Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров есепті кездесуін Шаға ауылдық округ тұрғындарымен өткізді. Бұған дейінгі кездесуде тұрғындар коммуналдық сала бойынша бірнеше мәселе көтерген болатын. Шоқтас пен Бершінтөбе елді мекендері табиғи газбен қамту жөнінде ұсыныстар айтылған. Бүгінде екі елді мекенде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы тарапынан берілген кемшіліктерді түзету мен сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Шаға және Қазақстанның 30 жылдығы елді мекеніннің 33 көшесі толық табиғи газ жүйесімен қамтамасыз етілген.
Ауыл округ бойынша 9 дана трансформатор орнатуға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, орнату жұмыстары жүргізілуде. Келісім-шарт құны – 16 095,2 мың теңге. Қазақстанның 30 жылдығы, Бершінтөбе, Шоқтас елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, ЖСҚ әзірленуде. Фурхат, Жастар, Тағайлы көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Темірқорған көшесіне аяқ жол салу жұмыстары жұмыстары жүргізілуде.
Бершінтөбе, Шаға елді мекендеріндегі су тасқыны кезінде бұзылған автомобиль жолдарын қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімінің айтуынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін коммуналдық жұмыстардың 60 пайызы шешімін тапқан.
Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының әрі қарай тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жаңа кәсіпорындар ашу, жұмыс істеп тұрған қуаттарды кеңейту есебінен аудан экономикасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар атқарамыз. Сондықтан, күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз,-деді өз сөзінде Мақсат Асылбекұлы.
Келесі жылы бірқатар маңызы бар нысандардың құрылысы басталады. Сонымен қатар, "Ынтамақ үйі" құрылатын болады. Ауданға инвесторлар да қызығушылық танытуда. Ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпорындар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Есепті кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға жазылған екі азаматтың өтініш-талаптары назарға алынып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, Түркістан қаласының тап іргесіндегі Шаға ауылдық округі киелі шаһармен еншісі бөлінбеген елді мекен. Шаға ауыл округінің орталығы — Қазақстанның 30 жылдығы ауылы. Елді мекендері — Шаға, Қазақстанның 30 жылдығы, Бершінтөбе, Шоқтас. Халық саны — 10448 адам. Округтің жалпы жер көлемі — 63491 гектар. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы жері — 43617 гектар; суармалы жері — 5293 гектар; шабындық жері — 479 гектар; жайылымдық жері — 37845 гектар. Елді-мекендерде мал басының саны да жыл сайын артып келеді. Бүгінде Шаға ауылында 35 түйе, 250 жылқы, 633 ірі қара мал, 1780 ұсақ мал басы бар. Ал Қазақстанның 30 жылдығы ауылында түйенің саны 123, жылқы 891, ірі қара мал 3692, ұсақ мал 26730-ды құраса, Бершінтөбеде 3 түйе, 114 жылқы, 1044 ірі қара мал, 5757 ұсақ мал бар болса, Шоқтаста 44 түйе, 99 жылқы, 643 ірі қара мал, 3757 ұсақ мал бар.
Ауылдық округте төрт ауылшаруашылық өндірістік копперативі құрылған. «Түркістан агро ХХI» біріккен шаруашылығында 1044 жері болса, 80 шаруашылық бірігіп қызмет атқаруда. «Агрожетістік 2020» біріккен шаруашылығында 120 кәсіпорын бірігіп, 1332 гектар жерді игеріп отыр. «Ордабасы құс» ЖШС «Ынтымақ» ауыл шаруашылығы өнімдері кооперативі 70 шаруашылықтан құрылып, 710 гектарға иелік етуде. «Ақын Молда Мұса» ЖШС-да 136 шаруашылықта 2144 гектар жері бар.
Қазіргі күнге жеке кәсіпкер Асылхан Мусаев «Мұса» шаруа қожалығы асыл тұқымды мал дәрежесін алып, жұмысын жалғастыруда. Мал тұқымын асылдандыру мақсатында ауыл округі бойынша 1 қолдан ұрықтандыру бекеті жұмыс жүргізуде. «Мамлакат» шаруа қожалығында қазіргі күнге құны 206 млн теңге тұратын 625 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Алаңда 625 бас ірі қара бордақылануда. Шаруа қожалығында құны 80 миллион теңге тұратын тәулігіне 15-20 бас мал союға мүмкіндігі бар мал сою бекеті ашылып, 10 адам жұмыспен қамтылды. «Мамлакат» шаруа қожалығында құрама жем шығаратын цех жұмыс істеп тұр. Ауыл тұрғындарының шағын мал сою алаңдарында 450 жылқы бордақылануда.
Қазіргі таңда Шаға ауыл округі аумағында 3 дәріхана, 3 типтік жылыжай, үй іргелік жерде 11 жылыжай, 1 диірмен, 3 шлакаблок шығаратын цех жұмыс істейді. Шарбан Абдураймова 90 миллион теңгеге құрал жабдықтар алып ауыз су шығару цехын іске қосты. Одан басқа 25 сауда нүктелері, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы 3 монша, 2 бассейн, 2 автокөлік жөндеу шеберханасы және 3 автожуу бекеті 3 қоғамдық тамақтану орны бар. Барлығы патентпен жұмыс істейді. Ауылдық округінде бір наубайхана бар.
Ауылдық округте бір мемлекеттік және үш жекеменшік балабақша жұмыс атқаруда. Балабақшаға балаларды тасымалдауды балабақша құрылтайшылары өздерінің жеке қойылған көліктері арқылы жүргізеді. Шаға ауылында жекеменшік – мемлекеттік әріптестік аясында балабақша салынды.
Ауылдық округтегі елді мекендерде газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 1 млрд теңгені құрайды. Шаға ауылында мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында 200 орындық бастауыш мектеп салынды. 100 орындық бала-бақша бой көтерді. Қазақстанның 30 жылдығы ауылында екі бастауыш мектеп ашылды.
Ауылдық округі аумағында орналасқан емхана, пошта, АТС, ветеринариялық бекет халыққа қызмет көрсетіп келеді. Барлығы ауыл әкімдігімен тығыз байланыс орнатқан.
Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында жалпы ұзындығы 43 шақырым ауыз су құбырлары жүргізіліп, пайдалануға беріліп, қазіргі уақытта ауылға ауыз су тұрақты берілуде. Шаға және Бершінтөбе ауылындағы жүргізілген ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Сенбіліктер өткізіліп, көшелер, алаңдар, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына арналған ескерткіштің айналасы уақтылы тазаланып тұрады. Тұрғын үйлер әктеліп, күл-қоқыстың уақтылы шығарылып тұруы тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Ауыл әкімдерінің негізгі жұмыстарының бірі де бірегейі шаруашылыққа инвестиция тартумен айналысу болып табылады. Шаға ауылдық округіне соңғы жылдары біршама инвестиция тартылды. Атап өтер болсақ, Ешкі сүт фермасын құруға 850 миллион теңге тартылды. Жылына екі үш рет өнім алу мақсатында жаңбырлатып суғару технологиясына 295,5 миллион теңге құйылды. Жеміс өсіруге арналған «Түркістан фрут» жобасына 3,9 миллиард теңге тартылды. Бұл жаңа технологиялар өндіріс бастарына жеткізіліп, қазіргі таңда халық шаруашылығын дамытуға пайдаланылуда. 2022 жылы сегіз дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Шаға ауылдық округі бойынша 13,5 гектар жылыжай бар. Екі үш рет өнім алу жобасы бойынша 24 жоба бекітіліп, жүзеге асырылуда. Азық-түлік белдеуі бойынша жаңбырлатып суғару әдісі 780 гектар жерге орнатылып, пайдалануға берілді. 2020 жылы оның алғашқы өнімі алынды. «Ынтымақ агро» СПК 460 гектарға жаңбырлатып суғару қондырғысын орнатты. Бүгінгі таңда 1820 гектар жерді тиімді пайдалануда.
Ауыл округі аумағында 1 селолық амбулатория, 2 ФАП, 1 ФП халыққа қызмет көрсетеді. Онда 9 жоғары білімді дәрігер, 33 орта білімді медицина қызмет-керлері жұмыс істейді. Бір жедел жәрдем көлігі бар. СВА №16 мекемесінде 2011 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Емханада 8 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді.