Оранғайда оңалту орталығы бой көтеруде

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл медицинасының ахуалын жақсарту жөнінде тапсырма бергені белгілі. «Мен келесі жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылдадым. Екі жыл ішінде бүгінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады. Осылайша, мемлекет миллионнан аса азаматтың алғашқы медициналық-сани¬тарлық көмекке қол жеткізуін қамта¬масыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылмақ. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері пайда болады. Бұл төрт миллионнан аса азамат үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, телемедицина дамытылады, ол шалғай аудандардың тұрғындарына білікті көмек көрсетуге жол ашады», делінген Президент  Жолдауында.

Ауылдағы ағайын бұл оң өзгерісті биылдан бастап сезіне бастады. Жыл басталысымен медицина саласын дамытуға 460 миллиард  теңге жоспарланып, оның 40 пайызы ауыл-аймақтарға бөлінген болатын.

Осы орайда Сауран ауданына қарасты Оранғай елді мекенінде 200 орындық оңалту орталығы салынуда. Аталған мекеменің ашылуы осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Қызметін   бастағалы тұрған Оңалту орталығының бой көтергеніне ауылдықтар дән риза. Тіпті  сол аталған оңалту орталығына дейін баратын ұзындығы 1300 м жолға асфальт төселген.  

Жалпы аудан бойынша 1 аудандық емхана, 2 бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 13 дәрігерлік емхана (ВА), 13 фельдшерлік–акушерлік бекет, 4 медициналық бекет, 1 арнайы мамандар бөлімі, 1 жылжымалы медициналық кешен және 4 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Сонымен қатар 172 төсек-орынға арналған күндізгі стационар қызмет көрсетуде.

Аудандық емхана, арнайы мамандар, атап айтқанда, пульманолог, инфекционист, дерматовенеролог, иммунолог, балалар кардиологы, балалар хирургі, травматолог, реабилитолог, онколог, сарапшы дәрігер, гастроэнтеролог  мамандарымен  және УДЗ  3 дәрігермен толықтырылған.

Аудан орталығы Шорнақ елді мекенінен тәулігіне 500 адам қабылдайтын емхана ғимаратының құрылысына 8,9 гектар жер бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары рәсімделуде.

2023 жылға бекітілген жоспар бойынша типтік үлгіде жаңа ғимарат салыну жоспарланып, құжаттары рәсімделуде. Атап айтқанда: Шаға, Қызылжол, Ойық, Жалаңтөс, Құсшы ата елді мекендерінде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер