Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті

image.png

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың есепті кездесуі Бабайқорған ауылдық округінің тұрғындарымен өтті. Алдымен әкім өткен есепті кездесуде көтерілген өзекті мәселелердің шешімін баяндап өтті. Абай елді мекеніндегі Көксарай көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Келісім-шарт құны – 6,8 миллион  теңге. Бабайқорған ауыл округіндегі қоқыс полигонының аумағына қоршау орнату жұмыстары жүргізілген. Келісім-шарт құны – 7,0 миллион  теңге. Бабайқорған елді мекеніне воркаут, балалар алаңшасы, футбол алаңшасын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келісім-шарт құны – 18,1 миллион  теңге. Көше жарық шамдары бағаналарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

109 байланыс жүйесіне тұрғындардан түскен хабарламалардың басым көпшілігі ауыз су мен электр жарығы. Аудан әкімінің айтуынша ағымдағы жөндеу жұмыстары келесі жылдың І-тоқсанында толық аяқталады. Аудан бойынша 67 су айдайтын насос моторлары жаңартылды. Ауыл ішілік 117 көше тас төсеуді қажет етеді. Көшеге тас төсеу жұмыстары да келесі жылдың І-тоқсанына дейін аяқталады. 

Аудан бойынша 1132 үйдің заңсыз салынғандығы анықталған. Оның 16-сы Бабайқорған ауыл округінде. 6 жер иеленушінің 1147 гектар жерін елді мекенің ортақ жайылымына қайтару жұмыстары жүргізілуде. Бабайқорғандағы басты мәселе байланыс жүйесі. Аудан тұрғындары байланыстың нашарлығы туралы жиі шағымданады. Тиісті мекемеге халықтың мұқтажы жетті. Анықтап, зерттеп зерделеу жұмыстарының нәтижесінде байналыс операторларына заңды түрде шара көрілді. 

-Түйткілді мәселені шешуге сылтауды тізбектемей, нақты шешу жолдарын ұсыну қажет. Атқарылуы тиіс жұмыстарды жандандыруды тапсырамын. Бабайқорғандық шаруалар бұған дейін ағын су мәселесін ұдайы көтеріп келеді. Ауданда 9 су каналының, 4-уі күрделі жөндеуді қажет етеді. Құрметті тұрғындар! Менің сіздерден жасыратыным жоқ. Кез-келген мәселені сіздермен кездесу келгенде ғана айтпай, күнделікті хабарлап отырсаңыздар, мәселе қордаланбайды,-деп жиынды қорытындылады аудан әкімі.

 Бабайқорған ауылдық округі кейінгі жылдары жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұған ауылдық округтің  ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы көрсеткіштер куә бола алады.

Бабайқорған ауылдық округі әкімінің аппаратына 2023 жылы 9 айда 87 991,0 мың теңге жоспарланған. Орындалуы 87 988,7 мың теңгені құрап отыр, яғни 99,9 пайыз, 2,3 мың теңге үнемделген.

Тарата айтсақ, .001-бюджеттік бағдарламасы бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 41606 мың теңге жоспарланған, орындалуы — 41604,8 мың теңге, 1,2 мың теңге үнемделген қаржы. Оның ішінде еңбекақы — 19917,0 мың теңге, өтемақы төлемдері — 5647,0 мың теңге, әлеуметтік салық — 855,0 мың теңге, мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар — 532,0 мың теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар — 504,0 мың теңге, техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу — 9139,0 мың теңге, техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары — 778,0 мың теңге, отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу — 572,0 мың теңге, өзге де қорларды сатып алу — 644,0 мың теңге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу — 10,0 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу — 2232,2 мың теңге, ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар — 307,8 мың теңге, өзге де ағымдағы шығындар 466,7 мың теңгені құрап отыр.

.008-бюджеттік бағдарламасы бойынша Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 23988,0 мың теңге жоспарланған. Орындалуы  — 23987,9 мың теңге, 0,1 мың теңге — үнемделген қаржы. Оның ішінде Бабайқорған ауылдық округі бойынша трансформаторлық қосалқы станцияларды орнату жұмыстары — 18728,9 мың теңге, Сауран ауданы, Бабайқорған ауылы көшелерінің бойындағы жарықтандыру бағанын ағымдағы жөндеу жұмыстары — 1090,0 мың теңге, Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру қызметіне — 3300,0 мың теңге, Бабайқорған ауылдық округі көшелерінің бойындағы жарықтандыруды ағымдағы жөндеуге 869,0 мың теңге бөлінген.

.009-бюджеттік бағдарламасы бойынша Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету үшін 498,0 мың теңге жоспарланған, орындалуы  — 497,3 мың теңге, 0,7 мың теңге — үнемделген қаржы.

.011-бюджеттік бағдарламасы бойынша Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 3367,0 мың теңге жоспарланған, орындалуы  — 3366,7 мың теңге, 0,3 мың теңге — үнемделген қаржы. Оның ішінде Бабайқорған ауылдық округіндегі жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарына — 2499,7 мың теңге, Баннер әзірлеу қызметтеріне -510,0 мың теңге,  билборд әзірлеу қызметтеріне 357,0 мың теңге қаралған.

.022-бюджеттік бағдарламасы бойынша Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына 532,0 мың теңге жоспарланған, орындалуы — 532,0 мың теңге. Оның ішінде Роликті көлденең -52,0 мың теңге, 1 дана Принтер МФУ 3-і 1 лазерлік — 113,1 мың теңге, 4 дана ҚР Туы — 18,4 мың теңге, 2 дана ҚР Елтаңба — 41,8 мың теңге, 1 дана Ноутбук 306,7 мың теңге тұрады.

.045-бюджеттік бағдарламасы бойынша Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге 18000,0 мың теңге жоспарланған, орындалуы — 18000,0 мың теңге, оның ішінде Сауран ауданы, Байбайқорған ауылы, Үлгілі елді мекеніндегі Б.Майлин көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 18000,0 мың теңге бөлінген, жұмыстар орындалуда.

Кәсіпкерлік саласында ауылдық округ бойынша шағын және орта бизнес базалары төмендегідей: ағымдағы  жылы есепті кезеңіне 8 жеке кәсіпкер тіркелген және 8 кәсіпкер жеке дүкендері арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Заңды тұлғалар — біреу, шаруа қожалықтары -11, сауда дүкені — 8, тойхана — біреу.

Абай ауылында «Нұрбақыт» балабақшасы салынуда. Жер көлемі өзгертіліп, нысаналы мақсатын өзгерту үшін құжаттар дайындалып жатыр. Жоба құны — 400 миллион теңге.

Ал «Ер-Нұр» шаруа қожалығы 525 ақ бас сиыр әкелді. Инвестиция көлемі 420 миллион теңгені құрайды. Жалпы, ауылдық округке 9 айда 820,0 миллион теңге инвестиция тартылған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша. Ауыл тұрғындарының атаулы әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. 2023 жылы  I, ІІ, ІІІ тоқсандарында атаулы әлеуметтік көмекке 54 азамат өтініш беріп, олардың ішінде 35 отбасыға тағайындалып, 19 отбасының құжаттары кері қайтарылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 68 азамат жұмыспен қамтылып, қазіргі таңда округте еңбек етіп жүр.

Жастарды жұмысқа тарту негізінде Жастар практикасымен 10 жас маман Бабайқорған ауылдық округі бойынша жұмыс атқарып жүр.

Ауылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары да қолға алынғанын айта кету керек. «Бабайқорған ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында ауылдық округ әкімінің бас маман А.Ержигитов баяндама жасап, іс-шара барысында Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мемлекеттің жүргізіп жатқан саясаты тақырыбында және сыбайлас жемқорлық үшін  қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті  реттейтін арнайы нормативтік–құқықтық актілер туралы айтылып, тұрақты түрде жиналыстар өткізліп хаттама түзіледіндігін баяндады.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын насихаттау мақсатында «Жемқорлық – жегі құрт» атты мақала «Сауран» газетінің 2023 жылдың 15 ақпанындағы  №7 (66) санында жарияланған.   

Бабайқорған ауылдық округінің әкімі А.Абдраимов сөзінше Бабайқорған ауылдық округі бойынша алдағы уақытта келесідей жұмыстар жоспарланған:

 —  Бабайқорған ауыл округіне воркаут, балалар алаңшасын, футбол алаңшасын орнату. Жобалық-сметалық құны 34,979 миллион теңгені құрайды.

 — Бабайқорған ауыл округіндегі қоқыс полигонының аумағын қоршау жұмыстарын атқаруға жеңімпаз анықталып, тиісті жұмыстар жүріп жатыр.

 —    Бабайқорған ауылдық округіне трансформатор орнату (6 дана). Жобалық-сметалық құны — 34,053 миллион теңге көлемінде.

—  Бабайқорған ауылдық округі Үлгілі елді мекеніндегі Б.Майлин көшесін орташа жөндеу. Келісімшарт 20 миллион 340,95 мың теңгеге жасалды, жеңімпаз «Сарбаз-Қуат» ЖШС болып табылады, орындалу мерзімі 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін деп белгіленген болатын.

 — Бабайқорған ауылдық округі Абай ауылындағы «Ақтөбе» су қоймасынан егістікке тас арық (лоток) салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 12 миллион 600 мың теңге бөлінді.

—  Бабайқорған ауылдық округі Үлгілі  ауылындағы «Сасық бұлақ» су қоймасынан егістікке тас арық (лоток) салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 13 миллион 457 мың теңге бөлінді.

—  Бабайқорған ауылындағы мәдениет және кітапхана құрлысына 390 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, бюджетке ұсынылды.

 —  Бабайқорған – Абай ауылдары арасындағы 9 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды, құны — 5 миллион теңге.

—  Абай елді мекені мен Көксарай ауылын жалғайтын көпірді ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жарияланып, жеңімпаз ретінде ЖК «AIZHAMAL» анықталды. №4 келісімшарт 2023 жылғы 13 наурызда жасалды, сомасы 6 899,5 мың теңгені құрайды.

— Бабайқорған ауылындағы орталық спорт алаңына 99 миллион 743 мың теңге қаражат бөлініп, құрылысы жүргізілуде.

—  Бабайқорған елді мекеніде жеке кәсіпкер Алибек Құрбанов 500 орындық Имандылық асханасын салуда.

—  Бабайқорған ауылдық округіндегі көшелерді жарықтандыру бағандарының ағымдық жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жарияланып, жеңімпаз ретінде ЖК «МЕГА СЕРВИС» анықталды. №31 келісімшарт 2023 жылғы 26 маусымда жасалды, сомасы 1090 000 теңгені құрайды.

—  Бабайқорған ауыл округіне қарасты Игілік елді мекенінде бүгінгі таңда ауыл статусын алуға жұмыстары жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер