Жаңа Иқанда су тасқынының алдын алу жұмыстары пысықталды

image.png

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жаңа Иқан ауылдық округіндегі тұрғындармен кездесуінде төтенше жағдайға байланысты көтерілген мәселеге орай, арнайы барды. Ибата елді мекенінде қыс айларында таудан келетін қар, ағын суының алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін жеткізді. 

Жыл сайын ауа-райының қолайсыздығына байланысты жауын шашынның шамадан тыс жаууына және жауған қар, мұздықтардың еруіне байланысты арық атыздардан судың тасуына байланысты төтенше жағдай орын алып келгені жасырын емес. 

Осы мәселенің алдын алу үшін ауылдық округ әкіміне, аудандық төтенше жағдайлар бөліміне тиісті тапсырмалар берілді. Таудан келетін ағын судың алдын алу үшін «Иқан су» мен «Көкқия» өзендері арқылы қашыртқы қазып, жіберу бағытында жұмыстар пысықталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жаңа индустриялық аймақ—жаңа өндірістік мүмкіндік
  • Түркістан жаңа индустриялық дәуірге қадам басты
  • Түркістан өндірістік өңірге айналып келеді
  • Түркістан мен Измир байланысы жаңа кезеңге аяқ басты
  • Нұралхан Көшеров: Өзбекстанмен экономикалық әріптестіктің нығаюы рухани жақындықтың заңды жалғасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер