Спорт мектебі ашылды

image.png

Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі.

Ос ыорайда Сауран ауданында Түркістан облысы спорт басқармасына қарасты Сауран ауданы №1 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, Түркістан облысы спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мүслімова, қысқы спорт түрлерінен Түркістан спорт клубының директоры, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Данияр Исабаев, ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық сататистика және арнайы есепке алу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, аға әділет кеңесшісі, ардагер-спортшы Асқар Сапарғалиев, ауыл қариялары жиналған көпшілікті спорт мектебінің ашылуымен құттықтады.

“Бүгін міне, қуанышты сәттердің куәсі болып отырмыз. Өйткені, ауылдық округте «Әшірәлі ата» спорт кешенінің салтанатты ашылуына қатысып отырмыз. Аудан бойынша осы спорт мектебіне қарасты мектептерде 1080 бала спорттық секцияға қатысса, бұл спорт мектебінде 240 бала жаттығатын болады. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануда және салауатты өмір салтын қалыптастыруда алар орны ерекше және тиер септігі мол болмақ. Сондықтан осындай спорттық шараларға жастарды көптеп тартуда барынша жүйелі жұмыстар атқарып, жұмыстарды үйлестіруіміз қажет”, - деді Серік Өмірханұлы. 

Сонымен қатар, шара барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев Түркістан облысында велейболдан жасөспірімдер арасындағы өткен жарыста жүлделі орыннан көрінген жаттықтырушыларды арнайы кубок пен мақтау қағаздарымен марапаттады. 

Айта кетейік, Жаңа Иқан ауыл округі, Ибата елді мекені, Үшқайық ауыл округі, Теке елді мекені және Бабайқорған ауыл округі, Абай елді мекенінде «Спорт зал» құрылысын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын ағымдағы жылғы қараша айының соңына дейін алу жоспарлануда. Сондай-ақ, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінде «Спорт зал» салу үшін демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын ағымдағы  жылғы қараша айының соңына дейін алу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда ауданның 18 елдімекенінде кәсіби жаттықтырушылар ауыл жастарына спортқа баулу мақсатында жұмыстарын жалғасуда. Қазіргі таңда бұқаралық спортты дамыту барысында 2022 жылы Сауран ауданының Шорнақ елді мекенінен, Аша елді мекенінен, Достық елді мекенінен, Шекербұлақ елді мекенінен, Майдантал елді мекенінен спорт алаңшасы салынып халыққа пайдалануға берілген болатын.

Спорт нысандарын дамыту бойынша Сауран ауданы Бабайқорған елді мекенінде спорт зал құрлысы жүргізілуде. Құрлыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталып пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сауран ауданының тумасы Төребек Молдаш спорт саласында көптеген жарыстарда биік белестерді бағындырып жүр. Астанада өткен біріншілігінде Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанған. Әлем чемпионатына жолдама алып, 75 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.

Сонымен қатар, Кемелбек Молдаш дзюдодан Кувейтте өткен ересектер арасындағы Азия кубогының қола жүлдегері, самбодан Монғолияда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанған.

Майдантал ауылдық округі Ынталы елді мекенінің тумасы Назерке Бектемір кикбокстан Азия чемпионы атанды.

Қазіргі таңда «Сауран ауданы спорт клубында» футбол, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, волейбол, дзюдо, еркін күрес түрлерінен жаттығуда. Арт спорт бағдарламасы бойынша волейбол, үстел теннисі, таэквандо, күрес үйірмелері жұмыс атқаруда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер