Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

image.png

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылық саласының ардагерлері, шаруа қожалықтарының төрағалары мен тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137,4 гектар, биылғы жылға 44082,3 гектар егістік жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 1945,0 гектар артық егілген. Ал, 2024 жылға биылғы ағын су тапшылығы себепті жоспар 1082,0 гектарға төмен қойылып отырғанын атап өтті.

Түркістан магистральдық каналынан ағын су ағымдағы жылдың наурыз айының бірінші 10 күндігінен бастап босатылып, 6-шы мамырға дейін берілген. Ал, 6 мамыр мен 12 маусым аралығында (37 күн) егістік алқаптарға су босатылуы тоқтатылған. Бұдан кейін «Бөген су» қоймасынан ағын су бітуіне байланысты 1 тамызда тағы да тоқтатылып отыр.

Ағын су мәселесін шешу үшін Түркістан облысының су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтірудің 2023-2030 жылдарға арналған жол картасы жасалған. Жол картасы бойынша «Бөген» су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстарына 2024 жылдың маусым айына дейін 148,0 миллион теңгеге жобалық сматалық құжатама әзірленуде. Бұдан бөлек, Сауран ауданында ветеринариялық-санитариялық ғимараттармен қамтылуы бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы үш жақты келісім-шарт бекітілген. 

Сібір жарасы ауруымен ауырған мал көмілген орын мен мал өлекселерін тастайтын орындардың санитарлық қорғаныш аймағы радиусы 1000 метр болып бекітілген. Алайда аудан аумағында орналасқан 6 дана сібір жарасы ошағының жанынан жеке және заңды тұлғаларға 332 жер телімі берілген. 

Жыл сайын мақта бағасы төмен түсуде, бұл шаруалардың еккен егістік көлемін ақтамай отыр. Оның үстінде ағын су мәселесіде өзекті екенікөпшілік тарапынан айтылды. Сондықтан шаруалар мақта дақылының орнына, ағын суды аз тұтынатын және жаңа технологияларды қолдана отырып, (тамшылатып, жаңбырлатып суару) мал азықтық дақылдарға немесе басқада егістік дақылдар егу жолдарын қарастыру қажеттігі айтылды.

Жиында «Тұран Су» мекемесінің өкілі Дархан Әбдішәкір өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәжіліс барысында шаруалар ағын су мәселесі туралы көптеген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ағын су мәселесі бойынша жиналыстың қорытындысы негізінде арнайы қоғамдық кеңес құрылды. Аталмыш кеңес алдағы уақытта ауылдық округтерге арнайы барып, қажетті жұмыстарды жүрізетін болады.

Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ауыл шаруашылық бөлімі мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Ағымдағы жылдың 9 айында Сауран ауданы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 6 миллиард 164 миллион теңге инвестициялар тартылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артқан. Жыл соңына дейін 11 миллиард 332 миллион теңге көлемінде инвестиция тартылады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, алдағы уақытта жалпы құны 4 миллиард 260 миллион теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Атап айтқанда:

— Оранғай ауылдық округінде «Балмұздақ» серіктестігі – балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға арналған қойманы салуда, жалпы инвестиция құны 2,5 миллиард теңгені құрайды, 100 жұмыс орны ашылады;

— Ескі Иқан ауылдық округінде «AgroFoodTrade» серіктестігі – мақта майын өндіру цех жобасы іске асыруда, жалпы инвестиция құны 500 миллион теңгені құрайды, 10 жұмыс орны ашылады;

— Оранғай ауылдық округінде «БНК АГРО KZ» серіктестігі – мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысының жобасы жоспарлануда, жалпы инвестиция құны 400 миллион теңгені құрайды, 7 жұмыс орны ашылады;

— Жібек жолы ауылдық округінде «Тәуекел Агро» шаруа қожалығы – жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасы іске асыруда, жалпы инвестиция құны 400 миллион теңгені құрайды, 10 жұмыс орны ашылады.

— Жібек жолы ауылдық округінде «JMJ Агро» ЖШС — жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасын іске асыруда, жалпы инвестиция құны – 400 миллион теңгені құрайды, 6 жұмыс орыны ашылады.

Сауран ауданы жыл сайын ағын су тапшылығын сезінуде. Осыған сәйкес, ағын суды үнемдеу және тиімді пайдалану мақсатында, бірнеше жобалар іске асырылу үстінде.

Атап айтқанда, Сасықбұлақ су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың қайта құру жұмыстарына (8,67 шақырым) және Ақтөбе су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр (12,1 шақырым).

Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округіндегі «Қосқорған» су қоймасын күрделі жөндеу жүргізуге және Майдантал ауылдық округіндегі «Майдантал» су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер