Ауылдықтардың пікірі ескеріледі

image.png

Сауран ауданы Иассы ауылдық округіне қарасты Ескі Шобанақ су арығын бетондау жұмыстарының сапасын тексеру мақсатында Иассы ауылдық округі әкімі С.Тұрметов, «Тұран су» МКК басшысының орынбасары, бас инженер Ү.Дүйсен, Сауран аудандық мәслихат депутаты, Сауран аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы А.Маткәрімұлы Иассы ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесу өткізіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Аталған ауылдық округінде өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан осы жоба бойынша көптеген мәселелер көтерілді. Атап айқанда қазіргі таңда өзекті болып отырған Ескі Шобанақ арығын бетондау жұмыстарының тоқтап қалғанына наразы екендіктерін білдірді. Бұдан бөлек Ескі Шобанақ арығының ауыл іші аралығын бетондалып жатқан арықтың екі жанына биіктігі 1 метр, енін 4 метр топырақпен толтырып, су тасқынын алдын алу шараларын ұйымдастырып беруін сұрады. Ауыл тұрғындары су тасқынын алдын алу мақсатында «Тұран су» МКК басшысының орынбасарына қырдан келетін тасқын суға 6 жерден шлюз қою керектігін жеткізді.

Бұл мәселенің өзекті болуы өздеріңізге белгілі күн суып келе жатыр, алдағы қыс-көктем мерзімдерінде су тасқының алдын алу мақсатында жасалған жұмыс барысында көмілген су қашыртқылары ауыл тұрғындарын алаңдатуда. Аталған жұмысқа қаржы бөлінбей қыс мерзіміне дейін үлгере алмай жатқан жағдайда, су тасқынын алдын алу шараларын жүргізіп үлгере алмайтынымызды, бұл жағдайда нақты бір жоспар қажет екенін жеткізілді.

Кездесуде көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырлды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер