Кәсіп ашушыларға қолдау көп

image.png

Жаңадан құрылған Сауран ауданы бүгінде қарыштап дамып жатқан аймақтардың бірі. Әсіресе инновациялық-индустриялық бағытта атқарылып жатқан жобалар ауқымды. Ауданда жаңадан ашылып жатқан  кәсіпорындар өңірдің экономикасының дамуына үлесін қосуда. Сондай-ақ ауданда түрлі салада бизнес бастап, кәсіпкерлікпен айналысып жатқан тұрғындардың да қатары күн санап артып келеді. Кәсіп ашуға ниетті жандарға бүгінде мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп келеді. Соның бірі «Ауыл аманаты» бағдарламасы. 

Жақында Сауран ауданы Жаңа Иқан , Ескі Иқан , Шаға және Үшқайық ауылдық округтерінде “Ауыл аманаты" бағдарламасының VI бағыты тұрғындардың өз кәсібін ашу бағытын жұмысшы тобымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы Д.Абдраманов Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы С.Шакиров, ауыл әкімі және ауыл тұрғындары қатысты.

VI бағыты бойынша кәсіп ашуға ниет білдірген тұрғындарға 2,5 пайызбен 5 жылға 1 жылдық демалысымен 8 625 000 теңге қаржылай несие берілетіндігін, азаматтар тауар өндіру, өңдеу және қайта өңдеуге бағытталған кәсіпорын ашу және дамыту, қызмет көрсету саласында жеке кәсібін дамыту бағыттарын таңдай алатындығы айтылды.

Сонымен қатар тұрғындардың барлық сұрақтары қанағаттандырылып, іске асыру схемалары, шарттары, негізгі басымдықтары, керек құжаттарды жинақтау, өткізу тәртібі туралы тұрғындарға кең көлемде ақпараттар берілді.

Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтердегі кәсіпкерлермен өткен бұл кездесу атқарушы билік пен бизнес арасындағы есеп беру түрінде емес, қаржылай қолдау алу процесі егжей-тегжейлі талқыланған, жүйелі проблемалық мәселелер ортаға салынған кездесу түрінде өткенін атап өткен жөн.

 Сондай-ақ дәл осындай жиын  Иассы ,Оранғай, Қарашық және Жүйнек ауылдық округтерінде де өтті.  

Кездесуге Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқанмасының электрондық коммерция және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Сыдықов Қанат Жамалбекұлы Сауран ауданы әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев , кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы С.Шакиров «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы басшысы Д. Абдраманов Сауран ауданы филиалының басшысы, "Ырыс" микро қаржы ұйымының қызметкерлері, ауыл әкімі және ауыл тұрғындары қатысты.

Ақпараттық түсіндіру тобы мүнан кейін  Майдантал ,Жібек жолы, Бабайқорған және Шорнақ ауылдық округтерінде де түсіндіру жұмыстарын жалғастырды. 

Айта кетейік, өңірлерде  «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда. Ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Түркістан облысына бұл бағытта бюджеттен жыл басында 11 миллиард теңге, қосымша 8,7 миллиард теңге қаржы бөлінді, яғни, 20 миллиард  теңгеге жуықтап отыр.

Жобаның мақсаты – ауыл халқын қолдау жөнінде мемлекеттік саясатты іске асырып, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу болып табылады. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына таптырмас мүмкіндік. Бұл мемлекет басшысының «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Орташа несие көлемі 5 миллион  теңгені құрайды. Ол үшін кәсіпкерлер кепілмен қамтамасыз етілуі тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер