ескі Сауран, Қосқорған, Құмтүйін, Шыпан, Шекербұлақ, Аша, Серт, Абай).
Табиғи газ бойынша. Сауран ауданындағы 36 елді мекеннің, 11 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр (Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстан 30 жылдығы). 2023 жылы 5 елді мекенге табиғи газ қосылады (Ескі Иқан, Ибата, Ойық, Бершінтөбе, Шоқтас).
Бүгінгі күнге табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ (құны — 1,1 миллиард теңге), Қосмезгіл (құны — 1,6 миллиард теңге), Оранғай (құны — 2,9 миллиард теңге) елді мекендері, Жүйнек, Шыпан, Шекербұлақ, Қарашық және Құмтүйін елді мекендерінде (құны – 8,0 миллиард теңге) ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Сонымен қатар, Бостандық, Қосқорған және Еңбекші Дихан елді мекендерінде ішкі табиғи газ құбыры құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, Жүйнек, Қарашық, Оранғай, Шорнақ ауыл оуругтеріне магистральді табиғи газ құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын қазан айында алу жоспарланған.
Қалған ауылдық окургтерді (Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы) 2024 жылы жобалау жұмыстары жоспарланып отыр.
Жол-көлік инфрақұрылымын да оңды істер атқарылып жатыр. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы — тас және топырақ жолдар.
Елді мекендердің ішкі көшелерінің ұзындығы — 731,1 шақырым. Оның ішінде: 308,3 шақырымы асфальтталған, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар саналады.
«Ауыл — Ел бесігі» жобасы шеңберінде 11,2 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:
— Жаңа Иқан ауыл округы, Ибата елді мекені, Бостандық, Ұлықбек, Б.Шалбаев көшелерін орташа жөндеу (2,8 шақырым);
— Ескі Иқан ауыл округы, Ескі Иқан елді мекені, Ұлықбек, Жаңа Иқан, Шымкент, Х.Алимжан, М.Ауезов, Сұлтан Қожа, Салауат көшелері және Мәшһүр Жүсіп елді мекенінде Достық-2,4 көшелерін орташа жөндеу (6,35 шақырым);
— Үшқайық ауыл округы, Теке елді мекені, Молдағұлова, Абай, Үсенов, Бейбітшілік, Қонаев көшелерін орташа жөндеу (2,05 шақырым);
Сонымен қатар, 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 11,8 шақырымды құрайтын 11 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде:
— Жүйнек ауыл округы, Қуаныш, Ғасыр көшелерін орташа жөндеу (2,2 шақырым);
— Бабайқорған ауыл округы, Б.Майлин, С.Қожанова көшелерін орташа жөндеу (2 шақырым);
— Қарашық ауыл округы, Ақтанбаев көшесін орташа жөндеу (1,5 шақырым);
— Жібек Жолы ауыл округы, Т.Ерімбетов көшесін ораташа жөндеу (1,1 шақырым);
— Оранғай елді мекені, Мешіт көшесін орташа жөндеу (1,5 шақырым);
— Шаға ауыл округы, Фурхат, Жастар, Тағайлы, Темірқорған көшелерін орташа жөндеу (3,5 шақырым);
Сондай-ақ келесі жобаларға сараптаманың оң қорытындысы алынды:
— «Оранғай — Қосқорған» 12 шақырымдық автожолын күрделі жөндеу;
— «Бабайқорған — Абай» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;
— «Шорнақ — Жібек Жолы — Ескі Сауран қалашығы» 15 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;
— А.Үсенов ауылына кіре беріс 4 шақырым автожолын орташа жөндеу;
— Құмтүйін ауылына кіре беріс 3 шақырым автожолын орташа жөндеу;
— «Бабайқорған-Игілік» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;
— «Майдантал-Қаражон» 6,3 шақырымдық автожолын орташа жөндеу.
Сонымен бірге, «Аша елді мекеніндегі аспалы көпір» нысанының құрлысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысын алуға жолданған.
Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен «Түркістан — Ескі Иқан» бағыты бойынша жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған.
Ауданішілік 6 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын ашуға конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталған («SAR Avto» ЖШС). Қазіргі таңда субсидиялау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда:
— Қаражон – Шорнақ — Қазақстанның 30 жылдығы – Шорнақ — Қаражон;
— Абай – Шорнақ — Қазақстанның 30 жылдығы – Шорнақ — Абай;
— Жалаңтөс — Қазақстанның 30 жылдығы – Жалаңтөс;
— Шорнақ – Құмайлықас — Шорнақ;
— Шорнақ — Ескі Сауран — Шорнақ;
— Шорнақ – Нұртас – Шорнақ.
Көгалдандыру және абаттандыру бойынша бірқатар шаруалар атқарылып жатыр.
Аудан орталығы Шорнақ елді мекенін абаттандыру мақсатында, бюджеттен қаржы бөлініп, келесі жұмыстар атқарылуда:
— Шорнақ елді мекеніндегі жол бойына қоршау орнату;
— Шорнақ елді мекеніне қоқыс жәшігі мен орындықтар орнату;
— Шорнақ елді мекені жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағын абаттандыру.
Сонымен қатар, аудан аумағын абаттандыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда:
— Сауран ауданына кіреберістеріне монумент орнату;
— Сауран ауданы аумағынан өтетін Батыс Қытай — Батыс Еуропа тас жолы бойын абаттандыру (3,4,5,6-кезең);
— Иассы ауыл округіндегі аллеяны қоршау жұмыстары;
— Иассы, Оранғай, Ескі Иқан, Бабайқорған, Жібек Жолы ауылдық округтеріне балалар алаңшаларын орнату;
— Қосмезгіл елді мекені, Кентоғай, Ш.Уалиханов көшелеріне жарық шамдарын орнату;
— Қазақстан 30 жылдығы елді мекені, Молда Мұса, Амангелді, Т.Рысқұлов, Новай 1,2, С.Шакиров, Фурхат көшелеріне жарық шамдарын орнату.
Сауран ауданы бойынша 10 полигон бар. Ағымдағы жылы 6 полигонды қоршау жұмыстары жүргізілуде (Жібек Жолы, Майдантал, Бабайқорған, Жүйнек, Қарашық, Жаңа Иқан). Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, сұрыптау бойынша тариф бекітілді.
Жайлы тұрғындар үшін — 43 теңге,
Жайлы емес тұрғындар үшін – 125 теңге,
Жеке кәсіпкерлер үшін – 705 теңге.
Құрылыс саласына келсек. Сауран ауданы бойынша 36 елдімекен ішінде тұрғындарының саны 5 мың адамнан асатын 6 елді мекен және 5 мың адамға дейінгі 26 елдімекен бас жоспар мен оңтайландырылған жобалармен қамтылған.
Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 4 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы жүруде.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бабайқорған ауыл округі, Бабайқорған елді мекенінде «Спорт зал» құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысанды пайдалануға тапсыру 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Сонымен қатар, білім саласында Оранғай ауыл округі, Оранғай елді мекенінде 150 орындық мектептің құрылысы жүруде. Құны 697,0 миллион теңге. Нысан 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысына демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға ұсынылған. Сараптама қорытындысын 2023 жылғы қазан айының соңына дейін алу жоспарлануда.
Мәдениет саласында Бабайқорған ауыл округі, Бабайқорған елді мекенінде клуб, кітапхана құрылыс нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сметалық құны – 397 миллион 643,0 мың тенге. Құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға 2024 жылдың бюджетіне ұсынылып отыр. Сонымен қатар, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында «Мәдениет үй» құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын 2023 жылғы қыркүйек айының соңына дейін алу жоспарлануда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджетке енгізілетін болады.
Спорт саласында Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында «Спорт кешені» құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп сараптаманың оң қорытындысы алынды. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс енгізіледі. Сонымен қатар, Жаңа Иқан ауыл округі, Ибата елді мекені, Үшқайық ауыл округі, Теке елді мекені және Бабайқорған ауыл округі, Абай елді мекенінде «Спорт зал» құрылысын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын 2023 жылғы қараша айының соңына дейін алу жоспарлануда. Сондай-ақ, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінде «Спорт зал» салу үшін демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын ағымдағы жылғы қараша айының соңына дейін алу жоспарлануда.
Әлеуметтік салада Оранғай ауыл округі, Оранғай елді мекенінде 200 орындық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығының құрылысы жүруде. Құны 2 миллиард 400,0 миллион теңге. Нысан 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Оранғай ауыл округінде сиымдылығы 50 орындық психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы жүруде. Жоба құны – 3,2 миллиард теңге. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.
Жер қатынастары саласында атқарылған тірліктер де аудан халқы үшін өте маңызды. Жалпы Сауран аудан бойынша жер көлемі – 721,7 мың гектар. 2022 жылы 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 51,3 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар артығымен орындалған.
2023 жылға жоспар 30 мың гектар белгіленген. Бүгінгі таңда 14 725 гектар жер ортақ жайылымға қайтарылды. Алдағы уақытта жайылым мәселесі толығымен шешілетін болады.
Әлеуметтік салаға ойыссақ. 2023 жылдың 8 айында 604 отбасының 3 767 адамына 215 миллион 751,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінде еңбекке жарамды 1 106 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 1 109 балаға 28 миллион 234,8 мың теңге қосымша төлем жүргізілді. 2023 жыл мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар ішінен 6 отбасы мемлекеттік қайтарымсыз грант алды
«Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен жыл басынан 32 отбасына 1 млн. 066,0 мың теңгеге материалдық қаржылай көмектер көрсетілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша 1 адам тұрақты, 1 адам қоғамдық жұмыстарға орналасты.
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымдарына еркін кіріп шығу мақсатында қолжетімді орта қалыптастыру бойынша 2023 жылға 12 нысанды жыл соңына дейін бейімдеуден өткізу жоспарланды.
Ағымдағы жылдың 8 айында 7 нысан бейімдеуден өтіп интерактивтік картаға енгізілді, олар: Жуйнек, Иассы, Оранғай, Қарашық, Шаға, Майдантал ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты. Алдағы уақытта Бабайқорған, Үшқайық, Жібек жолы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты мен аудандық емханаға қарасты Оранғай, Ескі Иқан ауылдық округ амбулаториясының ғимараты бейімделуі жоспарланған.
2023 жылдың 1 шілдесіне дейін 79 мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін пайдалануға өтініш білдіріп, инватакси қызметін пайдаланған.
2023 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерлерге «Ардагерлер» үйіне 160, «Мейір» ардагерлер үйіне 160, жалпы 320 жолдама бөлінген. Оның ішінде: биылғы жылдың 1 қыркүйегіне «Ардагерлер» үйіне — 111, «Мейір» ардагерлер үйіне — 116 жолдамамен зейнеткерлер қамтылды. Жалпы өтініш берген зейнеткерлер саны 2 228 адам.
Одан бөлек, жергілікті бюджеттен нақтылау барысында зейнеткерлерге санаторлық курорттық ем қабылдау үшін (165 адамға 10 күнге) 27 миллион теңге қаралды. Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік конкурс өткізіліп, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап зейнеткерлер кезектілік бойынша жолдамамен қамтамасыз етілетін болады.
Жұмыспен қамту бойынша нақты-нақты әрекеттер бар. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 2023 жылы Сауран ауданы бойынша 5 990 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. «Ұлттық жоба» аясында ағымдағы жылдың 8 айында 5 934 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 4 903 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған, орындалу пайызы — 82,0 пайыз; Оның ішінде, жұмыссыздар – 3 741 азамат, өзін өзі қамтығындар — 78 азамат, жұмыс іздеушілер – 703 азамат және 381 азамат компазиттік қызметке тіркелді.
Сонымен қатар, әлеуметтік жұмысқа 270 орын жоспарланған, нақты қамтылғаны: 267 азамат, орындалуы: 99,0 пайыз.
Жастар практикасына 650 орын жоспарланған, қамтылғаны — 206 азамат, 31,6 пайыз. Қазіргі таңда оқу орындарымен және жұмыс берушілер арасында үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша Жастар ресурстық орталығы мекемесімен бірлесе жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында түрлі шаралар өткізілуде.
Қоғамдық жұмыстарға 800 орын жоспарланған, қамтылғаны: 1 110 адам, орындалуы: 138,7 пайыз.
Алғашқы жұмыс орындарына 65 орын жоспарланған, қамтылғаны: 60 адам, орындалуы: 92,3 пайыз.
«Күміс жас» жобасына бойынша жалпы жыл бойына 90 орын жоспарланған, қамтылғаны: 120 адам, орындалуы: 133,3 пайыз.
Мемлекеттік грантқа 100 орын жоспарланған, 1 лектің (поток) қорытындысына сәйкес 50 адам мемлекеттік грант иегері атанды.
«Бастау бизнес» жобасы аясында 180 азаматты оқыту жоспарланып, 8 айлық қорытынды бойынша 847 азамат оқытылды.
Тұрақты жұмыс орындарына 2 616 орын жоспарланған. Бос жұмыс орындарына 2 215 адам жоспарланған, 8 ай қорытындысына сәйкес, жолданғаны: 1 084 адам, орындалу пайызы: 49 пайыз. Алдағы уақытта аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыстар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
«Ұлтық жоба» шеңберінде көзделген 21 нысан бойынша жаңа жұмыс орындарына 401 адам жоспарланған, 15 нысанға 138 адам жолданды. Орындалу пайызы: 34,4 пайыз. «Ұлттық жоба» шеңберінде белгіленген мердігерлермен 2 жақты меморондум түзілді.
Биылғы жылы 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру бойынша 1 242 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі таңға 879 адам жолданып, 70,7 пайыз орындалып отыр.
Денсаулық саласына келсек. Аудан бойынша 1 аудандық емхана, 2 бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 13 дәрігерлік емхана (ВА), 13 фельдшерлік–акушерлік бекет, 4 медициналық бекет, 1 арнайы мамандар бөлімі, 1 жылжымалы медициналық кешен және 4 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Сонымен қатар 172 төсек-орынға арналған күндізгі стационар қызмет көрсетуде.
Аудандық емхана, арнайы мамандар, атап айтқанда, пульманолог, инфекционист, дерматовенеролог, иммунолог, балалар кардиологы, балалар хирургі, травматолог, реабилитолог, онколог, сарапшы дәрігер, гастроэнтеролог мамандарымен және УДЗ 3 дәрігермен толықтырылды.
Аудан орталығы Шорнақ елді мекенінен тәулігіне 500 адам қабылдайтын емхана ғимаратының құрылысына 8,9 гектар жер бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары рәсімделуде.
2023 жылға бекітілген жоспар бойынша типтік үлгіде жаңа ғимарат салыну жоспарланып, құжаттары рәсімделуде. Атап айтқанда: Шаға, Қызылжол, Ойық, Жалаңтөс, Құсшы ата елді мекендерінде.
Білім беру саласы бойынша. Сауран ауданы бойынша бастауыш және жалпы орта білім беретін 52 күндізгі мектеп жұмыс атқаруда. Ондағы балалар саны – 23 мың 963 бала (оның ішінде 11-і — жекеменшік мектеп).
2023 жылы Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл елді мекенінде 300 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстарына М.Мұса, Ж.Тәшенев, Амангелді мектептерінің жобалау-сметалық құжаттары аяқталып, облыстық басқарамаға қаржы сұралды. Қосымша күрделі жөндеу жұмыстарына 3 мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.
Сауран ауданы бойынша «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына 5 мектеп енген. Атап айтқанда:
— Аша елді мекенінде — 600 орындық мектеп;
— Ынталы елді мекенінде — 600 орындық мектеп;
— Құмтиын елді мекенінде — 600 орындық мектеп;
— Еңбекші Дихан елді мекенінде — 600 орындық мектеп;
— С.Қожанов елді мекенінде — 300 орындық мектеп;
Бүгінгі күнге С.Қожанов, Еңбекші Дихан, Аша елді мекендерінде жайлы мектептердің құрылыстары басталды, 2024 жылы пайдалануға беріледі. Ынталы, Құмтүйін елді мекендеріндегі жайлы мектеп құрылысы келесі жылы бастау алады.
Ауданда 12 мектепте тасымал ұйымдастырылған. 1 347 баланы 2023 жылы мектеп балансындағы 11 автобус және 1 автобус (Ұлықбек жом) жеке мердігер арқылы тасымалданады. 2023 жылы 6 мектепке 6 автобус сатып алынды. (Бабайқорған — 20 орын, Қазыбек би — 20 орын, М.Қазыбеков — 20 орын, Ә.Моладғұлова — 20 орын, А.Югнаки — 20 орын, Әл-Фараби — 38 орындық).
Ағымдағы жылдың қорытындысымен Сауран ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 41 бірлікті құрады. Соңғы 3 жылмен салыстырғанда балабақша саны 1 балабақшаға өскен. Оның ішінде жекеменшік балабақшалар үлесі 68,2 құрайды (28 балабақша).
41 мектепке дейінгі ұйымға 2-6 жас аралығындағы – 4 847 бала қамтылып, көрсеткіші 97 пайызға, 3-6 жас аралығындағы – 3 972 бала қамтылып, көрсеткіші 99 пайызға жеткен.
Спорт және мәдениет саласы. Сауран ауданынан 2023 жылдың мамыр айында 2 спорт мектебі ашылды. Бүгінгі таңда ауданның 18 елдімекенінде кәсіби жаттықтырушылар ауыл жастарына спортқа баулу мақсатында жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда бұқаралық спортты дамыту барысында 2022 жылы Сауран ауданының Шорнақ елді мекенінен, Аша елді мекенінен, Достық елді мекенінен, Шекербұлақ елді мекенінен, Майдантал елді мекенінен спорт алаңшасы салынып халыққа пайдалануға берілді.
Спорт нысандарын дамыту бойынша Сауран ауданы Бабайқорған елді мекенінде спорт зал құрлысы жүргізілуде. Құрлыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталып пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Сауран ауданының тумасы Төребек Молдаш спорт саласында көптеген жарыстарда биік белестерді бағындырып жүр. Астанада өткен біріншілігінде Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанған. Әлем чемпионатына жолдама алып, 75 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.
Сонымен қатар, Кемелбек Молдаш дзюдодан Кувейтте өткен ересектер арасындағы Азия кубогының қола жүлдегері, самбодан Монғолияда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанған.
Майдантал ауылдық округі Ынталы елді мекенінің тумасы Назерке Бектемір кикбокстан Азия чемпионы атанды.
Қазіргі таңда «Сауран ауданы спорт клубында» футбол, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, волейбол, дзюдо, еркін күрес түрлерінен жаттығуда. Арт спорт бағдарламасы бойынша волейбол, үстел теннисі, таэквандо, күрес үйірмелері жұмыс атқаруда.
2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ескі Иқан ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде. Құны – 426 млн. 051,3 мың теңге. Сонымен қатар, Қарашық ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, 2024 жылдың бюджетіне қаржыландыруға ұсынылды.
Сауран аудандық мәдениет үйінде және оған қарасты ауылдық клубтарда ағымдағы жарты жылдықта жалпы өткізілген іс шаралар саны – 512, қамтылған адам саны – 35 804.
Оның ішінде ауқымды іс шаралар:
— «Ежелгі Саурандағы – әз Наурыз» атты мерекелік кеш;
— «Жібек жолының жауhары» атты айтыскер ақындар облыстық байқауы;
— «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өткізілді.
Ономастика саласы бойынша 2 елдімекен құрып, атауын беру үшін облыстық ономастика комиссиясына ұсыныс енгізілді.
Сауран ауданытуризмді өркендетуге сұранып-ақ тұр. Сауран ауданында туризм саласын дамыту оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр.
Осы бағытта биыл «Тарихи туризм мекені — Сауран» атты туристік форум өткізу жоспарланған (форумға 4,3 миллион теңге қаржы қарастырылған).
Сауран ауданының аумағында 54 тарихи-мәдени нысан бар (Мәдениет және туризм басқармасының теңгерімінде). Бұл нысандардың ішінде туристер қызығушылық танытып, көптеп келетіндері — Имам Мархозы, Меңдуана кесенесі, Ерқоян батыр кесенесі, Құрышхан ата, Шаш ана кесенелері.
Сонымен қатар, ауданда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы теңгеріміндегі Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата кесенесі, Жүсіп ата тарихи-мәдени туристік нысандары орналасқан.
Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан жоба құны 320,0 миллион теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде (қонақ үй, тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ).
Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Жүсіп ата кесенесінен жоба құны 97,0 миллион теңгені құрайтын «Сапар орталығы» мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді (жоба жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жүргізілді).
Аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени нысандарға былтырғы жылы 72 мың турист келген болса, 2ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысымен 36 мың турист табан тіреген.
Туризм саласында биыл 7 айдың қорытындысымен жалпы құны 802,8 миллион теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асырылып, 76 жаңа жұмыс орны ашылды («Ақжол» жол бойындағы қызмет көрсету орталығы 97,0 миллион теңге, Жүсіп ата кесенесі аумағындағы Сапар орталығы 97,0 миллион теңге, Үшқайық ауылдық округіндегі спорт кешені 151,0 миллион теңге, Жүйнек ауылдық округінде тамақтану орны 85,7 миллион теңге, Ескі Иқан ауылдық округінде тамақтану орны 173,0 миллион теңге, Жүйнек ауылдық округінде тамақтану орны 96,9 миллион теңге, Иассы ауылдық округінде «Ozen» демалыс аймағы 101,5 миллион теңге).
Сонымен қатар, жыл соңына дейін жоба құны 1 млрд. 974,0 миллион теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Аталған жобалар іске қосылған жағдайда 60 жаңа жұмыс орны ашылады («Ныш-ер» қонақ үйі мен демалыс аймағы І кезеңі — 1,0 миллиард теңге, «Sayazhai» ЖШС жол бойындағы қызмет көрсету орталығы – 424,0 миллион теңге , «Хамдам» жол бойындағы қызмет көрсету орталығы – 400,0 миллион теңге, «SAKETAU Resort» отбасылық демалыс орны — 150,0 миллион теңге).
Сонымен қатар, 2023 жылға туристер ағыны мен келушілер санын 80 мың адамға дейін арттыру жоспрланған.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бойынша да мәлімет бере кетсек. Сауран ауданы Полиция бөлімінің құрылымдары арқылы қоғамдық қауіпсіздікті, жол-қауіпсіздігін қамтамасыз ету қылмыспен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі топтарға қызметкерлер бөлініп криминогенді аумақтар күшейтіліп жұмыстар ұйымдастырылып, «Көрші назары», «Тұрғын үйлерді күзет агенттігіне өткізу», тақырыбында халық арасында кездесулер өткізілді.
Сауран ауданында жол-көлік оқиғаларын алдын алу, жолдарда қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, автоапаттылық деңгейін азайту, ауыртпашылықты төмендету, кәмелетке толмағандармен, оларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ айыппұлды өндіру мақсатында, «Құқық тәртіп», «Қауіпсіз жол!», «Борышкер», «Жасөспірім», «Автобус», «Браконьер», «Абайлаңыз балалар», «Есептегі элемент», «1-ай жол қауіпсіздігі» акциясы және басқада жоспарға сай жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Өткізілген іс-шаралар барысында жолдардағы авариялық учаскелерге тексерулер жүргізіліп, қосымша жол белгілері орнатылды және Сауран ауданы көлеміндегі авариялық жағдайды жүргізушілердің назарына жеткізу мақсатында суреттер енгізілген көрнекі кітапшалар (брошурки) даярланып, жол жүрісі қатысушыларына таратылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жол-көлік оқиғасы — 53,8 пайызға (13-тен 6-ға), қаза болғандардың саны — 55,6 пайызға (9-дан 4-ке), жарақат алғандардың саны 81,8 пайызға (11-ден 2-ге) төмендеді. Қоғамдық орында жасалған қылмыстар — 35,7 пайызға (14-тен 9-ға), көшеде жасалған қылмыстар 25,0 пайызға (8-ден 6-ға) төмендеді.