Бабайқорғанның шаруалары жарап тұр

image.png

Қарт қазыналы Қаратаудың баурайындағы табиғаты әсем, жері көркем, суы мол, шөбі шүйгін Бабайқорғанның қазіргі жағдайы күннен күнге құлпыра түсуде. Бабайқорған ауылдық округі 4 елді-мекеннен құралған. Атап айтқанда Бабайқорған, Абай, Құмайлықас, Үлгілі елді-мекендері. Бабайқорғанда – 3421 адам, Абайда – 1871, Құмайлықаста – 826, Үлгіліде – 802 адам тұрады. Барлығы 6920 адам осы төрт ауылда тіршілік етіп жатыр.

Бабайқорған ауыл округінің жалпы ауыл шаруашылық жері – 111707 гектар алқап болса, оның ішінде ауыл шаруашылық жері 23306 гектарды құрайды. Оның ішінде суармалы жері 2504 гектар. Диқандар ауыл маңындағы 171 гектарды бау-бақшаға айналдырған. Қазіргі таңда жайылымдық жердің көлемі 22282 гектар. Мұның ішінде халықтың пайдаланып отырған аумағы да ауқымды. Алайда, мал басының көбейе бастауына сәйкес, жайылымдық жер тарылып барады. Елдімекенге тиесілі жер көлемі 5215 гектар. Оның ішінде су қорының жері 426 гектар, автокөлік жолы 299 гектар, ерекше қорғалынған жер аумағы 5009, жылыжай 0,5 гектар болады.

Былтыр 2076 гектар алқапқа ауыл шаруашылық дақылдары егіліп игерілген. Оның ішінде егілген егіс көлемін айтар болсақ, жүгері 263, бақшалық дақылдар 308, бидай 545, көкөніс 110, жоңышқа 800, картоп 50 гектар алқапқа орналастырылды. 

Округте 0,5 гектар алқапта жылыжай бар. Шаруашылықтар бүгінде 4  ауыл шаруашылығы техника алды. Екі-үш қайтара өнім алу жобасы бойынша 10 жоба іске асырылуда. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту бойынша «Алинұр» шаруа қожалығы 20, «Айдос» шаруа қожалығы 5 гектар алқапқа бау салынды. 

Мал шаруашылығы бойынша мүйізді ірі қара саны 6941, уақ мал саны 51321, жылқы 1580, түйе 10 басқа жетсе, құстар саны 11360 басты құраған. Есепті кезеңде, энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. 

Ауылдық округте 8 кәсіпкер жеке дүкендері арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Өткен жылы округте 7 көшеге «Энергия ВЕС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы асфальт жол салынса, «Элит Инвест–Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа спорт залының құрылыс жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ Бабайқорған елдімекеніне демеушілердің есебінен 500 орындық имандылық асханасының құрылысы жүргізілген.

Соңғы жылдары бұл өңірде кәсібін дөңгелентіп отырған жастар бар. Бірі шлак құйса, бірі егін егіп, бірі бау-бақша өсіруде. Оны таяу тұрған Түркістанға жеткізіп, саудасын қыздыруда. Солардың бірі бұрын құрылыс саласында қызмет етіп, енді зейнетке шыққан соң, өзінің зоотехникалық мамандығына қайта оралған Сабыр Қуандықов. Ол немерелері атынан «Саян-Аян» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашқан. Жеке кәсіпкер ретінде үй маңын алма баққа айналдырған. Үндік, тауық өсіруде. Жиырмаға жуық қара малы бар. Былтыр көктемде жүгері егіп, оны жинап алған соң, күздік бидай еккен. Оны мал азығы ретінде пайдаланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер