«Әдемі бизнес»

image.png

Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Мемлекет тарапынан қолдау да көп. 

Қазақстан үкіметі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұлдады. Тұжырымдама аясында жұмыспен қамту көлемін 5 млн адамға дейін арттыру көзделіп отыр. Нәтижесінде 2030 жылға таман шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 40 пайызға жетеді, ал орта компаниялардың ЖІӨ-дегі үлесі 20 пайызға жетеді деген жоспар бар.

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті дамытудың түрлі мемлекеттік бағдарламалары қабылданып, өзім үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесті шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жайт. 

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Қарашық ауыл округінде орналасқан жасыл өсімдіктер өсірумен айналысатын “Дильназ” жеке кәсіпкерлігіне арнайы барды. Кәсіпкер жылыжайда жыл он екі ай түрлі үй және көше өсімдіктерін өсірумен айналысады. Мұнда роза, хризонтема, лотус, пиотония, сонымен қатар, шырша, жеміс ағаштары өсіп тұр. Көздің жауын алады. Сирек өсіретін гүлдерді Қытай, Голландия елдерінен тапсырыспен алдырады. 

-Әрбір гүлге ерекше күтім керек. Жұмысы көзге көрінбейді. Ұқыптылықты талап етеді. Гүлдер адамның қамқорлығын сезінеді,- дейді кәсіпкер Дильназ ханым. Жайқалған гүлдерге сұраныс көп. Алыс-жақын қалаларға жеткізу қызметі бар. Кәсіпкер гүлді суаруда заманауи технологияларды қолданып жатыр. Дильназ ханымның қоластында ауыл адамдары жұмыс жасайды. Сонымен қатар, бөлме гүлдерін отырғызатын керамикалық ыдыстар мен түрлі мүсіндер өндіруді қолға алған. 

Кәсіпкердің тіршілігімен жіті танысқан аудан әкімі кәсіпті дамыту үшін әрдайым қолұшын созуға дайын екенін айтты. Аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеруде шағын кәсіптің маңызы зор. Аудан қазынасын еселеудің бірден бір көзі де осы орта бизнесті дамыту. Аудан тұрғындарында кәсіппен айналысуға деген ынта зор. Тек жергілікті билік қолдауын тоқтатпаса дейді. 

Айта кетейік, соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өскен. (2021 жылы — 12,4 миллирд теңге, 2022 жылы — 25,9 миллиард теңге). Биылғы 7 айда инвестиция көлемі 15,7 миллиард теңгені құраған (жылдық жоспар — 30,1 миллиард теңге).

Ағымдағы  жылға 14,4 миллиард  теңгеге 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған (508 жұмыс орны). Жыл басынан 5,3 миллиард  теңгеге 37 жоба іске қосылып, 149 жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылады (359 жұмыс орны).

2023 жылдың қаңтар-шілде айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 миллиард  491,1 миллион теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,3 пайызды құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 3 млрд. 651,6 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,0 пайызға жеткен.

Биылғы жылы 7 айдың қорытындысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы арқылы, кәсіпкерлік субъектілерін 800,0 миллион теңгеге жуық жеңілдетілген 6 пайыздық несиемен 11 жоба қаржыландырылды.

Бірыңғай индустрияландыру картасы және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс орындарын іске қосу және сүйемелдеу бойынша қажетті шараларды қабылдануда. Соның бір дәлелі — өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылға жүзеге асырылуы жоспарланған «Sauran Plast» ЖК, жоба құны — 675 миллион теңгеге 15 жұмыс орнымен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуден полиэтилен пакет және құбыр өндірісі жобасына сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында І-ші кезеңі іске асырылды.

Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  6 901 жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 4 828-ге өсті (2021 жылы — 2073).

Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5 пайызға артты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер