«25-қазан Республика күні» мерекесіне орай «Менің елім, менің туым!» экоакциясы аясында Сауран ауданында жаппай сенбілік өтті. Шараға мемлекеттік қызметшілер, қаламызда орналасқан мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары белсенді қатысты. Сенбілік аудан аумағындағы 12 ауылдық округімен аудан орталығында ұйымдастырылып, барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері белгіленген аумағын тазалады.
Тазалық күнінде 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, оған 5 техника жұмылдырылып, шөптері шабылып, қураған ағаштары кесілді. Экоакцияға жалпы 430-ға жуық адам қатысты. Тазалықтан бөлек, күзгі ағаш егу маусымына дайындық жұмыстары да пысықталды. Қолдарына күрек ұстаған табиғат жанашырлары күре жол бойынан ағаш отырғызды.
Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ Майдантал ауылдық округінің орталығы, Ынталы елді мекенінің ескі күл-қоқыс тастайтын орынға арнайы техникамен тазалау жұмыстары жүргізілді. Шашылған энергитикалық сусындардың қалдықтары, бөтелкелер, пакет секілді т.б қоқыс қалдықтарынан толықтай тазартылды. Тілсіз таза табиғатты таза ұстау, Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, - Ол сізбен біздің басты міндетіміз.
«Осы ретте, барша тұрғындардан еңбекті бағалауды, көлікте, көшеде жүргенде бей-берекет қоқыс тастамауды сұраймыз. Ортақ үйіміздің тазалығы өзімізге керек!» дейді табиғат жанашырлары.
Айта кетейік, жалпы ауданда көгалдандыру және абаттандыру бойынша бірқатар шаруалар атқарылып жатыр.
Аудан орталығы Шорнақ елді мекенін абаттандыру мақсатында, бюджеттен қаржы бөлініп, келесі жұмыстар атқарылуда: Шорнақ елді мекеніндегі жол бойына қоршау, қоқыс жәшігі мен орындықтар орнату; Шорнақ елді мекені жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағын абаттандыру.
Сонымен қатар, аудан аумағын абаттандыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда:
— Сауран ауданына кіреберістеріне монумент орнату;
— Сауран ауданы аумағынан өтетін Батыс Қытай — Батыс Еуропа тас жолы бойын абаттандыру (3,4,5,6-кезең);
— Иассы ауыл округіндегі аллеяны қоршау жұмыстары;
— Иассы, Оранғай, Ескі Иқан, Бабайқорған, Жібек Жолы ауылдық округтеріне балалар алаңшаларын орнату;
— Қосмезгіл елді мекені, Кентоғай, Ш.Уалиханов көшелеріне жарық шамдарын орнату;
— Қазақстан 30 жылдығы елді мекені, Молда Мұса, Амангелді, Т.Рысқұлов, Новай 1,2, С.Шакиров, Фурхат көшелеріне жарық шамдарын орнату.
Сауран ауданы бойынша 10 полигон бар. Ағымдағы жылы 6 полигонды қоршау жұмыстары жүргізілуде (Жібек Жолы, Майдантал, Бабайқорған, Жүйнек, Қарашық, Жаңа Иқан). Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, сұрыптау бойынша тариф бекітілді.
Жайлы тұрғындар үшін — 43 теңге,
Жайлы емес тұрғындар үшін – 125 теңге,
Жеке кәсіпкерлер үшін – 705 теңге.