Прокурорлар инвесторлармен кездесті

image.png

Елімізде кәсіпкерлер мен инвесторлардың алаңсыз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасалып келеді. Дей тұрғанмен, өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің алдынан шығатын кедергілер де аз емес. Осыны ескерген Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте былай деген еді. "Әрбір маңызды инвестициялық жобаны прокуратура қызметкерлері сүйемелдеуі қажет деп есептеймін. Бұл ұжымдық жауапкершілік жүйесін жолға қоюға мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметшілерді дұрыс емес шешім қабылдаймын деген үрейден арылтады.

Мұндай шара инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға тиіс және шетелдік кәсіпкерлердің инвестицияларының қауіпсіздігіне кепіл болады. Мұның бәрі біздің еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп есептеймін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінде Президенттің тапсырмасына  бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырып келеді. Жоба  аясында талай кәсіпкердің шағымы ескеріліп, құқығы қорғалып, бизнесі одан әрі өркендей түсті. Өз кезегінде, Сауран ауданы аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобаларды сүйемелдеу аудан прокуратурасының ерекше назарында.

Бүгінгі таңда аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан 21 жоба бар. Бұл ретте, аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты проблемалық мәселелерді талқылау және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталды. 

Жиын барысында инвесторлар бизнес ахуалдың жақсарғанына тоқталып, өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асуы бойынша мәселелер талқыланды. Инвесторлардың хабарламаларына жедел ден қою үшін прокуратураның бастамасымен «WhatsApp» мессенджерінде арнайы чат ашылған.

Айта кетейік,  прокуратура мүдделі органдармен бірлесіп фронт-офистер мен мобильді топтар құрып, инвесторлардың проблемаларын шешудің жеделдігін және әкімшілік кедергілерді алып тастауды қамтамасыз етуде.

Мұнда прокурорлардың негізгі міндеті инвестор іске асырылып жатқан жоба шеңберінде ғана емес, сонымен қатар өзінің ағымдағы қызметі барысында кездесетін проблемаларды тиімді шешу болып табылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер