Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда

image.png

Облыс орталығына жақын орналасқан Сауран ауданының құрылғанына үш жылға таяп қалды. Осы аз уақыттың ішінде аудан халқының өмір сүру сапасы артып, ауыл-аймақтың бойына қан жүгіре бастады. Жаңа инновациялық жобалар жүзеге асырылып, қажетті кәсіпкерлік нысандар көптеп ашылуда. Сондай-ақ тұрғындарға ең қажетті коммуналдық қиындықтар артта қалуда. Көшелер асфальттанып, халық ауыз суға қол жетізіп, отбасылар көгілдір отынның игілігін көруда.  

Ауданда  жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, түйткілді мәселелер шешімін табуда. Соның ішінде, жол мәселесі де тұрақты назарда болып, әр жылы аудан орталығында және елді мекендерде көшелер жөндеуден өтуде. 

Бүгінгі таңда ауданның бет-бейнесі әрі орталығы болып саналатын әкімшілік іскерлік аумақта тас жол жаңартылды. Сауран ауданы әкімдігіне бағытталған жолға асфальт жол салынып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар Шыпан ауылы тұрғындарының көптен бері айтып жүрген өтініштері орындалып Ғасыр көшесіне асфальттау жұмыстары жүргізілді.

Ауыл азаматтары аудан және ауыл әкімдерінің кездесуінде Ғасыр көшесін асфальттау қажеттігі жөнінде мәселе көтерген болатын. Біз жолдың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, бюджеттік нақтылауға ұсынылып, 2,2 шақырым жерге жол жабындысы төселді дейді салаға жауапты мамандар. Айта кетейік, жеңімпаз мердігер «Жайлау Агро» ЖШС. 

Ал Жүйнек ауылдық округінен кесіп өтетін облыстық маңызы бар Түркістан Қарнақ тас жолы бойының А.Югнаки білім беретін мектебінің алдынан И.Усманова көшесінің қиылысына дейін 2016 жылы тратуар салынған болатын, алайда осы аралықта орналасқан 34 тұрғын үйлердің қақбалары алдына (137 метр) тратуар салынбаған еді. Осыған байланысты облыстық маңызы бар Түркістан Қарнақ тас жолы бойына жаяу жүргіншілер (тротуар) салу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы есебінен жоғарыда көрсетілген 34 тұрғын үйдің алдына қайта жаяу жүргіншілер (тротуар) жолы салынуда.

Және де  Иассы ауылдық округі Еңбекші Дихан ауылы Жаңа учаске аумағындағы көшелерге "Vek-Stroy-Com" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі конкурстан жеңімпаз болып, тас төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тағы айта кетерлігі Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «А.Югнаки», «Қазыбек би», «М.Мәметова», «Заңғар-М» атындағы жалпы білім беретін мектептерінің маңындағы жолдарға “Назар аударыңыз, балалар!” атты жол белгілері орнатылды.

Мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың көше мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын бекіту, өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақатына көлік жүргізушілерінің назарын аударуға бағытталған. 

Жүйнек ауылдық округі әкімінің аппараты жол белгілерінің жай-күйіне тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізіп тұрады. 

Мамандар көлік жүргізушілерге, ауыл азаматтарына жолда абай болуға және орнатылған белгілер мен заңмен бекітілген ережелерге қатаң бағынуға шақырады.

Оранғай ауылдық округінде орналасқан Құсшы ата елді мекені, Айтхожаев көшесінде құдықша қақпақшасы дұрыс орналаспауына байланысты көлік қозғалысына кедергі келтірген. Бұл мәсле жергілікті тұрғындар тарапынан көтеріліп, тиісті мекеме мамандарына хабар берілді. 

Нәтижесінде, асфальт жолдан 20 см биік қойылған құдықша қақпақтары ауыстырылып, түзету жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда көше бойында кедергілер алынып, көлік қозғалысы жүріп жатыр.

Ауданда жол мәселесі ғана емес жарық мәселесі де оңынан шешілуде. Айталық Бабайқорған елді мекенінде орналасқан тозығы жеткен ескі электр бағаналары көпшіліктің алаңдатушылықтарын туғызған. Тұрғындар тарапынан осы мәселе бойынша өтініш түсіп, тиісті мекемелермен жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС тарапынан ескі электр бағаналар ауыстырылды. 

Аталмыш жауапкершілігі шектеулі серіктестік Ақтөбе көшесі бойына бағаналар орнатып, толығымен жаңарту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда көше бойындағы электр бағаналарының ара қашықтығы 40 метрды құрайды, жарық толығымен іске қосылды дейді сала мамандары.

Ал Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елді мекені, Ж.Абдураимов көшесіне жарық шамдары орнатылды. Көше тұрғындарының өтінішімен талап-тілектері орындалып, басты назарда жасөспірімдермен оқушылардың қәуіпсіздігі екенін ауыл әкімі нақтылап айтып өтті. Ауыл тұрғындары талап-тілектерінің орындалғанына риза, осы игі істі бастап, орындалуын қамтамасыз еткен ауылдық округі әкіміне, ауылымыздың қауымдастық мүшелеріне және Сауран ауданың депутаты А.Маткәрімұлына алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ халықтың сұранысы бойынша, Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекеніндегі Аша көшесінде орналасқан бетон құбыры демеушілер есебінен ауыстырылған.

Ағаш егу – тазалықтың, жақсылықтың нышаны. Әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауы, көгалдандыру, абаттандыруы қажет. Бұл – баршаға ортақ іс. Ескі Иқан ауылдық округінде әкімшілік қызметкетлері ағаш егу бойынша игі іс-шараны қолға алды. Ескі Иқан ауылының орталық Шымкент көшесі бойына 800 түп қара тал көшеттерін егу ұйымдастырылуда.

Әкімдік қызметкерлері барлық ауыл турғындарын осындай көшелерде тал егуді ұйымдастыруға шақырады.

Сонымен қатар Түркістан қаласы бағытынан Ескі Иқан ауылына кiреберiс аумақтарында санитариялық тазалық жұмыстар жалғасуда, сондай ақ үлкен талдарды бұтау жұмыстары басталды. Және де жаңадан тал көшеттерді отырғызу үшін кiреберiс аймақтарында дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда.

Жүйнек ауылдық округінің күре тамыры облыстық маңызы бар Түркістан-Қарнақ автомобиль жолының бойында орналасқан тұрғын үйлердің алдында бей берекет жатқан қоқыс үйінділерін реттеу мақсатында тұрғын үй иелеріне санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп қоқыстарын алып тастау бойынша ескертулер беріліп, ескермеген азаматтарға айып пұл салынуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер