Тоғыз жолдың торабында орналасқан Сауран ауданы ежелгі заманда Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды, сауда-саттығы мен мәдениеті дамыған, қолөнер шеберлерінің жиналатын, гүлденген қалалардың бірі болған. Араға қаншама ғасырды салып Сауран атауы қайта жаңғырып, бұл өлке қайта өрлеу жолына түсті. Президенттің шешімімен жаңадан құрылған Сауран ауданында қазіргі таңда атқарылып жатқан іс те көп, салынып жатқан ғимарат та көп. Түркістан облысындағы ең жас ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай, ауыл-аймақтардың дамуы қандай және алдағы жоспарлардың жай-жапсары қандай? Бұл сұрақтардың барлығына тұрғындар аудан әкімі Мақса т Таңғатаровтың аузынан Ескі Иқан тұрғындарымен кездесу барысында естіді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығы бойынша елді-мекендерде кездесу ұйымдастырып жүрген әкімнің кезекті жиыны осы ауылда өтті.
Кездесу барысында аудан басшысы өңірдегі тоғыз айда атқарылған жұмыстарды баяндаған соң, алдағы атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Ескі Иқан елді мекеніне табиғи газ жобасына енбей қалған тұрғын үйлерге меморандум арқылы ЖСҚ әзірленуде. Елді мекендердегі ескі бағаналармен электр желілерін ауыстыруға ЖСҚ әзірленген. Жоба құны - 697 019,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаражатты бөлуге республикалық және облыстық бюджетке өтінім жолданған. Ескі Иқан елді мекеніне дейінгі су құбыры желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірленді. Жоба құны – 2 470 032,0 миллион теңге.
Ауылдың тазалығы көңіл көншітпейді. Аудан әкімі көше бойындағы тазалық сақтамаған кәсіпкерлік нысандарға тиісті бөлімге заңмен шара көруді тапсырды. Ауылды абаттандыру жұмыстары бойынша тиісті жұмыстар атқарылмаған. Ауыл тұрғындарын тазалық пен абаттандыру жұмыстарына атсалысуға шақырды.
-Әлі күнге шешімін таппай келе жатқан мәселе көп. Оның бірі ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету. "Ақ бұлақ" бағдарламасымен тартылған су құбырларының тозығы жеткен. Жерасты суын тартатын ұңғымалар да көнерген. Келер жылдың І-тоқсанында барлық су ұңғымалары жаңартылады. Құрметті, ауыл тұрғындары! Ауылдағы мәселені өзімізден басқаға керек емес. Бірлесіп, ауызбіршілікпен жұмыс жасауды сұранамын. Алауыздық болған жерде жұмыс жүрмейді. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, келешек үшін қызмет етейік,- деп жиынды қорытындылады Мақсат Асылбекұлы.
Есепті кездесу соңында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша жеке қабылдады. Жергілікті тұрғын М.Юлдашов жаңадан құрылатын Тұран елді мекені бойынша атқарылып жұмыстардың мән-жайын білу үшін жеке қабылдауға келді. Ескі Иқан елді мекенінің халық санының өсуіне байланысты шекарасын анықтап бөлу жолымен жаңадан елді мекен құру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облыстық ономастика комиссиясында қаралып, оң қорытынды алған жағдайда Тұран елді мекенінің бас жоспарын бекітуге ұсыныс берілетін болады.
Тұрғын Г.Тұрарова Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолының бойында көкеніс пен жеміс-жидек сатып, күнелтіп келеді. Заңдылығына сәйкес халықаралық жол жиегінде сауда жасауға рұқсат етілмеген. Тұрғынның қабылдауға келген себебі жол жиегінде сауда жасауға он күн сұрады. Тиісті мамандар ол заңға қайшы әрекет екенін түсіндірді. Сонымен қатар, ауыл сыртындағы полигонның жағдайын көтере келген тұрғындар да болды. Мәселені мақұлмен емес, заң аясында ақылмен шешеміз деген аудан басшысы мұнан өзге де көтерілген мәселелерді сала басшыларына жүктеді. Орындалуын тікелей өзі бақылайтынын айтты.
Ескі Иқан ауылдық округінде бүгінде атқарылған іс аз емес. Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы да жақсы көрсеткіштерге ие. Айталық «Ескі Иқан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2023 жылы 8 айда 51 миллион 980 мың теңге бюджет жоспарланып, 8 айда 51 миллион 980 мың теңге 100 пайыз игерілген.
Бұл ретте бюджет есебінен атқарылған жұмыстарды да тілге тиек етейік. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Ескі Иқан ауылдық округінің Ескі Иқан елді мекеніндегі Салауат (800 метр), М.Әуезов (550 метр), Сұлтанқожа Ата (1240 метр) көшелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 68 миллион 372 мың теңгеге ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз «Астана Томирис и Ко» ЖШС 48 миллион теңгеге жұмыс атқарыпты.
Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты М.Жүсіп елді мекеніндегі Достық-2 (1150 метр), Достық-4 (850 метр) көшелерінің ағымдағы жөндеу және жаяу жүргіншілер жолағын төсеу жұмыстарына 78 миллион 829 мың теңге қаржы бөлініп, ауданның экономика және қаржы бөлімі арқылы ашық конкурс өткізіліп, жеңімпаз болып танылған «Астана Томирис и Ко» ЖШС 55 миллион теңгеге жұмыс атқарған.
Ескі Иқан ауылдық округінің Ескі Иқан елді мекеніндегі Шымкент, Ұлықбек, Жаңа Иқан және Х.Алимжан көшелеріне жаяу жүргіншілер жолағын (аяқжол) төсеу жұмыстарына 67 миллион 401 мың теңгеге ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз болып танылған «Estet Stroy» ЖШС-мен 46 миллион 112 мың теңгеге келісімшарт жасалынып, бүгінгі таңда жұмыс жүргізілуде.
Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Ескі Иқан елді мекенінің Мулла Тажи көшесіне жаяу жүргіншілер жолағын төсеу жұмыстарына сметалық құны 20 миллион 073,978 мың теңге жергілікті салықтық түсімдер есебінен бекітіліп, ауданның экономика және қаржы бөлімі тарапынан ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз болып танылған «Astana Smart Plus» ЖШС-мен 14 миллион теңгеге келісімшарт жасалынуда.
Ауылдағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына Үкімет тарапынан 368 миллион 090 мың теңге бөлініп, жеңімпаз болып танылған «ГрадСтройСервис» ЖШС өтпелі кезеңмен жұмыс жүргізуде. 2023 жылы — 211 миллион 700 мың теңге, ал 2024 жылға 156 миллион 390 мың теңге жоспарланған.
Ауыл аумағындағы күл-қоқыстарды ретке келтіру мақсатында «Мегасервис» ЖШС-мен 4 миллион 984 мың теңгеге келісімшарт түзіліп, бүгінгі таңда санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Ауылдық округ бойынша элекетр бағаналарын және сымдарын жаңарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірлену үстінде.
Ескі Иқан елді мекенінде орналасқан Жеңіс көшесінен балалар алаңы, воркаут, спорт алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 35 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті мекемелерге тапсырылды, аталған жерге мемлекеттік акт рәсімделген.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына 2,5 пайыздық несие алу қолжетімді болуы үшін 2 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құрылды. Бүгінгі таңда «Иқан Агро2» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы сүт тауарларын қайта өңдеу зауытының құрылысын бастады. Жобаның құны 500 миллион теңгені құрап отыр.
Жеке кәсіпкер Элмир Юлдашев өз қаржысы есебінен заманауи үлгіде ауылдық учаскелік полиция пункті ғимаратын және автотұрақ салды. Құны 40 миллион теңгені құрайды.
Ауылдағы 175 орынды «Арзу» балабақшасы ғимаратына қосымша 125 орынды ғимарат салып, балабақша сийымдылығын ұлғайтуда. Құны — 80 миллион теңге мөлшерінде.
Ауыл орталығынан орта мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Құны 250 миллион теңгені құрайды.
Ауылдағы 100 орынды «Тажинса Ана» балабақшасы ғимаратына қосымша 100 орынды ғимарат салып, бала ақша сийымдылығын ұлғайтуда. Құны — 100 миллион теңге.
Заманауи үлгідегі 4 аялдама демеушілер тарапынан Ескі Иқан елді мекеніндегі маңызы бар 4 көше бойына орнатылды.
Ескі Иқан елді мекенінен 6-7 шақырым қашықтықта орналасқан 40 – 50 отбасы өмір сүретін Диханабад учаскесіне «Тұран» атауы беріліп, елді мекен мәртебесін беру жұмыстары жүргізілу үстінде.
Ауыл орталығында орналасқан Қ. Исмаилов көшесі бойынан ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен балалар ойын алаңы құрылысы жүргізіліп жатқаны тағы бар.
Диханабад учаскесі елді мекен мәртебесі алғаннан кейін елді мекенге тиісті 300 гектар жер бас жоспарға кіргізіледі. Жеке инвесторлармен келіссөз жүргізіп мектеп, балабақша және спорт алаңын салу жоспарланып отыр.
Ескі Иқан елді мекенінің бас жоспарына өзгеріс енгізіп, бекіту бойынша 225,35 гектар жер белгіленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Мәшһүр Жүсіп елді мекені бойынша 396,11 гектар жер белгіленген.
Ортақ жайлым жер мәселесі бойынша Ескі Иқан елді мекені бойынша 122 азаматтың атына рәсімделген 5474 гектар және М. Жүсіп елді мекенінде 47 азаматтың атына рәсімделген 2460 гектар жайлым жер белгіленіп, Сауран аудандық жер қатынастар бөлімі жұмыс жүргізуде.
Табиғи газға ойыссақ. Облыс әкімінің тапсырмасына және аудан әкімінің іс-шара жоспарына сәйкес, 2018 жылы «БаяндыҚұрылыс» ЖШС-і тарапынан жүргізілген газ құбырларын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 22 көшеге табиғи газ беріліп, қалған көшелерді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы тарапынан көрсетілген кемшіліктерді ауыл округ әкімдігі, тұрғындар және мердігер мекеме тарапынан қалпына келтіру жұмыстары бірігіп жүргізілуде.
Ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз етудің екінші кезеңі бойынша Ескі Иқан елді мекені бойынша жаңадан қосылған үйлер, М. Жүсіп елді мекені және Диханабад учаскелерінің картасы әзірленіп, тиісті құжаттар тапсырылды.
Ауыз су бойынша қандай жұмыстар атқарылды? Ауылдық округ әкім айтқандай, 2013 жылы салынған ауыз су жүйесінің тиімді жұмыс істемеуіне байланысты (жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілмеген), Иқансу-Қытай ұңғымасынан Ескі Иқан елді мекені су тазарту қондырғысына 45 шақырым су құбыры желісін тартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, қаржыға өтінім дайындалып жатыр екен.
Сонымен қатар, ауыз сумен қамтамасыз етудің екінші кезеңі бойынша Ескі Иқан елді мекеніндегі жаңадан қоныстанған аумаққа ауыз су жүйесімен қамтамасыз етуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
«Ауыл шаруашылығы саласында көңіл марқайтатын жетістіктер баршылық. Ескі Иқан ауылдық округінің жалпы жер көлемі 41758,3 гектар, оның ішінде: 12458,6 гектар — суармалы жер, 10854,0 гектар жерге бір жылдық екпелер егіліп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер толық пайдаланылуда» — дейді Дилшод Закиржанұлы.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар бойынша жоспар 1,4 миллиард теңге болса, бүгінгі күнге орындалғаны 1 миллиард 128 миллион теңге мөлшерінде болып отыр.
Ағымдағы жылға 22 бірлік техника алынып, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 312,5 миллион теңге инвестиция тартылған екен.
Шаруа қожалықтарына Үкімет тарапынан арзан бағада бөлінген 415 тонна жанар-жағармай және 321 тонна минералды тынайтқыш алынып, пайдаланылды.
Мал шаруашылығы саласында да көрсеткіштер көңіл көншітеді. Мәселен мұндағы ірі қара мал саны 25128-ді құраса, оның ішінде сиыр (аналық мал басы) 15020, ал қой, ешкі 69741, жылқы болса 2745, шошқа 611 және 2124 үй құстары бар.
Тағы бір сала — кәсіпкерлік және жұмыспен қамту. Ауылда 168 орта және шағын кәсіпкерлік субъектісі бар. 2023 жыл Ескі Иқан ауылдық округі бойынша жалпы 4 миллиард 396 миллион теңге инвестиция тарту жоспарланса, 8 айда 1 миллиард 634,6 миллион теңге инвестиция тартылған екен. Жыл соңына дейін жоспар толық орындалады деп күтіліп отыр.
Әлеуметтік сала бойынша деректер мен дәйектерді сөйлетсек. Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында мемлекет тарапынан берілетін Атаулы әлеуметтік көмектің шартты және шартсыз түрінен Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 81 отбасыдан өтініш келіп түскен. Нәтижесінде 62 отбасыға 9 915 690 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 19 отбасыға Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша бас тартылған.
«Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша — 10 адам, «Жастар практикасы» бойынша — 29 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 32 адам, «Күміс жас» бағдарламасы бойынша 13 адам жұмысқа қабылданды, сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмыстарына жыл басынан 51 адам тартылыпты.
2023 жылы 8 айда Ескі Иқан ауылдық округ бойынша 6 адам мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз грант иегері атаныпты.
Білім саласы бойынша да атап өтер мәселелер баршылық. Ауылдық округ бойынша 1 кәсіптік оқудағы колледж, 6 жалпы орта мектеп және 5 балабақша бар.
Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжде 50 қызметкер қызмет атқарады, студенттер саны 408-ді құрайды. 2022 – 2023 оқу жылында бітіруші студенттер саны 70-ке жетіп отыр.
6 жалпы орта мектепте 547 мұғалім 4094 оқушыға білім береді, 2022 – 2023 оқу жылында бітірушілер саны 200 оқушы болды, 172 бітіруші ҰБТ тапсырды, оқу үлгерімінің көрсеткіші 57,4 балл деңгейінде тұр. 5 балабақшада 732 бала тәрбиеленіп отыр, ондағы жұмысшылар саны — 208.
Ауылдағы М. Юлдашев атындағы спорт мектебінде бүгінгі таңда 7 үйірмеде 336 оқушы тәрбие алып жатыр екен, онда 28 қызметкер қызмет атқарады. Спорт мектебінің сыйымдылығы 700 оқушыға жоспарланған. Спорт мектебі оқушылары ішінен Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық турнирлер жеңімпаздары шығып отыр.
Бұдан бөлек Ескі Иқан ауылдық округіндегі денсаулық сақтау мекемелері туралы мәліметтерді де айта өтсек. Ауылда «Ескі Иқан» және «Авиценна А» емханалары халыққа дәрігерлік қызмет көрсетіп отыр. Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан дәрігерлік емханалар күндізгі уақытта жұмыс атқарады, кешкі уақытта жедел жәрдем автокөлігі қызмет атқарады. Қосымша Мәшһүр Жүсіп елді мекені және Диханабад учаскелерінде 2 фельшерлік-акушерлік тірек қызмет атқарады.
«Авиценна –А» емханасы 2022 жылдан бастап ауыл тұрғындарына дәрігерлік қызмет көрсетуде. Заманауи үлгідегі емхананың жобалық құны — 1 миллиард 800 миллион теңге. «Авиценна –А» емханасы бүгінгі таңда 6 700 адамға дәрігерлік қызмет көрсетіп келеді.
Ал, жалпы құжат айналымына ойыссақ, Ескі Иқан ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жыл 8 айда жалпы 200 өтініш түсіп, өтініштер «Е өтініш» электронды жүйесіне тіркеліп, өтініштерге мерзімінде жауап берілген.
Еске салсақ, Ескі Иқан ауыл округінің орталығы — Ескі Иқан ауылы. Елді мекендері — Ескі Иқан, Достық. Халық саны — 16091 адам. Округтің жалпы жер көлемі — 39729 гектар. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы жері — 22278 гектар; суармалы жер — 12021 гектар; шабындық жер — 221 гектар; жайылымдық жер-10036 гектар.