Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берген болатын. Аталған жоба аясында 2025 жылға дейін 800 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептерді салу көзделген. «Жайлы мектеп» жобасының басты мақсаты – мектептердегі орын тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешу. Жоба аясында Түркістан облысына 50 жаңа заманауи «Жайлы мектеп» салу жоспарлануда. Оның сыйымдылығы 50 мың яғни екі ауысыммен оқитын болса мектепке 100 мың оқушы сыяды. Осылайша Түркістан облысында үш ауысымды және апатты жағдайда тұрған мектептер жойылатын болады. Бұл мектептердің қазіргі салынып жатқан мектептерден артықшылығы:пән кабинеттері мен зертханалар толықтай жабдықталады1-4 сынып және 5-11 сынып оқушылары үшін дербес блок болады – спорт залдарының саны оқушы санына қарай есептеледі- 1-4 сынып пен 5-11 сынып оқушылары үшін бөлек орналастырылады- әр мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар қарастырылады.- мектептер оқушылардың жеке заттарын, ауыстыратын аяқ киімдері мен оқулықтарын сақтайтын жеке шкафтармен жабдықталады.
Сауран ауданы бойынша бастауыш және жалпы орта білім беретін 52 күндізгі мектеп жұмыс атқаруда. Ондағы балалар саны – 23 мың 963 бала (оның ішінде 11-і — жекеменшік мектеп).
2023 жылы Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл елді мекенінде 300 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстарына М.Мұса, Ж.Тәшенев, Амангелді мектептерінің жобалау-сметалық құжаттары аяқталып, облыстық басқарамаға қаржы сұралды. Қосымша күрделі жөндеу жұмыстарына 3 мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.
Сауран ауданы бойынша «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына 5 мектеп енген. Атап айтқанда: Аша елді мекенінде — 600 орындық мектеп; Ынталы елді мекенінде — 600 орындық мектеп; Құмтиын елді мекенінде — 600 орындық мектеп; Еңбекші Дихан елді мекенінде — 600 орындық мектеп; С.Қожанов елді мекенінде — 300 орындық мектеп;
Бүгінгі күнге С.Қожанов, Еңбекші Дихан, Аша елді мекендерінде жайлы мектептердің құрылыстары басталды, 2024 жылы пайдалануға беріледі. Ынталы, Құмтүйін елді мекендеріндегі жайлы мектеп құрылысы келесі жылы бастау алады.
Ауданда 12 мектепте тасымал ұйымдастырылған. 1 347 баланы 2023 жылы мектеп балансындағы 11 автобус және 1 автобус (Ұлықбек жом) жеке мердігер арқылы тасымалданады. 2023 жылы 6 мектепке 6 автобус сатып алынды. (Бабайқорған — 20 орын, Қазыбек би — 20 орын, М.Қазыбеков — 20 орын, Ә.Моладғұлова — 20 орын, А.Югнаки — 20 орын, Әл-Фараби — 38 орындық).
Ағымдағы жылдың қорытындысымен Сауран ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 41 бірлікті құрады. Соңғы 3 жылмен салыстырғанда балабақша саны 1 балабақшаға өскен. Оның ішінде жекеменшік балабақшалар үлесі 68,2 құрайды (28 балабақша).
41 мектепке дейінгі ұйымға 2-6 жас аралығындағы – 4 847 бала қамтылып, көрсеткіші 97 пайызға, 3-6 жас аралығындағы – 3 972 бала қамтылып, көрсеткіші 99 пайызға жеткен.
Сонымен қатар, білім саласында Оранғай ауыл округі, Оранғай елді мекенінде 150 орындық мектептің құрылысы жүруде. Құны 697,0 миллион теңге. Нысан 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысына демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға ұсынылған. Сараптама қорытындысын 2023 жылғы қазан айының соңына дейін алу жоспарлануда.