Сауранда сансыз тірлік атқарылуда

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн», - деп ерекше атап өткен болатын.

Жолдаудағы тапсырмаларға орай, құрылғанына үш жылға жақындаған Сауран ауданының еңбеккерлері барлық салада толайым табыстарға қол жеткізуде. Ауданның басты көрсеткішінің барометрі бюджеті дейтін болсақ, 2023 жылға Сауран ауданының бюджетінің жалпы көлемі 8 миллиард  999,0 млн. теңгені құрады. Оның ішінде жергілікті кірістер жоспары 2 миллиард 390,4 миллион теңге көлемінде бекітілді. Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен 1 миллард  777,9 миллион  теңгені құрады. Жоспарлы тапсырма 116,5 пайызға немесе 251,3 миллион  теңгеге артығымен орындалды. Бюджеттің шығыстар бөлігінде есепті кезеңге 9 айға жоспарланған 5 миллиард  805,3 миллион  теңге 99,5 пайызға игерілді.

Қазақстан негізінен ауыл шаруашылығы мемлекеті болып табылады. 2023 жылдың 8 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 30,7 миллиард  теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,5 пайызға артқандығы байқалды. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың 8 айында 27,5 миллиард  теңге болатын. Оның ішінде салалар бойынша бөлек тоқталуға болады. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 2,9 миллард  теңгені құрады. 2021 жылдың 8 айында 21,0 миллиард  теңге болатын. Нақты көлем индексі 99,3 пайыз. Өнеркәсіп саласында кәсіпорындар 5,5 миллиард  теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 миллард  теңгеге артты (2021 жылдың 8 айында 4,4 миллиард  теңге болатын. Нақты көлем индексі 107,3 пайыз. Айта кетерлігі аудан көлемінде 1,5 миллиард  теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,5 пайызға артқан. Яғни, 2021 жылдың 8 айында 1,5 миллиард  теңге болады. Өткізілген тауарлар көлемі 737,1 миллион теңгені құрады. Өсім 103,1 пайызға жеткен. 2021 жылдың 8 айында 570,0 миллион теңге болатын.

Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137 гектар егістік жер игерілсе, биылғы жылға 42 200 гектар егістік жерді игеру тапсырмасы берілді. Бүгінгі күнге нақты 43 530,8 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыс-тырғанда 1 393,4 гектарға артығы-мен орындалды немесе 103,1 пайызды құрады. Есепті кезеңде аудандағы мал саны 751,1 мың бас, құс саны 160,0 мың басты құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызға артты.

2022 жылы Сауран ауданына ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 6 миллиард  300 миллион теңге тапсырма берілсе, жыл қорытындысымен 7 миллиард  141 миллион теңге инвестиция тартылып, 113,4 пайызға орындалды. Ал, 2023 жылға 11 миллиард 332 миллион теңге тапсырма беріліп, 8 айдың қорытындысымен 3 миллиард 960 миллион  теңгеге орындалды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артты. Бұдан бөлек, алдағы уақытта ірі шаруалар бойынша жалпы құны 4 миллиард  468 миллион  теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Үшқайық ауылдық округінде «Иманқұл ата» шаруа қожалығының – балық шаруашылығын дамыту жобасының жалпы инвестициялық құны 608,0 миллион  теңгеге жеткізілді. Оранғай ауылдық округінде «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасының жалпы инвестициялық құны 2,56 млрд. теңге болды. Ескі Иқан ауылдық округінде «AgroFoodTrade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – мақта майын өндіру цехы жобасы, жалпы инвестиция құны 500,0 миллион  теңге. Оранғай ауылдық округінде «БНК АГРО KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – мал азығын дайындайтын құрама жем (комбикорм) цех құрылысының жобасы, жалпы инвестиция құны 400,0 миллион теңге. Жібек жолы ауылдық округінде «Тәуекел Агро» шаруа қожалығының – жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасы, жалпы инвестиция құны 400,0 миллион теңге.

Бүгінгі күнге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 134 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 231,2 миллион теңгені құрайтын 41 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 169,3 миллион теңгені құрайтын 32 жоба, Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 94,9 миллион теңгені құрайтын 15 жоба, Майдантал ауылдық округі бойынша 51,0 миллион теңгені құрайтын 10 жоба несие комитетімен мақұлданды.

Қазіргі таңда мақұлданған, құны 261,0 миллион  теңгені құрайтын 50 жоба «Ырыс МҚҰ» тарапынан қаржыландырылып, 38,5 миллион  теңгені құрайтын 7 жобаның кепіл шартын тіркеу сатысындағы жұмыстары жүргізілуде. Қаржыландырылған азаматтар бүгінгі таңда өзге облыстан сауын сиыр және ірі қара мал сатып алу жұмыстарын жүргізуде.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда. Су шаруашылығы бойынша Бабайқорған ауылдық округінде екі жоба іске асуда. Атап айтқанда, Сасықбұлақ су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың қайта құру жұмыстарына 8,67 шақырым және Ақтөбе су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың 12,1 шақырымына құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджетке ұсынылатын болады. Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округіндегі «Қосқорған» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Майдантал ауылдық округіндегі «Майдантал» су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 миллиард  теңгеден астам инвестиция бағытталып, екі есеге өсті. 2021 жылы 12,4 миллиард теңге, 2022 жылы 25,9 миллиард теңге болатын. Биылғы 8 айда инвестиция көлемі 15,7 миллиард теңгені құрады. Жылдық жоспар 30,1 миллиард теңге болып отыр.

2023 жылға 14,4 миллиард теңгеге 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ол арқылы 508 жұмыс орны ашылатын болады. Жыл басынан бері 5,3 миллиард  теңгеге 37 жоба іске қосылып, 149 жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Сол кезде 359 жұмыс орны ашылмақ.

Аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 миллиард  491,1 миллион  теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыс-тырғанда 107,3 пайызды құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өңдеу өнеркәсібінде 3 миллиард  651,6 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,0 пайызға жеткен.

Биылғы жылы 8 айдың қорытындысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы арқылы, кәсіпкерлік субъектілерін 800,0 миллион  теңгеге жуық жеңілдетілген 6 пайыздық несиемен 11 жоба қаржыландырылды.

Бірыңғай индустрияландыру картасы және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс орындарын іске қосу және сүйемелдеу бойынша қажетті шараларды қабылдануда. Соның бір дәлелі Өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылға жүзеге асырылуы жоспарланған «Sauran Plast» ЖК, жоба құны 675 миллион  теңгеге 15 жұмыс орнымен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуден полиэтилен пакет және құбыр өн-дірісі жобасына сүйемелдеу жұ-мыстары жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында І-ші кезеңі іске асырылды.

Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 901 жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 4 828-ге өсті. 2021жылы 2073 кәсіпкерлік субъектілері бар болатын. Қазіргі таңда осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5 пайызға артты.

Ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі сауда-саттық қызметі. Есепті мерзімде аудан бойынша бөлшек сауда көрсеткіші 718,2 миллион теңгеге яғни 103,1 пайызға орындалды.

Жалпы Сауран аудан бойынша жер көлемі – 721,7 мың гектар. 2022 жылы 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 51,3 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар артығымен орындалған.

2023 жылға жоспар 30 мың гектар белгіленген. Бүгінгі таңда 14 725 гектар жер ортақ жайылымға қайтарылды. Алдағы уақытта жайылым мәселесі толығымен шешілетін болады.

Аудан аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жалпы 13 келісім шарт және 20 лицензия тіркелген. Жалпы саны 33. Оның ішінде басым көпшілігі Шорнақ ауылдық округінде орналасқан (15).

2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жұмысшы топ өкілдері заңсыз жер пайдаланушыларды анықтау мақсатында 43 рет аралау жұмыстарын жүргізді. Үш рет жұмысшы топтың жиналысы өткізілді. 102-сымтетігіне 13 рет хабарлама беріліп, ішкі істер органдарына тіркелді. Сонымен қатар, 23 ауыр жүк көліктері айыптұраққа қойылып, жалпы соммасы 2,7 миллион теңге айыппұл салынды. Облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне 10 рет және экология департаментіне 10 рет тиісті шара қолдану үшін хаттар жолданды.

2023 жылдың 8-11 тамыз ара-лығында Сауран ауданы аумағын-да орналасқан 18 жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындарға маркшейдер мамандарымен бірле-се мониторингтік бақылау жұмыс-тары жүргізілді.

Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Ауыз сумен қамту көрсеткіші – 84,7 пайызды құрады. Ағымдағы жылы Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылды. Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысына ағымдағы  жылға қаржы бөлініп, құрылысы жүруде. Құны – 243 миллион теңге, нысан қазан айында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 43 абонент, 268 адам таза ауыз сумен қамтылады. Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендерінде жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қыркүйек айына алу жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекенінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-мен үш елді мекенді Еңбекші Дихан, Ораңғай,Текені ауыз сумен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде Ауыз су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша, С.Қожанов елді мекеніне жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ауыз су жүйесімен қамтуға құрылыс жұмыстарын жүргізу экономикалық жағынан тиімсіз деп танылған Егізқара бір елді мекенге кешенді блок модуль орнату жоспарланған. Сонымен қатар, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары 7 елді мекенде Серт, Ибата, Жүйнек, Қарашық, Құмтүін, Қосмезгіл, Қызылжолда жүргізілуде. Барлау жұмыстары қорытындысына сәйкес, аталған елді мекендерде жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысы жүргізілетін болады.

Сауран ауданындағы 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. Бір Егізқара елді мекені күн сәулесі батареясынан қуат алуда. Қазіргі таңда, Шорнақ, Қосмезгіл, Еңбекші Дихан елді мекендердегі жаңадан қоныстан-ған аумақтарға электр желілерін жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаның жалпы құны – 1,3 миллиард теңге болып отыр. Соны-мен қатар, Ескі Иқан, Оранғай, Бабайқорған, Жүйнек елді мекен-дердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

Сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында 2023 жылы Шорнақ және Ескі Иқан ауылдық округтерінде 10 кВт - 6,4 шақырым электр желісі, Үшқайық, Шаға және Бабайқорған ауылдық округтеріне 0,4 кВт - 10,6 шақырым электр желісі ауыстырылады.

Меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-мен 14 елді мекенді сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Олардың құрамында А.Үсенов, Ескі Иқан, Бершінтөбе, Ынталы, Қаражон, Сауран, Ескі Сауран, Қосқорған, Құмтүйін, Шыпан, Шекербұлақ, Аша, Серт, Абай ауылдары бар.

Сауран ауданындағы 36 елді мекеннің, 11 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр Олардың қатарында Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстан 30 жылдығы ауылдары бар. 2023 жылы бес елді мекенге табиғи газ қосылады. Олар Ескі Иқан, Ибата, Ойық, Бершінтөбе, Шоқтас.

Бүгінгі күнге, табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ (құны - 1,1 миллиард теңге), Қосмезгіл (құны - 1,6 миллиард теңге), Оранғай (құны - 2,9 миллиард теңге) елді мекендері, Жүйнек, Шыпан, Шекербұлақ, Қарашық және Құмтүйін елді мекендерінде (құны – 8,0 миллиард теңге) ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сонымен қатар, Бостандық, Қосқорған және Еңбекші Дихан елді мекендерінде ішкі табиғи газ құбыры құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, Жүйнек, Қарашық, Оранғай, Шорнақ ауыл оуругтеріне магистральді табиғи газ құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын қазан айында алу жоспарланған.

Қалған ауылдық окургтерді (Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы) 2024 жылы жобалау жұмыстары жоспарланып отыр.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы тас және топырақ жолдар. Елді мекендердің ішкі көшелері 731,1 шақырым. Оның ішінде: 308,3 шақырымы асфальтталған, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар. «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде 11,2 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: Жаңа Иқан ауыл округы, Ибата елді мекені, Бостандық, Ұлықбек, Б.Шалбаев көшелерін орташа жөндеу (2,8 шақырым);

- Ескі Иқан ауыл округы, Ескі Иқан елді мекені, Ұлықбек, Жаңа Иқан, Шымкент, Х.Алимжан, М.Ауезов, Сұлтан Қожа, Салауат көшелері және Мәшһүр Жүсіп елді мекенінде Достық-2,4 көшелерін орташа жөндеу (6,35 шақырым);

- Үшқайық ауыл округы, Теке елді мекені, Молдағұлова, Абай, Үсенов, Бейбітшілік, Қонаев көшелерін орташа жөндеу (2,05 шақырым);

Сонымен қатар, 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 11,8 шақырымды құрайтын 11 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде:

- Жүйнек ауыл округы, Қуаныш, Ғасыр көшелерін орташа жөндеу (2,2 шақырым);

- Бабайқорған ауыл округы, Б.Майлин, С.Қожанова көшелерін орташа жөндеу (2 шақырым);

- Қарашық ауыл округы, Ақтанбаев көшесін орташа жөндеу (1,5 шақырым);

- Жібек Жолы ауыл округы, Т.Ерімбетов көшесін ораташа жөндеу (1,1 шақырым);

- Оранғай елді мекені, Мешіт көшесін орташа жөндеу (1,5 шақырым); 

- Шаға ауыл округы, Фурхат, Жастар, Тағайлы, Темірқорған көшелерін орташа жөндеу (3,5 шақырым);

Сондай-ақ келесі жобаларға сараптаманың оң қорытындысы алынды:

- «Оранғай - Қосқорған» 12 шақырымдық автожолын күрделі жөндеу;

- «Бабайқорған - Абай» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;

- «Шорнақ - Жібек Жолы - Ескі Сауран қалашығы» 15 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;

- А.Үсенов ауылына кіре беріс 4 шақырым автожолын орташа жөндеу;

- Құмтүйін ауылына кіре беріс 3 шақырым автожолын орташа жөндеу;

- «Бабайқорған-Игілік» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;

- «Майдантал-Қаражон» 6,3 шақырымдық автожолын орташа жөндеу.

Сонымен бірге, «Аша елді мекеніндегі аспалы көпір» нысанының құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысын алуға жолданған.

Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен «Түркістан - Ескі Иқан» бағыты бойынша жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған.

Ауданішілік 6 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын ашуға конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталған (SAR Avto ЖШС). Қазіргі таңда субсидиялау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда:

- Қаражон – Шорнақ - Қазақстанның 30 жылдығы – Шорнақ - Қаражон;

- Абай – Шорнақ - Қазақстанның 30 жылдығы – Шорнақ - Абай;

- Жалаңтөс - Қазақстанның 30 жылдығы – Жалаңтөс;

- Шорнақ – Құмайлықас - Шорнақ;

- Шорнақ - Ескі Сауран - Шорнақ;

- Шорнақ – Нұртас – Шорнақ.

Сауран ауданы бойынша 36 елдімекен ішінде, тұрғындарының саны 5 мың адамнан асатын 6 елді мекен және 5 мың адамға дейінгі 26 елдімекен бас жоспар мен оңтайландырылған жобалармен қамтылған. Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 4 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы жүруде.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бабайқорған ауыл округі, Бабайқорған елді мекенінде «Спорт зал» құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысанды пайдалануға тапсыру ағымдағы  жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Сонымен қатар, білім саласында Оранғай ауыл округі, Оранғай елді мекенінде 150 орындық мектептің құрылысы жүруде. Құны 697,0 миллион  теңге. Нысан 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысына демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға ұсынылған. Сараптама қорытындысын 2023 жылғы қазан айының соңына дейін алу жоспарлануда.

Мәдениет саласында Бабайқорған ауыл округі, Бабайқорған елді мекенінде клуб, кітапхана құрылыс нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сметалық құны – 397 миллион 643,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға 2024 жылдың бюджетіне ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында «Мәдениет үй» құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын 2023 жыл аяғына дейін алу жоспарлануда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджетке енгізілетін болады.

Спорт саласында Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында «Спорт кешені» құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп сараптаманың оң қорытындысы алынды. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс енгізіледі. Сонымен қатар, Жаңа Иқан ауыл округі, Ибата елді мекені, Үшқайық ауыл округі, Теке елді мекені және Бабайқорған ауыл округі, Абай елді мекенінде «Спорт зал» құрылысын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын ағымдағы  жылғы қараша айының соңына дейін алу жоспарлануда. Сондай-ақ, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінде «Спорт зал» салу үшін демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын 2023 жылғы қараша айының соңына дейін алу жоспарлануда.

Әлеуметтік салада Оранғай ауыл округі, Оранғай елді мекенінде 200 орындық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығының құрылысы жүруде. Құны 2 миллиард  400,0 миллион теңге. Нысан 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Оранғай ауыл округінде сыйымдылығы 50 орындық психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы жүруде. Жоба құны – 3,2 миллиард  теңге. Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында, биылғы  жылы Сауран ауданы бойынша 5990 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.

«Ұлттық жоба» аясында ағымдағы  жылдың 8 айында 5934 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 4903 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған, орындалу пайызы 82,0 пайыз; Оның ішінде, жұмыссыздар – 3741 азамат, өзін өзі қамтығандар - 78 азамат, жұмыс іздеушілер – 703 азамат және 381 азамат компазиттік қызметке тіркелді.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмысқа – 270 орын жоспарланған, нақты қамтылғаны 267 азамат, орындалуы 99,0 пайыз.

Жастар практикасына – 650 орын жоспарланған, қамтылғаны 206 азамат, 31,6 пайыз. Қәзіргі таңда оқу орындарымен және жұмыс берушілер арасында үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша Жастар ресурстық орталығы мекемесімен бірлесе жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында түрлі шаралар өткізілуде.

Қоғамдық жұмыстарға – 800 орын жоспарланған, қамтылғаны 1 110 адам, орындалуы 138,7 пайыз.

Алғашқы жұмыс орындарына – 65 орын жоспарланған, қамтылғаны 60 адам, орындалуы 92,3 пайыз.

«Күміс жас» жобасына бойынша жалпы жыл бойына 90 орын жоспарланған, қамтылғаны 120 адам, орындалуы 133,3 пайыз.

Мемлекеттік грантқа – 100 орын жоспарланған. Бірінші лектің қорытындысына сәйкес 50 адам мемлекеттік грант иегері атанды.

«Бастау бизнес» жобасы аясында 180 азаматты оқыту жоспарланып, 8 айлық қорытынды бойынша 847 азамат оқытылды.

Тұрақты жұмыс орындарына – 2 616 орын жоспарланған. Бос жұмыс орындарына 2 215 адам жоспарланған, 8 ай қорытындысына сәйкес, жолданғаны 1 084 адам, орындалу пайызы 49  пайыз. Алдағы уақытта аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыстар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

«Ұлттық жоба» шеңберінде көзделген 21 нысан бойынша жаңа жұмыс орындарына 401 адам жоспарланған, 15 нысанға 138 адам жолданды. Орындалу пайызы 34,4  пайыз. «Ұлттық жоба» шеңберінде белгіленген мердігерлермен 2 жақты меморандум түзілді.

2023 жылы 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру бойынша 1 242 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі таңға 879 адам жолданып 70,7% орындалып отыр.

Биылғы  жылдың 8 айында 604 отбасының 3 767 адамына 215 миллион  751,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінде еңбекке жарамды 1106 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 1109 балаға 28 миллион 234,8 мың теңге қосымша төлем жүргізілді. 2023 жыл мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар ішінен 6 отбасы мемлекеттік қайтарымсыз грант алды.

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен жыл басынан 32 отбасына 1 миллион  066,0 мың теңгеге материалдық қаржылай көмектер көрсетілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша 1 адам тұрақты, 1 адам қоғамдық жұмыстарға орналасты.

Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымдарына еркін кіріп шығу мақсатында қолжетімді орта қалыптастыру бойынша 2023 жылға 12 нысанды жыл соңына дейін бейімдеуден өткізу жоспарланды.

Ағымдағы жылдың 8 айында 7 нысан бейімдеуден өтіп интерактивтік картаға енгізілді, олар: Жүйнек, Иассы, Оранғай, Қарашық, Шаға, Майдантал ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты. Алдағы уақытта Бабайқорған, Үшқайық, Жібек жолы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты мен аудандық емханаға қарасты Оранғай, Ескі Иқан ауылдық округ амбулаториясының ғимараты бейімделуі жоспарланған.

2023 жылдың 1 шілдесіне дейін 79 мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін пайдалануға өтініш білдіріп, инватакси қызметін пайдаланған.

2023 жылға облыстық бюджет-тен зейнеткерлерге «Ардагерлер» үйіне 160, «Мейір» ардагерлер үйі-не 160, жалпы 320 жолдама бөлін-ген. Оның ішінде: 2023 жылдың 1 қыркүйегіне «Ардагерлер» үйіне - 111, «Мейір» ардагерлер үйіне - 116 жолдамамен зейнеткерлер қамтыл-ды. Жалпы өтініш берген зейнет-керлер саны 2228 адам. Одан бөлек, жергілікті бюджеттен нақтылау барысында зейнеткерлерге санато-риялық курорттық ем қабылдау үшін (165 адамға 10 күнге) 27 миллион  теңге қаралды. Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік конкурс өткізі-ліп, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап зейнеткерлер кезектілік бойынша жолдамамен қамтамасыз етілетін болады.

Аудан бойынша 1 - аудандық емхана, 2 - бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 13 - дәрігерлік емхана (ВА), 13 - фельдшерлік–акушерлік бекет, 4 - медициналық бекеттер, 1 – арнайы мамандар бөлімі, 1 – жылжымалы медициналық кешен және 4 - жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасайды. Сонымен қатар 172 төсек орынға арналған күндізгі стационар қызмет көрсетуде.

Аудандық емхана, арнайы мамандар, атап айтқанда пульмонолог, инфекционист, дерматовенеролог, иммунолог, балалар кардиологы, балалар хирургі, травматолог, реабилитолог, онколог, сарапшы дәрігер, гастроэнтеролог мамандарымен және УДЗ 3 дәрігерлерімен толықтырылды.

Аудан орталығы Шорнақ елді мекенінен тәулігіне 500 адам қабылдайтын емхана ғимаратының құрылысына 8,9 га жер бөлініп жобалау-сметалық құжаттары рәсімделуде.

2023 жылға бекітілген жоспар бойынша типтік үлгіде жаңа ғимарат салыну жоспарланып, құжаттары рәсімделуде, Атап айтқанда: Шаға, Қызылжол, Ойық, Жалаңтөс, Құсшы ата елді мекендерінде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер