Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің бас инспекторы, топ жетекшісі Қайрат Әлімбет бастаған ведомствоаралық топ мүшелері, құрамында аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрбек Басқараев, аудандық орталық емханасының психолог маманы Айнұр Мұсабекова Сауран ауданына қарасты Бабайқорған, Жүйнек, Қарашық ауылдық округтерінде болып, кездесулер өткізді.
Күн тәртібінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілді кеңінен түсіндіру. Бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу және халықтың билік органдарына сенімін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның тығыз ынтымақтастығын білдіретін ұйымдастырушылық стратегия болып табылады.
Аталған жоба үздік халықаралық тәжірибе мен азаматтық қоғам ұсыныстары, сондай-ақ Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы ұсынымдары «полиция мен қоғам арасында серіктестік құрудың үздік тәжірибесі» негізінде әзірленген. Ол мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін орнату және қалалар мен елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруда мемлекеттік саясатты толыққанды іске асырады. Сондай-ақ қоғамның сын-тегеуріндері мен сұрау салуларына «еститін», «тыңдайтын» мемлекеттің бейнесін қалыптастыру бойынша бірыңғай мақсаттарды біріктіреді.