Балалар бақыт табатын мекен

image.png

Табиғатымен туристерді магнитше тартатын Төлеби ауданы балаларды да қызықтырмай қоймайды. Айталық балаларға арналған «Бәйшешек»  спорттық сауықтыру кешені де табиғатпен үндестік тапқан ғажап мекен. 

 Лагеръ Тянь-Шань тауының етегінде орын тепкен Біркөлік шатқалында теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Таудың саф ауасы, сөзбен сипаттап  жеткізе алмайтын керемет табиғат, қылқанның жұпар иісі, барлығы Швейцарияны еске түсіреді.  Кешеннің аумағы 7 гектарды құрайды. Балалардың қауіпсіздігі үшін барлығы талапқа сай қоршалған және күзетіледі. Медициналық пункт тәулік бойы жұмыс істейді.  Демалушыларға 5 мезгіл ыстық тамақ беріледі. 

 Балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін мұнда баскетбол, футбол, волейбол, теннис, ватерполо, бассейнде жүзу секілді спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар балалардың зейінін арттыру үшін шахмат, дойбы, викториналық ойындар секілді интеллектуалдық сайыстар да өтеді. Мұнымен қатар балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін сурет салудан, ән айту, би билеуден де конкурстар ұйымдастырылады. Ең бастысы балалар таза ауада серуендеп, өңірдің туристік нысандарына да экскурсия жасай алады. 

 Мұнда негізінен аудан көлемінен  300-ге жуық бала бір мезгілде дем ала алады.  Олар 12 топқа бөлінеді, әр топтың өз жетекшілері мен тәрбиешілері бар. Лагерь ұжымының басты мақсаты - сауықтыруға, білімге және балалардың көңілін көтеретін шараларға басымдық беру. Мұнда 30-ға жуық педагог балаларға бағыт-бағдар беріп, 10 күнде түрлі үйірмелермен қамтылуына жағдай жасауда. Жас өрендер жаңа дос тауып, демалыстарын өте көңілді өткізеді.

Аталған кешен  2009 және  2011 жылдары  «жылдың ең үздік лагері» деген номинацияны иемденгенін айта кетейік.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер