Қоғамдық көліктер әр айналым сайын залалсыздандырылады

unnamed.jpg


Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында коронавирус індетін алдын алу шаралары жүргізілуде. Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиевтің төрағалығымен өткен штаб мәжілісінде аудан аумағындағы базарлар, жеке медициналық орталықтар және банктерге тиесілі банкоматтарда қауіпсіздік шараларын күшейту және аудан аумағындағы жолаушы тасымалына арналған нысандарда төтенше жағдай режимінің сақталуы және жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерде қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері қаралды. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан Сарыағаш қаласында орналасқан «Алып» сауда орталығында орналасқан киім тігетін, ет сататын дүңгіршіктерде және асханаларда тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 476 бабының талаптары бұзылуына байланысты 3 хаттама толтырылып, әкімшілік сотпен тиісті шаралар қолданылған. Сонымен қатар, сауда орталығының қақпаларына қосымша қызметкер бекітіліп, сауда орталығына бетпердемен кіру режимін сақтау жөнінде ескерту жұмыстары жүргізілді.

Штаб отырысында аудан басшысы қауіпті дерттен сақтану мен алдын алу мақсатында жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерде қауіпсіздік шараларын қатаң түрде жүргізуді тапсырды. Бүгінгі таңда жолаушылар тасымалымен айналысатын «SAR avto» ЖШС-гі басшысына қоғамдық көліктерде әр айналым сайын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу туралы ескертті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер