Жетісайлық ұста жігіт атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көруде

Жетісай ауданы Атамекен ауыл округі Жемісті ауылының тұрғыны Ербол Исхақов 5 баланың әкесі. Бүгінде жары Гүлсінай екеуі ауылдағы бұрынғы ескі мектептегі жатаққананың екі бөлмесінде тұрып жатыр. 

f1499b48-048d-4d20-a31e-d2ea8247101a.jpg

Әйелі жұмыссыз яғни үй шаруасы мен бала күтімінде. 2010 жылы отау көтерген олар атаулы әлеуметтік көмек алмай жүргенде қатты қиналғандарын жасырмайды. 

«Тапқанымыз күнделікті шай пұлдан артылмайтын, былтырдан бастап үйімізге береке кірді» - дейді отағасы. Атаулы әлеуметтік көмектің арқасында 500 мың теңгеге жуық қаржы алып, өзінің армандап жүрген дәнекерлеу аппаратын барлық керек-жарағымен сатып алыпты. Бүгінде ол ауыл тұрғындарынан түрлі тапсырыс қабылдап, аула қақпасын, жиһаздарын жасаумен айналысады. Тіпті үй ішіне кәріз жүйелерін орнатып та табыс табады.

«Атаулы әлеуметтік көмектің арқасында өзім көптен бері қол жеткізе алмай жүрген құрал-саймандарымды сатып алдым. Қазір соның арқасында тұрмысымыз түзеліп, табысымыз арта бастады. Айына шамамен 100-150 мың теңге табамын. Мәселен, бір дарбазаны 150 мың теңгеге жасап берсем, кеткен шығыннан бөлек 50 мың теңгедей табыс қалады»,- дейді Ербол Исхақов.

Ерболдың ендігі арманы – үй ауласынан желімдеу цехын ашу. Ол үшін 1 млн теңге қажет екен. Жақында Ербол осы бизнес идеясын іске асырмақ ниетпен Жетісай аудандық кәсіпкерлік палатасына үш айлық оқуға барғанын айтады. Егер осы үш айлық оқуға қабылданып, мемлекеттен қаражат алып, іс бастасам, ауылдағы 3-4 жігітті жұмыспен қамтитын едім дейді. Сондай-ақ, ол ауылдан жер сатып алып, баспана тұрғызуды да жоспарлап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер