Аудан әкімі ақсақалдармен кездесті

image.png

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудандық ақсақалдар алқасымен кездесіп, ауданды дамыту бағытында жұмыс жоспарларымен бөлісіп, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады. 

- «Бірлік - береке бастауы» демекші, елдің бірлігін ұйыстыруда сіздердің көмектеріңіз қажет. Ауызбіршілігіміз мықты болса, берекеміз молаяды. Өздеріңізге қарасты ауылдарда елді ынтымақ, бірлікке шақыруда, жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерді алға тартып, насихат жұмыстарын жүргізуге ықпал етсеңіздер. Алдымызда көптеген жоспарлы жұмыстар күтіп тұр. Ауданды көркейтіп, экономикасын, халықтың әл-ауқатын көтеру кезек күттірмейтін мәселе», - деді Мақсат Асылбекұлы. 

Кездесуде барысында Мақсат Асылбекұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті. Соның ішінде коммуналдық салаға кеңінен тоқталған аудан әкімі ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтамасыз ету, жол, көгалдандыру салалары бойынша алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, аудан көлеміндегі қоғамдық ұйымдардың бір орталықта шоғырландыру мақсатында «Ынтымақ үйі» ашылатынын айтты. 

Айта кетейік, Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Ауыз сумен қамту көрсеткіші – 84,7пайыз. Ағымдағы жылы Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылды. Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысына 2023 жылға қаржы бөлініп, құрылысы жүргізілді. Құны – 243 миллион теңге, нысан қазан айында пайдалануға берілді. Нәтижесінде 43 абонент, 268 адам таза ауыз сумен қамтылды.

Сонымен қатар, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары 7 елді мекенде жүргізілуде (Серт, Ибата, Жүйнек, Қарашық, Құмтиін, Қосмезгіл, Қызылжол). Барлау жұмыстары қорытындысына сәйкес, аталған елді мекендерде жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысы жүргізілетін болады.

Сауран ауданындағы 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекен күн сәулесі батареясынан қуат алуда (Егізқара елді мекені). Қазіргі таңда, Шорнақ, Қосмезгіл, Еңбекші Дихан елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзіреніп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған (құны – 1,3  миллиард теңге).

Сонымен қатар, Ескі Иқан, Оранғай, Бабайқорған, Жүйнек елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.

Сауран ауданындағы 36 елді мекеннің, 11 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр (Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстан 30 жылдығы). 2023 жылы 5 елді мекенге табиғи газ қосылды (Ескі Иқан, Ибата, Ойық, Бершінтөбе, Шоқтас).

Қалған ауылдық окургтерді (Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы) 2024 жылы жобалау жұмыстары жоспарланып отыр.

Жиында ақсақалдар өздерінің ұсыныс пікірлері мен мәселелерін ортаға салды. Аудан әкімі айтылған барлық мәселелер бақылауға алынып, қажеттігіне қарай шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Кездесу соңында ақсақалдар батасын беріп, аудан әкімінің жоспарлы жұмыстарының оңды шешімін табуда сәттілік тілесті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер