Мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясы өтті

image.png

Қай елдің тұрғындарының әлеуметтік тұрмысы жақсы болса, демек сол елдің жүргізіп отырған саясаты дұрыстығын және экономикасы дамығандығын білдіреді. Қазақстанда да ең әуелі халықтың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын көтеруге баса назар аударылып келеді. Бұл бағытта түрлі әлеуметтік бағдарламалр жүзеге асырылуда. Сондай-ақ мемлекет басшысы да әр Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруді айтып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Халықты сапалы өмірмен қамту мен әл-ауқатын жақсарту – мемлекеттің басты міндеті. Бұл сөздерді шынайы іске айналдыру қажет. Халықтың табысы экономикамен қатар өсуі керек»- деп шегелеп айтқан болатын.  

Қоғамдағы негізгі әлеуметтік проблемалардың бірі ол –  жұмыссыздық және төмен жалақы. Бұл санаттағы азаматтардың тұрмысын жақсарту үшін  елімізде түрлі жобалар іске асырылуда. Бағдарламалардың шарапаты Сауран ауданының  тұрғындарына да тиіп келеді. Өңірде әлеуметтік ахуалды түзеу арқылы ауданның аумақтық дамуы айтарлықтай жоғарылап келеді. Бұл мәселе жақында  Сауран аудандық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясында айтылды.  Сессияны  аудандық мәслихатының төрағасы Сержан Байсбаев жүргізіп отырды. Сессияға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. 

Біріншісі: Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы бөлім басшысы Дәуірхан Асылбеков баяндады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы №523 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сауран аудандық мәслихатының «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» жаңадан шешім жобасын әзірлеп, бекітуге ұсынды. Депутаттар ұсынысты қарсы қалыссыз бекітуге келісім берді. 

Айта кетейік,  ағымдағы  жылдың 8 айында аудандағы 604 отбасының 3 767 адамына 215 миллион 751,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінде еңбекке жарамды 1 106 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 1 109 балаға 28 миллион  234,8 мың теңге қосымша төлем жүргізілді. Биылғы жыл мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар ішінен 6 отбасы мемлекеттік қайтарымсыз грант алған.

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен  жыл  басынан 32 отбасына 1 млн. 066,0 мың теңгеге материалдық қаржылай көмектер көрсетілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша 1 адам тұрақты, 1 адам қоғамдық жұмыстарға орналасқан.

Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымдарына еркін кіріп шығу мақсатында қолжетімді орта қалыптастыру бойынша биылғы жылға 12 нысанды жыл соңына дейін бейімдеуден өткізу жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 8 айында 7 нысан бейімдеуден өтіп интерактивтік картаға енгізілген, олар: Жүйнек, Иассы, Оранғай, Қарашық, Шаға, Майдантал ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты. Алдағы уақытта Бабайқорған, Үшқайық, Жібек жолы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты мен аудандық емханаға қарасты Оранғай, Ескі Иқан ауылдық округ амбулаториясының ғимараты бейімделуі жоспарланған.

2023 жылдың 1 шілдесіне дейін 79 мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін пайдалануға өтініш білдіріп, инватакси қызметін пайдаланған.

Ағымдағы жылға облыстық бюджеттен зейнеткерлерге «Ардагерлер» үйіне 160, «Мейір» ардагерлер үйіне 160, жалпы 320 жолдама бөлінген. Оның ішінде: биылғы  жылдың 1 қыркүйегіне «Ардагерлер» үйіне — 111, «Мейір» ардагерлер үйіне — 116 жолдамамен зейнеткерлер қамтылды. Жалпы өтініш берген зейнеткерлер саны 2 228 адам.

Одан бөлек, жергілікті бюджеттен нақтылау барысында зейнеткерлерге санаторлық курорттық ем қабылдау үшін (165 адамға 10 күнге) 27 миллион теңге қаралды. Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік конкурс өткізіліп, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап зейнеткерлер кезектілік бойынша жолдамамен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар  2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында ағымдағы жылы Сауран ауданы бойынша 5 990 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. «Ұлттық жоба» аясында  ағымдағы  жылдың 8 айында 5 934 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 4 903 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған, орындалу пайызы — 82,0 пайыз; Оның ішінде, жұмыссыздар – 3 741 азамат, өзін өзі қамтығындар — 78 азамат, жұмыс іздеушілер – 703 азамат және 381 азамат компазиттік қызметке тіркелген.

Сондай-ақ, әлеуметтік жұмысқа 270 орын жоспарланған, нақты қамтылғаны: 267 азамат, орындалуы: 99,0 пайыз.

«Жастар практикасына» 650 орын жоспарланған, қамтылғаны — 206 азамат, 31,6 пайыз. Қазіргі таңда  оқу орындарымен және жұмыс берушілер арасында үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша Жастар ресурстық орталығы мекемесімен бірлесе жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында түрлі шаралар өткізілуде.

Қоғамдық жұмыстарға 800 орын жоспарланған, қамтылғаны: 1 110 адам, орындалуы: 138,7 пайыз.

Алғашқы жұмыс орындарына 65 орын жоспарланған, қамтылғаны: 60 адам, орындалуы: 92,3 пайыз.

«Күміс жас» жобасына бойынша жалпы жыл бойына 90 орын жоспарланған, қамтылғаны: 120 адам, орындалуы: 133,3 пайыз.

Мемлекеттік грантқа 100 орын жоспарланған, 1 лектің (поток) қорытындысына сәйкес 50 адам мемлекеттік грант иегері атанды.

«Бастау бизнес» жобасы аясында 180 азаматты оқыту жоспарланып, 8 айлық қорытынды бойынша 847 азамат оқытылды.

Тұрақты жұмыс орындарына 2 616 орын жоспарланған. Бос жұмыс орындарына 2 215 адам жоспарланған, 8 ай қорытындысына сәйкес, жолданғаны: 1 084 адам, орындалу пайызы:  49 пайыз. Алдағы уақытта аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыстар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

«Ұлтық жоба» шеңберінде көзделген 21 нысан бойынша жаңа жұмыс орындарына 401 адам жоспарланған, 15 нысанға 138 адам жолданды. Орындалу пайызы: 34,4 пайыз. «Ұлттық жоба» шеңберінде белгіленген мердігерлермен 2 жақты меморондум түзілді.

Биылғы  жылы 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру бойынша 1 242 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі таңға 879 адам жолданып, 70,7 пайыз орындалып отыр.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі екінші мәселе Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 қазандағы №151 «Сауран ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы баяндаған бөлім басшысы Дәуірхан Асылбековтің ұсынысын депутаттар қолдап, бекітуді қолдады. 

Сессияда қорытынды сөз алған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров бірқатар атқарылған жұмыстарды екшеп өтті. Мәселен, аудан тұрғындарының тарапынан соңғы уақытта 148 мәселе түскен. Оның 58 мәселесі аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне қатысты. 12 мәселе жер қатынастар бөліміне тиесілі. Бүгінгі таңда 148 мәселенің 67-і облыстық деңгейде шешілуді талап етеді. 70 мәселе аудандық деңгейде шешімі қаралуда. Нақты 10 мәселе шешімін тапқан.

-Құрметті, депутаттар! Шешімін таппаған мәселе көп. Оны жасыра алмаймыз. Тұрғындар талабы да орынды. Бюджеттің шешімін күткен мәселені жеделдету бойынша жұмыстар нақтыланып, сараланды. Сол бойынша жұмыстарды күшейтуді қолға алдық. Қысқа дайындық пен төтенше жағдайдың алдын алу маусымдық жұмыстары қарқынды. Жыл соңы таяп келеді. Біздің мақсат жаңалық ашу емес, қордаланған проблеманы жеделдетіп шешу,-деп сөзін қорытындылады Мақсат Асылбекұлы. 

Күн тәртібіндегі мұнан өзге қаралған, депутаттар сұрау салған мәселелер уақыт талабына және заңдылығына сәйкес шешімін табатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер