Шектеу шаралары күшейтілді

5e97c36a7a831.jpg

Түркістан облысы аумағында қосымша 25 дезинфекциялық өткелі орнатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Халық көп шоғырланатын жерлерде қойылған қорғаныс бекеттерін облыстың барлық аудан, қалаларында орнату көзделіп отыр. Қытай елінен шыққан қауіпті індетпен күресте Түркістан обылысының барлық аумақтарында шектеу шаралары күшейтілген. Жалпы, облыс бойынша жағдай тұрақты және сақтық шаралары қатаң бақылауда. Тапшылық болмас үшін бетперде шығаратын мекемелерге олардың санын арттырып, бағаның шарықтауына жол берілмеу керектігі ескертілген.

Тәртіпке бағынбағандарға шара қолданылуда. Атап айтар болсақ, Сайрам ауданындағы базарлар мен сауда орталықтарында бірқатар кемшіліктер анықталған. Бетпердесіз жүрген сатушылар мен бағаны негізсіз өсірген саудагерлерге ескерту беріліп, айыппұл салынды. Санитарлық талаптардың сақталуы мен азық-түлік бағаларының шектік бағадан аспауын тексерген аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктеді.

Облыс аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және алдын-алу шараларын күшейту бойынша құрылған жұмыс тобының отырысы жүйелі түрде өтуде. Барлық қорғаныс бекетінде қырағылық басты назарда. Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық медициналық дәрі-дәрмектер мен керек-жарақтар, арнайы киімдер жеткілікті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер