25-қазан Республика күніне орай Сауран ауданы Ескі Иқан елді мекенінде жаңадан 12 көше , 115 тұрғын үйге көгілдір отын пайдалануға берілді. Бүгінгі күнге дейін Ескі Иқан елді мекені бойынша 44 көше 825 тұрғын үй табиғи газға қол жеткізген болатын.
Ағымдағы жылдың 19 қазанынан бастап жаңадан 12 көше 115 тұрғын үйге көгілдір отын пайдалануға берілді. Бүгінгі күнде барлығы 56 көше 940 абонент табиғи газға қол жеткізіп отыр. Қазіргі таңда елді мекенді толық табиғи газбен қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.
Қауіпсіздік ережелерін сақтамай газ жүйесіне өздігінен қосылу өмірге қауіпті. Осы ретте «ҚазТрансГаз» қызметкерлері елді-мекен тұрғындарына қауіпсіздік шараларын түсіндірді.
Сауран ауданындағы 36 елді мекеннің, 11 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр (Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстан 30 жылдығы). Ағымдағы жылы Ескі Иқаннан бөлек тағы 4 елді мекенге табиғи газ қосылады ( Ибата, Ойық, Бершінтөбе, Шоқтас).
Бүгінгі күнге табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ (құны — 1,1 миллиард теңге), Қосмезгіл (құны — 1,6 миллиард теңге), Оранғай (құны — 2,9 миллиард теңге) елді мекендері, Жүйнек, Шыпан, Шекербұлақ, Қарашық және Құмтүйін елді мекендерінде (құны – 8,0 миллиард теңге) ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Елді мекендерген газ тарту жобасы аясында Түркістан облысы Сауран ауданында №16 «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылған.Станция «Бейнеу-Шымкент» магистралды газөткізгішінің 1285 шақырымындағы станция Ескі Иқан ауыл округіндегі 7 елді мекенді газбен қамтиды. АГТС-тің жалпы құны – 1248,8 миллион теңге, қуаттылығы – 33 000 м3/сағатына, жалпы ұзындығы – 11,546 шақырым.
«Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы Сауран ауданындағы 7 елді мекен газбен қамтылып отыр. Жалпы 55 мың тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көреді. Енді тұрғындар заңға сәйкес, үйлеріне газды кіргізіп алулары керек.
Сонымен қатар, Бостандық, Қосқорған және Еңбекші Дихан елді мекендерінде ішкі табиғи газ құбыры құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, Жүйнек, Қарашық, Оранғай, Шорнақ ауыл оуругтеріне магистральді табиғи газ құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын қазан айында алу жоспарланған.
Қалған ауылдық окургтерді (Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы) 2024 жылы жобалау жұмыстары жоспарланып отыр.
Жалпы 2022 жылы Сауран ауданына қарасты Қарашық, Жүйнек ауылдық округтерін және Ораңғай елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлдіруге жобалау-сметалық құжаттамалары «Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына» ұсынылған болатын. Жалпы құны 6 775,652 миллион теңгені құрайтын бұл жобаларды жүзеге асыру бүгінде шешімін тапқан.
Жалпы елімізде көгілдір отынның келуін тағатсыздана күткен елді мекендер көп. Өйткені ауылдықтардың газ тұтынуы бір жағынан экологияны ластамауға септігін тигізер пайдасы болса, екіншіден бұл ауыл тұрғындарының күйелеш-күйелеш болып, пеш жағып жүру машақатынан құтқарады. Сонымен қатар қатты отынға қарағанджа көгілдір отын тұтыну сол өңірдің экономикасының дамуына да септігін тигізеді. Оның үстіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның сапасын қалалық деңгейдегі стандартқа жақындатуды тапсырған болатын.
Дамыған мемлекеттердің халқының жақсы жағдайда тұрмыс кешетінін, мемлекетінің шын мәнінде әлеуеті жоғары екенін, олардың қала тұрмақ ауылдық жерінің өзінде салынған жолы тақтайдай тегіс, әрбір елді мекеннің ауыз сумен қамтылдып, көгілдір отын тұтынып отырғанынан-ақ аңғаруға болады.
Сондай-ақ ауылдың үлкен көшелерінің (күре тамыры) бірі Қуаныш көшесіне асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жұмыстардың талапқа сай жасалуын Жүйнек ауылдық округінің әкімі Төребай Әбдікәрімов Қуаныш көшесі бойындағы тұрғындардың бір қатар өтініштерін тыңдап, асфальт төсеу жұмыстарының барысын көріп, танысып бақылауға алуда.
Айта кетсек, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы — тас және топырақ жолдар.
Елді мекендердің ішкі көшелерінің ұзындығы — 731,1 шақырым. Оның ішінде: 308,3 шақырымы асфальтталған, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар саналады.
«Ауыл — Ел бесігі» жобасы шеңберінде 11,2 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:
— Жаңа Иқан ауыл округы, Ибата елді мекені, Бостандық, Ұлықбек, Б.Шалбаев көшелерін орташа жөндеу (2,8 шақырым);
— Ескі Иқан ауыл округы, Ескі Иқан елді мекені, Ұлықбек, Жаңа Иқан, Шымкент, Х.Алимжан, М.Ауезов, Сұлтан Қожа, Салауат көшелері және Мәшһүр Жүсіп елді мекенінде Достық-2,4 көшелерін орташа жөндеу (6,35 шақырым);
— Үшқайық ауыл округы, Теке елді мекені, Молдағұлова, Абай, Үсенов, Бейбітшілік, Қонаев көшелерін орташа жөндеу (2,05 шақырым);
Сонымен қатар, 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 11,8 шақырымды құрайтын 11 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде:
— Жүйнек ауыл округы, Қуаныш, Ғасыр көшелерін орташа жөндеу (2,2 шақырым);
— Бабайқорған ауыл округы, Б.Майлин, С.Қожанова көшелерін орташа жөндеу (2 шақырым);
— Қарашық ауыл округы, Ақтанбаев көшесін орташа жөндеу (1,5 шақырым);
— Жібек Жолы ауыл округы, Т.Ерімбетов көшесін ораташа жөндеу (1,1 шақырым);
— Оранғай елді мекені, Мешіт көшесін орташа жөндеу (1,5 шақырым);
— Шаға ауыл округы, Фурхат, Жастар, Тағайлы, Темірқорған көшелерін орташа жөндеу (3,5 шақырым);
Сондай-ақ келесі жобаларға сараптаманың оң қорытындысы алынды:
— «Оранғай — Қосқорған» 12 шақырымдық автожолын күрделі жөндеу;
— «Бабайқорған — Абай» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;
— «Шорнақ — Жібек Жолы — Ескі Сауран қалашығы» 15 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;
— А.Үсенов ауылына кіре беріс 4 шақырым автожолын орташа жөндеу;
— Құмтүйін ауылына кіре беріс 3 шақырым автожолын орташа жөндеу;
— «Бабайқорған-Игілік» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;
— «Майдантал-Қаражон» 6,3 шақырымдық автожолын орташа жөндеу.
Сонымен бірге, «Аша елді мекеніндегі аспалы көпір» нысанының құрлысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысын алуға жолданған.
Сонымен қатар Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекенінде тұрғындар сұранысына орай салынған кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасының жарық шамдарын іске қосу жұмыстары толық аяқталып, жарық шамдары іске қосылды. Алдағы уақытта спортты жанынына серік еткен жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктер жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен толық айналысатын орынға айналады.
Жалпы Сауран ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, елге ең қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілуде.
Бүгінде ауданындағы 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекен күн сәулесі батареясынан қуат алуда (Егізқара елді мекені). Қазіргі таңда, Шорнақ, Қосмезгіл, Еңбекші Дихан елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзіреніп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған (құны – 1,3 миллиард теңге).
Сонымен қатар, Ескі Иқан, Оранғай, Бабайқорған, Жүйнек елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.
Сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында 2023 жылы Шорнақ және Ескі Иқан ауылдық округтерінде 10 кВт — 6,4 шақырым электр желісі, Үшқайық, Шаға және Бабайқорған ауылдық округтеріне 0,4 кВт — 10,6 шақырым электр желісі ауыстырылады.
Меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-мен 14 елді мекенді сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде (А.Үсенов, Ескі Иқан, Бершінтөбе, Ынталы, Қаражон, Сауран, Ескі Сауран, Қосқорған, Құмтүйін, Шыпан, Шекербұлақ, Аша, Серт, Абай).