Жастар орталығы тың жобаларды қолға алды

Screenshot_3.png

Коронавирус індетіне байланысты шектеу шаралары кезінде түркістандық жастар тың жобаларды жүзеге асыруда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 «Жастар ресурстық орталығы» көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан жүзеге асыруда. Жастардың үздіксіз дамуын әрі бос уақытын тиімді пайдаланып, қашықтықтан оқуға дағды қалыптастыру мақсатында бірқатар жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «Жастар online» жобасы аясында видео-байқауы өткізілді.Қашықтықтан оқытатын «Қолжетімді ағылшын» жобасына 500-ге жуық жас, онлайн тіркеліп, ағылшын тілін ақысыз оқу курсы іске қосылды.

Облыстың талапкер жастары үшін арнайы электронды оқулық платформасы арқылы ақысыз «ҰБТ-ға дайындық бойынша шеберлік курсы» өтуде. Бұдан басқа, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Ақпараттық талдау орталығы» қызметкерлері, кәмелет жасқа толған волонтер жастар COVID-19 індетінің таралуына қарсы заласыздандыру жұмыстарына да атсалысуда. Түркістан облысы бойынша барлық аудан, қалаларда «Біргеміз»тұжырымдамасы негізінде 7 жалпы ұлттық жоба аясында «Саулық» және «Қамқор» жобаларын жүзеге асыра отырып, COVID-19 вирусынан алдын алу мақсатында 600-дей акция ұйымдастырылды. Жалпы 4035 ерікті көмек көрсетуде.

Халық көп шоғырланатын орындарда, балалар үйіне, блок посттарда, мектеп интернат сондай-ақ жекелеген қарттар мен әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға т.б. қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан сақтану шаралары түсіндіріліп, арнайы медициналық 60 655 дана қорғаныс бетперделері сондай-ақ, жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға 3282 азық-түлік себеті таратылды. Сондай-ақ, халық көп шоғырланатын орындарында халыққа 10 000-нан астам дана ақпараттандыру парақшалары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер