Сақтықта қорлық жоқ

image.png

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жиналысқа аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Комиссияның отырысында 5 мәселе қаралды. Атап айтсақ, су тасқынына аса қауіпті аумақтардың дайындығын тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс тобын құру, акті жасап, қажетті шаралар қабылдау керектігі айтылды. Сонымен қатар, елді мекендерді су басу жағдайларының алдын алу мақсатында, іс-шараларға (дамбы көтеру, қашыртқы қазу және каналдар мен арықтарды тазалауға) ақпараттарды толық жинақтап, қажетті (сметалық) құжаттарды ұсын керек. Су басу жағдайларының алдын алуға жүргізілетін іс-шараларға (дамбы көтеру, қашыртқы қазу және каналдар мен арықтарды тазалауға) жұмылдырылатын инженерлік техникалардың жанар-жағар майына қаржыландыру көздері жайлы ұсыныс енгізу керектігі көтерілді.

Комиссияда аудан аумағында жауын-шашын, ерінді қар су салдарынан су басу қауіпі бар орындарын анықтап, есебін (халық, тұрғын үй, объектілер, мал тағы басқа сандарын) көшіру жағдайы туындаған кезде зардап шеккен тұрғындарды және материалдық құндылықтарды су тасқынынан тыс аймақтарда орналастыру орындарын белгілеп, аудан картасына түсіру тапсырылды. Су тасқыны орын алған кезінде үгіт-насихаттау мақсатында жадынамалар, билбордтар, плакаттар, бейнероликтер және басқа да материалдарды дайындау және бюджетте осы жұмыстарға заң талаптарына сәйкес қаржы қарастыру қажеттігі айтылды.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Асылбек Қанағат пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мұхтар Қуанышбаев баяндама жасап, өздері тарапынан атқаралып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Жиынды қорытындылыған аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев ауданға қарасты барлық ауылдық округ әкімдеріне төтенше жағдайдың алдын алу бағытында қаупі бар елді мекендерге тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырып, тұрақты бақылауға алу қажеттігін жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер