Шорнақта жол жиегіне темір бетон арықтары жүргізілуде

image.png

Жолдардың сапалы болуы көлік қатынасының жақсаруына, тауар айналымының артуына және еңбек ресурстарының мобильді болуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде экономиканың барлық секторларындағы белсенділіктің артуына жол ашады. Осы негізде ауданда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров  осынау маңызды бағытқа айрықша назар аударып, тиісті тапсырмаларын беруде. 

“Нұртас-Шорнақ-Бабайқорған” автомобиль жолы облыстық маңызы бар жолдар санатына жатады. 2022 жылы басқарма тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда, қатты жауын шашынның салдарынан жол беті мен жол жиегіне су жиналу байқалған. Осы негізде, демеушілер есебінен жол жиегіне темір бетон арығы салынып жатыр. Қажетті жабдықтары жеткізіліп, орнату жұмыстары жүргізілуде. Қараша айының соңында дейін темір бетон арығы орнатылып, аяқталатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер