Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте жариялаған «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар офисінің қолдауымен бүкіл республика аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді енгізу тетіктерін масштабтау міндетін қойды.
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру және Түркістан облысының аумағында пилоттық жобаны масштабтау мақсатында барлық аудан, қалаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтар құрылып, жарғысы, жұмыс жоспары бекітілген болатын.
Осы орайда, 2023 жылдың 13 қаңтарында Сауран ауданы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құрылып, жарғысы, жұмыс жоспары бекітіліп, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл - бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу және халықтың билік органдарына сенімін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның тығыз ынтымақтастығын білдіретін ұйымдастырушылық стратегия. Аталған жоба үздік халықаралық тәжірибе мен азаматтық қоғам ұсыныстары, сондай-ақ Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) ұсынымдары «полиция мен қоғам арасында серіктестік құрудың үздік тәжірибесі» негізінде әзірленген. Ол мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін орнату және қалалар мен елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру бөлігінде мемлекеттік саясатты толыққанды іске асыру, сондай-ақ қоғамның сын-тегеуріндері мен сұрау салуларына «еститін», «тыңдайтын» мемлекеттің бейнесін қалыптастыру бойынша бірыңғай мақсаттарды біріктіреді.
Осыған орай, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің бас инспекторы, топ жетекшісі Қайрат Әлімбет бастаған ведомствоаралық топ мүшелері, құрамында Сауран аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрбек Басқараев, Сауран АПБ ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторы Талғат Оңбаев және Сауран аудандық орталық емханасының психолог маманы Айнур Мусабекова Сауран ауданына қарасты Майдантал және Жібек жолы ауылдық округтерінде орналасқан Ынталы, Сауран елді мекені тұрғындарының қатысуымен жиналыс өткізілді. Онда ауданда құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс еркін форматта, сұрақ-жауап негізінде өткізілді. Жергілікті тұрғындардың ұсынысы назарға алынып, хаттамаға енгізілді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл - бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қылмыспен тиімді күресу және халықтың билік органдарына деген сенімін арттыруға арналған мемлекеттік органдар мен қоғамның тығыз ынтымақтастығын көздейтін ұйымдастыру болып табылады.
Жалпы, бұл тәсіл алғаш рет 2019 жылы пилоттық жоба ретінде Қарағанды қаласында енгізілген. Аталған тәсіл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмыстардың санын төмендетуге ықпал етіп, өзінің оң нәтижесін берген. Осыған байланысты жобаны республика көлемінде енгізуге шешім қабылданды.
Сервистік полицияның мәні – полицияға жүгінген әрбір адам¬ға заңды, уақтылы, жан-жақты ақпа¬раттандырылған, сыпайы әрі сапалы қызмет көрсетудің кепілі деген сөз. Екіншіден, бұл проблемалық бағдар¬ланған тәсілді енгізу. Әр ауданның және жергілікті қоғамдастықтың тұрғындары қауіпсіздік мәселелерін жергілікті полиция органдарымен бірге шешетініне сенімді болуы керек. Үшіншіден, полиция қызметкерлері өз миссиясын Қазақстан халқына қызмет ету және оны қорғау үшін барлық жағдайға да¬йын әрі жан-жақты болуға тиіс. Тәртіп сақшыларының жұмысына қарапайым халықтың берер бағасы полицияның маңызды ұйымдастырушылық крите¬рийіне айналуы керек. Бұл тәсілдерді енгізу үшін полиция цифрландыру мүм¬кіндіктерін пайдалануға тиіс. Бұл қабылданатын шешімдердің ашықты¬ғын, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл жобаның мақсаты:
1. Жұртшылықтың және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін нақты аумақтарда құқықтық тәртіп пен заңдылықты қолдау жөніндегі жаңа тәсілдері мен шешімдерді әзірлеуге тарту және қылмыстар мен өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде бірлесіп шаралар қабылдау
2. Құқықтық тәртіпті сондай-ақ халықтың билікке деген сенімін қамтамасыз ету мәселелерінде азаматтық қоғаммен мемлекеттік органдар арасындағы әлсіз байланыстың себептерін анықтау.
3. Қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп анықтау және шешу үшін жергілікті қоғамдастықпен тұрақты сенімді қарым-қатынастарды құру.
4. Пилоттық ауданының базасында жинақталған тәжірибені жақсарту үшін жағдайлар жасау.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілінің айырмашылықтарына келер болсақ, қолданыстағы тәсілде қоғамның қауіпсіздігі үшін тек қана құқық қорғау органдары жауап береді деген психология қалыптасқан. Сервистік тәсілде қоғамның қауіпсіздігі үшін жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, бизнес қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдар, қорлар, кәсіподақтар, университеттер, бәрі-бәрі жауапты. Қолданыстағы тәсілде азаматтардың полицияға сенімі Қазақстанда 38,3 пайызды құраса, сервистік тәсіл дамыған елдерде, яғни Батыс Еуропада бұл көрсеткіш 70-80 пайызды құрайды. Демек, сервистік тәсілді енгізу қалай болғанда да тиімді деген сөз!
Сауран ауданы – қазақ халқы мен түркітілдес елдердің рухани астанасына айналған көне Түркістан қаласына жапсарлас орналасқан аймақ. Яғни Түркістан қаласының еліміздің экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық дамуында алар орны ерекше болса, Сауран ауданының да маңызы соншалықты. Түркістан қаласына келетін туристердің ескі Сауран қалашығына да аялдайтыны анық. Міне, осы қонақтардың және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал аталған жаңа модель осы қауіпсіздікті ұйымдастырмақ.