Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Сессияны Сауран аудандық мәслихатының депутаты Ержан Мұстапаев ашып, жүргізіп отырды.
Сессияға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек:
1) Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №170
«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №186 «2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Күн тәртібіндегі аталған 2 мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов баяндама жасады. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.