Сауранда еңсе тіктер нысандар көп

image.png

Талай-талай тарихи оқиғаларға куә болған Сауран ауданының тарихы тым тереңде. Өсу, даму жолында бұл өңір бірнеше хандықтың астанасы да болды. Ұлы Жібек Жолы бойында жатқандықтан ежелден мұнда сауда-саттық та кең етек жайды. Ал бүгінгі Сауран ажары кірген, бойына қан жүгірген, сәулетті ғимараттары еңсе тіктеген аймаққа айналып келеді. Ауданда бүгінде индустриялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылып, құрылыс қыза түскен. 

 Салаға жауапты мамандардың ресми деректеріне сүйенсек  Сауран ауданы бойынша 36 елдімекен ішінде тұрғындарының саны 5 мың адамнан асатын 6 елді мекен және 5 мың адамға дейінгі 26 елдімекен бас жоспар мен оңтайландырылған жобалармен қамтылған.

Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 4 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы жүруде.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бабайқорған ауыл округі, Бабайқорған елді мекенінде «Спорт зал» құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысанды пайдалануға тапсыру ағымдағы  жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Сонымен қатар, білім саласында Оранғай ауыл округі, Оранғай елді мекенінде 150 орындық мектептің құрылысы жүруде. Құны 697,0 миллион теңге. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысына демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға ұсынылған. Сараптама қорытындысын осы жылғы қазан айының соңына дейін алу жоспарлануда.

Мәдениет саласында Бабайқорған ауыл округі, Бабайқорған елді мекенінде клуб, кітапхана құрылыс нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сметалық құны – 397 миллион 643,0 мың тенге. Құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға 2024 жылдың бюджетіне ұсынылып отыр. Сонымен қатар, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында «Мәдениет үй» құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын биылғы жылғы қыркүйек айының соңына дейін алу жоспарлануда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджетке енгізілетін болады.

Спорт саласында Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында «Спорт кешені» құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп сараптаманың оң қорытындысы алынды. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс енгізіледі. Сонымен қатар, Жаңа Иқан ауыл округі, Ибата елді мекені, Үшқайық ауыл округі, Теке елді мекені және Бабайқорған ауыл округі, Абай елді мекенінде «Спорт зал» құрылысын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын ағымдағы жылғы қараша айының соңына дейін алу жоспарлануда. Сондай-ақ, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінде «Спорт зал» салу үшін демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын ағымдағы  жылғы қараша айының соңына дейін алу жоспарлануда.

Әлеуметтік салада Оранғай ауыл округі, Оранғай елді мекенінде 200 орындық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығының құрылысы жүруде. Құны 2 миллиард  400,0 миллион теңге. Нысан 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Оранғай ауыл округінде сиымдылығы 50 орындық психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы жүруде. Жоба құны – 3,2 миллиард теңге. Нысан  келесі жылы пайдалануға беріледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер