Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бекітілген кестеге сәйкес, Майдантал ауылдық округінің тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Кездесуді Майдантал ауылдық округінің әкімі Жандос Досболов ашып, жүргізіп отырды.
Аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы ауыл тұрғындарының алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелері бойынша жеке дара тоқталып, атқарылған жұмыстарды баяндап өтті. Сонымен бірге ауылдық округі бойынша бүгінгі таңға атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті. Бұдан бөлек, алдағы 2024 жылға аудандық бюджетке ауылдық округтегі өзекті мәселелерді енгізу бойынша ұсыныс пікірлері жүзеге асатынын жеткізді.
Ауыл тұрғындары тарапынан су жиналатын Тоғанның мәселесі бұған дейін де көтерілгенін айтып, ағын судың жоқтығын, тас арықтар ескірген, соларды жаңартуын сұранды. Сонымен бірге табиғи газ мәселесін алға тартып, елді мекен ішіне бейне бақылау камералар, бағдаршам орнатылса деген ұсыныстарын жеткізді. Егіз қара елді мекеніне жол салу, электр жарығы бойынша мәселе де айтылды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, шешу жолдарын қарастырды. Жиын соңында аудан әкімі жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың жеке сұрақтарына назар аударып, айтылған мәселелерді зерделеп, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Сөздің ретімен айта кетейік, 2023 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша Майдантал ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жақсы нәтижелер бар. Айталық, Майдантал ауылдық округі әкімінің аппаратына ағымдағы жылға бөлінген қаржы 88520,0 мың теңгені құрапты, оның биылғы жылы 9 айға қаралғаны қаржы 44364,0 мың теңге болып отыр. Жаратылғаны — 44 364,0 теңге. Жіктеп көрсетсек, оның ішінде:
124001015 — Аппарат шығындары бағдарламасы бойынша аппарат қызметкерлері және техникалық персонал айлық жалақылары, салықтарға, жанар-жағар май, кеңсе тауарлары, 1 С бағдарламасына, электр қуатына барлығы 39 354,0 мың теңге жұмсалды.
124006015 — мәдени іс-шаралар бағдарламасына мәдени іс-шараға 200,0 мың теңге баға ұсыныстары конкурс өткізіліп, 98,8 мың теңгеге ЖК «Меразиков» жеңімпаз атанып, 8 наурыз мейрамына мәдени іс-шаралар өткізуге және сыйлықтар сатып алуға жұмсалды.
124008015 — Көшелерді жарықтандыру бағдарламасына 43 075,0 мың теңге қарастырылып, көше бойының жарықтандыру қызметі үшін 2512,0 мың теңге, оның 2488,0 мың теңгесіне баға ұсыныстары бойынша конкурс өткізіліп, ЖК «Handmade_Merei» Ынталы ауылына трансформатор орнатылды, 13440,0 мың теңгеге Қисық Шоқпарға трансформатор линиясымен «Таң Строй Сервис» ЖШС жарықтандыру жұмыстарын аяқтауда.
124009015 – Ауыл санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 500,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, 400,0 мың теңге ЖК «Санжар» жеңімпаз атанып, көшелердегі ретсіз төгілген кұл-қоқыстарды шығаруға жұмсалды.
124011015 — Ауылдарды көгалдандыру және абаттандыру бағдарламасы бойынша 1000,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, 1441,0 мың теңгеге ЖК «DIAMOND» жеңімпаз атанып, ЛЭД экран орнатылды.
124022012 — Мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары бағдарламасына 1590,0 мың теңге қаралған, 4 моноблок 2 принтерге бағалау конкурсы өтті.
4028015 — ауылдарда спорттық іс-шаралар өткізу бағдарламасына 300,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, 300,0 мың теңгеге ЖК «Дияс» жеңімпаз атанып, 22 наурыз мерекесіне арналған спорттық іс-шара өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Ынталы елді мекені Жангелдин көшесіне жарықтандыру жұмыстарына 14560,0 мың теңгеге ашық конкурс жарияланып, «Астана SMART PIUS» ЖШС тарапынан қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.
Ынталы-Егізқара елді мекені арасын құрайтын 35 шақырым жолдың 5 шақырымына тас төсеу жұмыстарын жүргізу. Сметалық құны 35000,0 мың теңгені құрайды.
Ынталы елді мекені жоғарғы бөлігінде орналасқан су мұнарасын іске қосу жұмыстары. Сметалық құны — 21000, 0 мың теңге. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тапсырыс беруші Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып табылады.
Майдантал ауылдық округіне қарасты 9 азық-түлік және 2 монша иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың құжатарын заңдастыруда. Майдантал ауылдық округі Ынталы және Қаражон елді мекені тұрғындары пайдаланып отырған 237 үйіргелік жер телімдерінің мемлекеттік актісінде көрсетілген жер көлемінен артық жер телімдерін қоршап алып, заңсыз пайдаланып жатқандығы зерделеніп анықталды. Ауылдық округ тұрғындарының шекті мөлшерден артық жер көлемін сатып алу негізінде түскен қаражат 2568000 теңге.
. 2023 жылдың 9 айында мүлік салығы 147 034 теңге, жер салығы 112 055 теңге, көлік салығы 3 215 246 миллион теңге мөлшерінде орындалған екен.
Кәсіпкерліктің тыныс-тіршілігіне тоқталсақ, ауылдық округ бойынша шағын және орта бизнес базалары төмендегідей: Заңды тұлғалар — 1, шаруа қожалықтары — 72, сауда дүкені — 7, кафе — 1, монша – 2.
Осы тұста атап өтер жайт, «ИС Жангир» ЖШС-і тарапынан 868 миллион теңге кәсіпкерлік мақсаттағы құрал-жабдықтар алуға инвестиция тартылды. Жалпы, 9 айда 947,4 миллион теңге инвестиция тартылған.
Майдантал ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Ынталы, Қаражон және Егізқара елді мекендерінен несие алуға 40 тұрғыннан өтініш түсіп, оның ішінде 24 өтінім «Ырыс» мекемесіне өткізілді. 16 өтінім мақұлданып, 11 азамат қазіргі таңда қаржыландырылды. Ауылдық округте «Сапа-СПК» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 27,600 миллион теңге несие мақұлданды.
Назар аударарлығы, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 2023 жылы республикалық бюджет қаражатынан 100 миллиард теңге бөлініп, 17 мың шағын несие беруге жоспарланған.
Бұл ауылда 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде бөлінген қаражаттың барлығы қаржыландыру жоспарына сәйкес облыс әкімдіктеріне аударылды. Айта кетейік, қаражат ауыл шаруашылығы, қаржы министрліктері мен облыс әкімдіктері арасында жасалатын үшжақты несие шартына сәйкес аударылады.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, 88,4 миллиард теңгенің 14 284 өтінімі қаралуда, 66,2 миллиард теңгенің 10 878 өтінімі мақұлданды; 53,6 миллиард теңгеге 8 761 шағын несие берілді. ШҚО-да (1,5 миллиард теңге), Қостанай (1,6 миллиард теңге) және Павлодар (1,5 миллиард теңге) облыстарында қаражат толық игерілді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2024 жылы 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру аясында 2024 жылы – 100 миллиард теңге; 2025 жылы – 50 миллиард теңге; 2026 жылы – 50 миллиард теңге қарастырылған.
Бағдарламаны іске асыру тетігін жетілдіру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл аманаты» шеңберінде кредит берудің негізгі шарттары мен тәртібін регламенттейтін қағидалар жобасын әзірледі. Жалпы негізгі шарттар қолданыстағы жағдайларға ұқсас болып қалды, алайда бірқатар өзгерістер бар. Біріншіден, бағдарламаға қатысушылардың нақты тізімі анықталды.
Екіншіден, әрбір ауылдық округті несиелендірудің басым бағыттарын анықтау бойынша талаптар қарастырылған. Бұл ретте мал шаруашылығы бағыты бойынша бағдарламаға бөлінген қаражаттың 50 пайызынан аспайтын лимит белгіленген.
Үшіншіден, жобаларды іріктеудің негізгі өлшемдері анықталды. Бұл шара шағын несиелендіруге арналған жобаларды сапалы іріктеуге мүмкіндік береді және қаражаттың қайтарымдылығын арттырады.
Жеңіл автокөлік сатып алуға шағын несие берілмейді; жақын туыстарының ауыл шаруашылығы жануарларын; ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде шағын несие беру қаражаты есебінен бұрын сатып алынған ауыл шаруашылығы жануарларын, сондай-ақ кейін жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды сатып алуға, тұрғын үйлерді салу немесе басқа да ғимараттарды салуға шағын несие берілмейді.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерінің несиелерді мақсатты пайдалану туралы есебін автоматтандыру және қарыз алушыға шағын несиелерді беру үшін АӨК-тегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп, бағдарлама бойынша шағын несиелеудің ақпараттық жүйесін құру жұмыстарын атқаруда.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Ағымдағы жылдың I-ші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекке 36 азамат өтініш беріп, олардың ішінде 29 отбасыға тағайындалды. Ал III-ші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген азаматтар саны 24 азаматқа азайып, олардың ішінде 19 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Екі атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 2,5 пайыз несие алу үшін өтініш тастап, атаулы әлеуметтік көмектен бас тартылды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 50 азамат жұмыспен қамтылып, қазіргі таңда округте жұмыс істеп жүр.
Жастарды жұмысқа тарту негізінде Жастар практикасымен 8 жас маман Әйтеке би жалпы орта мектебінде және Майдантал ауылдық емханасында 1 жас маман жұмыс атқаруда.
Майдантал ауылдық округі бойынша өзекті мәселелер:
— Қаражон елді мекенінде интернет оптикалық интернет желісін орнату қажет.
— Бас жоспар жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу қажет (тұрғын үй жері кезегінде тұрған 256 азамат).
— Майдантал ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі ұялы байланыс интернет желісін жақсарту қажет.
— Майдантал ауылық округінің орталығы Ынталы елді мекенімен Қаражон елді мекені арасындағы 7 шақырым автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
— Майдантал ауыл округіндегі Ынталы елді мекеніне таудан келетін жер асты транзитке су құятын 5 шақырымды құрайтын тасарықты (лоток) күрделі жөндеуден өткізу қажет.
— Ауыл шаруашылығы егіс алқабына баратын тасарықты (лоток) күрделі жөндеуден өткізу қажет. Жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайды.
— Майдантал ауылдық округінің орталығы Ынталы елді мекенінің жоғарғы тау жақ бөлігінде берілген суармалы жерлерді қайтару. Қазіргі таңда осы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ортақ жайлымға кірген жайылымдық жерлер бойынша Сауран аудандық жер қатынастар бөліміне хат жолданған.
Жайылым демекші, Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында 15 жер пайдаланушы жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбай жатқандығы және Қазақстан Республикасы жер кодексінің 92-бабының талаптарына сәйкес сақтамағандығы, яғни жер учаскесін игерілмей жатқандығы анықталды. Анықталған жер учаскелері бойынша акт түзіліп, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне пайдалану және табысталу заңдылықтарына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге және жер учаскесін қайтаруға ықпал жасау үшін хаттар жолданған.
Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері тарапынан игерілмей және мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтап жергілікті атқарушы органдарға ұсыну жұмыстары мүлдем жүргізілмеді. Жоғарыда анықталған жер учаскелеріне қатысты заңбұзушылықтар Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан жүргізіліп, анықталды.
Тағы бір атап өтерлігі, Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар 126,9 гектар болатын. Оның ішінде: 48,5 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтару арқылы, 78,4 мың гектар жер учаскесі меморандум арқылы қайтару жоспарланған. Ал бүгінгі таңдағы жоспардың орындалуына келсек, емлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың гектар жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың гектар жер учаскесіне шаруа қожалығы иелерімен келісімшарт түзумен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы жоспар бойынша орындалғаны 121 260 мың гектар жер учаскесін құрады. Бүгінгі таңда 10 жер учаскесі бойынша сотқа талап арыз жолданып, 1 жер учаскесі жалпы алаңы 200,0 гектар жер телімі сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылды. Алдағы уақытта ҚР Жер кодексінің 82-ші бабына сәйкес, өз еркімен немесе сот арқылы мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары толығымен жүргізілетін болады.
Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған.
Сонымен қатар Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ситуациялық сызбаға сәйкес мемлекеттік арнайы жер қорының есебіндегі жалпы алаңы 40000 мың гектар жер учаскелері әр ауылдық округтің теңгеріміне бекітіп беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша Түркістан облысының жер ресурстар басқару департаменті тарапынан Сауран ауданына қойылған жоспарға сәйкес мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының қамтамасыз ету жоспары 2023 жылға 30,0 мың гектар қойылған.
Оның қазіргі күнгі орындалуына келсек, 14,8 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарлды, алдағы уақытта 16,2 мың гектарға әр ай бойынша қайтару жоспары бектілген.
Түркістан облысы жер қатынастары басқармасы тарапынан 2023 жылға елді мекендерді жайылыммен қамтамасыз ету бойынша жоспар 29,5 мың гектар қойылған.
Оның ішінде: 1-бағытқа 27,0 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланса, 2-бағытқа 2,5 мың гектар жер учаскесін ортақ жайылым қажеттілігінен төмендету межеленген.
Орындалуына келсек, 1-бағыт бойынша 10,2 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 2-бағыт бойынша 12,9 мың гектар жайылым жүктемесінен төмендетілді.