«Робинзон» лагері қайта салынады

image.png

Түркістан облысында туристерге ұсынылатын негізгі 3 бағыт айқындалған. Атап айтқанда тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Тарихи-танымдық бағытта туристерді тартатын 1 780 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Оның ішінде халықаралық маңызы бар объект – 1, республикалық маңызы бар ескерткіш – 40, жергілікті маңызы бар ескерткіш – 403 және алдын ала тізімдегі нысандар – 1336. Экологиялық туризм бағыты бойынша облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи объектілер орналасқан. Олардың қатарында «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі, «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі бар. Экологиялық туризмді дамыту мақсатында 30 туристік маршрут құрылған. Ал емдік-сауықтыру туризмі бағытында 75 емдік-сауықтыру орны жұмыс істейді. Олардың нөмірлік қоры 12 622 төсек-орынды құрайды.

      Жоғарыда аталған  үш бағыт бойынша Төлеби ауданында  туристік нысандар жеткілікті. Қай аймақ, ауылына барсаң да тарихы сайрап тұратын ауданда тарихи мәдени ескерткіштер де, тау етегінде орналасқан өлке болғасын экологиялық туристік мекендер де және атақты саумалымен танылған емдік-сауықтыру кешендері де қызмет көрсетуде.   Сондай-ақ аудандағы балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерлерін де ерекше атап өткен жөн.  

Былтыр  Киелітас ауылында орналасқан аудандық «Оқушылар Үйіне» жөндеу жұмыстары  жүргізілген болатын. Нысан биыл қосымша 150 баланы қабылдауға дайын. Сондай-ақ,  Біркөлік шатқалындағы басқарма теңгеріміндегі «Робинзон» лагерінің бос тұрған 4,35 гектар жер теліміне жаңа лагер құрылысын жүргізу ұсынылған. Бұл дегеніміз  Төлеби ауданының керемет лагерлері  алдағы уақытта еліміздің және өңірдің түкпір-түкпіренен келген балаларды көбірек қабылдай алады деген сөз.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер