Лагерлердің дайындығын тексерді

image.png

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дұрыс пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу, тыныға жүріп, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Осы мақсатты ауданда бірнеше лагеръ балаларға қызмет көрсетеді.  Қазіргі таңда лагерлер балаларды қабылдауға сақадай сай тұр. Бұған жақында  Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев көз жеткізіп қайтқан болатын. Ол  ауданда орналасқан лагерлерді аралап, дайындық жұмыстарын тексерді. Атап айтсақ,  «Бәйшешек»,  «Жас туристер станциясының» және «Жаңғақ алқабы» («Ореховая роща»), «Тау гүлі», «Көк төбе» жекеменшік лагерлерінде болды.

«Білім ошақтарында жыл бойы сабақ оқыған балаларымыз жаз айларында лагерлерге демалуға барып жатады. Олардың бос уақытын тиімді өткізгені біз үшін аса маңызды. Сондықтан біз биыл әрбір балаға 60 мың теңгеден бөліп отырмыз. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процесі жүруде. Өткен жылы 30 мың теңге болған. Оның үстіне қала сыртындағы лагерлерде 60 мыңнан аса, ал мектеп жанындағы лагерлерде 106 мыңға жуық бала сауықтырылады деп күтілуде. Сегіз ауысым болады деп жоспарлап отырмыз. «Тау гүлі» мен «Жаңғақ алқабы» («Ореховая роща») лагерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Екеуі де ауысымына 250-300 бала қабылдауға әзір»,- деді Бейсенбай Дәулетұлы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қайнарбұлақта жаңа өндірістік парк салынуда
  • Сарыағаш вокзалы-- көлік логистикасының жаңа келбеті
  • Шағын өндірістік парктер – үлкен өнеркәсіптің негізі
  • Түркістан: Ауыз су жүйесін басқару жаңа моделге көшіріледі
  • «Катко» компаниясына --30 жыл
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер