Шағада сапалы жарық бар

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығын іске асыру үшін Үкімет Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен болатын. 

Тұжырымдама ауылдық аумақтардың географиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін аша түсуге бағытталған. Оның аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы қараша айында ҚР Президенті лауазымына кіріскеннен кейін осы Тұжырымдаманы әзірлеу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Құжатта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында республика бойынша ауыл тұрғындарының 90% өмір сүріп жатқан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді (АЕМ) кешенді жаңғыртуға баса назар аударылған. Мұндай елді мекендер адамдардың еңбек етіп, өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау есебінен экономикалық өсудің жаңа нүктелеріне айналады.

Негізгі мақсаттардың бірі – ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту. Атап айтқанда, жаңа мектептер мен медициналық нысандар салынып, сумен және электрмен үздіксіз жабдықталады, кең жолақты интернет және ғарыштық байланысы тартылады, ауыл жолдарының сапасы жақсарып, кітапхана, клуб, музей және кинотеатр, спорт ғимараттары сияқты мәдени нысандар салынады, халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда ерекше назар аударған мәселенің бірі – электр қуатының тапшылығы. Президент мемлекеттік қауіпсіздік мәселесінің ахуалы мәз емес екенін ашық айтып: «Түптеп келгенде, Қазақстан электр қуатын басқа жақтан алмауға тиіс, яғни көршілес елдерге тәуелді болмауы керек. Біздің қазіргі ахуалымыз мәз емес. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі. Жалпы, қай жағынан алып қарасақ та, бұған мүлде жол беруге болмайды» деп Үкімет пен әкімдерге ескерту жасады. 

Облыс орталығымен бірге дамып келе жатқан Сауран ауданында коммуналдық мәселелер оңтайлы шешімін тауып келеді. Ауыл-аймақтарда халық суға жарып, электр жарығымен қамтамасыз етіліп, жолдар жөнделуде. 

Сауран ауданын сенімді электр қуатымен қамту - басты мәселенің бірі. Бұл жұмыстың шешу жолдарын аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы басты назарға алып, Шаға ауылдық округіне барды. Аталмыш ауылдық округте жергілікті бюджеттен 8 дана қуаттылығы 160 кВА құрайтын трансформаторлар орнатылуда. Оның қуаты енді электр энергиясын еш алаңсыз пайдалануға мүмкіндік береді.

“Трансформатор — айнымалы токтың кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған электр приборы. Алдағы уақытта олардың санын арттыру да күн тәртібінде тұр. Халықты және әлеуметтік сала нысандарын электр энергиясымен жабдықтауды жақсарту мақсатында трансформатор орнату жұмыстары жүйелі жалғасын табатын болады” - деді аудан әкімі. 

Шаға ауылдық округінде 2 дана трансформатор іске қосылып, 3 данасы бүгін орнатылды. Қалған 3 дана трансформатор орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Нәтижесінде нысандар сапалы электр қуатымен қамтылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер